Коучинг Ба?алау критерийлері бар ба?алау пара?ы


Коучинг тақырыбы: Бағалау критерийлері бар бағалау парағы
Мақсаты: деңгейлік оқыту бағдарламасына кіріспе жасау, бағалау критерийлері бар бағалау парағын дайындап үйрету
Барысы:
І. Қызығушылық ояту
Психологиялық ахуал: шеңберге тұрып бүгінгі күнге тілек тілеу
Топтарға бөлу: қызыл, ақ, сары.
Таңдалатын сөздер: от, ерін, жүрек, қызанақ, лимон, күн, банан, май, қағаз, қар, қант, бор.
Миға шабуыл: - Мұғалімнің күнделікті жасайтын әрекетін атаңыз.
Бала мектептен үйге келгенде ата-ананың бірінші сұрағы қандай?
Ендеше біз бүгін бағалау туралы, нақты баға қою туралы әңгімелесеміз.
ІІ. Мағынаны тану
Деңгейлік бағдарламаға кіріспе ретінде «Әлем өзгереді – біз де өзгереміз» бейнежазбаның үзіндісі көрсетілді.
Әр топқа көбелек суретін салу тапсырмасы беріледі.
Суреттерді ауыстырып бағалату және неліктен ондай баға қойылғанын түсіндірту.
Көбелек суретін бағалау үшін бағалау критерийлерін жаздырып, әр топ тақтада түсіндіріп іледі.
Слайд бойынша рубрикатор, критерий, дескриптор терминдерін беріп, бағалау парағымен таныстыру.
Енді салынған көбелектің суретін таныстырылған бағалау парағы бойынша бағаланады. Алдыңғы және соңғы бағалар салыстырылып, осы критерийлері бар бағалау парағы не үшін керек қорытынды жасату.
Сын тұрғысынан ойлауға байланысты «10 сұрақ» ойынын ойнату
ІІІ. Ой толғау
Кері байланыс. Желкенді қайық: егер ұнаса желкен жасыл түсті, егер белгілі бір қиындық кездессе желкен сары түсті, егер қиын және түсініксіз болса қызыл түспен боя.