Видеоурок по начальных классов на тему Пай-пай, ?аза?ты? келіндері-ай!
Пай-пай, қазақтың келіндері-ай!
37410222839958 Березняковка ауылында наурыздың 16-шы жұлдызында «Пай-пай, қазақтың келіндері-ай!» атты сайыс өтті.Оған ауылымыздың мен деген келіндері қатысуға ниет білдірді.Бұл сайыстың өтілу барысында жанұядағы ата – ене, келін, қайын сіңлі, қайын арасындағы қарым - қатынасты нығайту және ұлттық салт – дәстүрімізге байланысты келіннің орнының ерекше екендігін, от басының ұйтқысы екендігін ұғындыру болды. Пай-пай, шіркін, келіндеріміздің дайындығы тамаша, нағыз сен тұр мен атайындар екен. Шеттерінен домбырамен ән салып, ән шырқап, көрермендерді орындарында билетіп жіберді, ал Тоғанасова Базаргүл келініміз болса тіпті өзбекше мың бұралып би де билеп берді.Көрермендеріміз қанаттанып, қолдап қолпаштап отырды.Ал жасаған дастархандарына келетін болсақ бірінен-бірі өтеді.
Келіндеріміз біріне-бірі сай бастарында орамал, бүрмелі көйлек инабатты да ибалы келіндер екенін барша халыққа паш етті.Онымен қоймай саусақтарынан бал тамған аспаз ғана емес сондай-ақ шебер де болып шықты ойған оюларын халыққа түсіндіріп оның қолданатын жерлеріне дейін көрсетіп берді.Өздерімен көрпе,қалта,қоржындарын т.б ала келіп көрермендерімізге көрсетіп насихаттап жатты.
Пай пай, шіркін, қазақтың келіндері,
Көл дария секілді пейілдері.
«Абысын тату болса ас көп» деген,
Мақалдың айтылуы тегін бе еді.
Деген өлең жолдары нағыз біздің келіндерге айтылғанба дерсің. Сайысымыздың аяғында әр сайыскерлеріміз дипломмен марапатталды.Бас жүлдені № 3-ші сайыскер Базаргүл келініміз иемденді ал бірінші орын екеу болды бұл жүлдені иемденгендер №1 және №2 сайыскерлер Жунусова Қарлығаш пен Қажғабиева Айнұр өзара бөлісті.Үшінші орынды да иемденгендер екеу болды олар №4 және №5 сайыскерлер Сламхан Гүлмайра мен Құрманғалиева Жұлдыз атты келіндер болды.Марапаттау бұнымен ғана аяқталмады әрбір сайыскерлеріміздің өз жанкүйерлеріде бар екен олар балалары бар сыныптардың сынып жетекшілері мен ата-аналары екен. Бұл кісілер өздерінің сыйлықтарын сайыскерлерге табыстап сайысымызға қатысқандары үшін және қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттап артынан еріп келе жатқан сіңілілеріне үлгі өнеге көрсеткендері үшін өз алғыстарын айтты.Осылайша ауылымызды бір дүр сілкіндірген «Келіндер» сайысы өз мәресіне жетіп халық үйлеріне бір шаттанып тарқасты.
Березняковка орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Кендебай Лесгүл