Музыка саба?ы ?нші балапан Дарынды балалармен ж?мыс 2-4 сынып


«Әнші балапан-2016» ән байқауы
Дарынды балалармен жұмыс
Музыка пән мұғалімі: Адильбекова Зауре Заетовна
Көкөзек ауылындағы орта мектеп
«Әнші балапан-2016» дарынды балалармен жұмыс
1 Армысың ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдерің жасыл бағы
Сендер үшін ән мен күй,өлең мен би
Сендер үшін мереке шашулары
Жұректерді толтырып ап тәтті арманға
Ән менен бір болыңыз шаттанғанда
Оқушылардың өнеріне зер салыңыз
Өнерлері сыналар шақта мына-
дей келе бүгінгі «Әнші балапан-2013» байқауын бастауға рұқсат етіңіздер.
Байқаудың негізгі мақсаты «Бұлақ көрсең көзін аш » демекші,өнерлі балапандарымыздың бойындағы өнерлерін жандандырып,одан әрі қанаттандыру,болашағын айқындау.
2 Байқаудың шарты:сайысқа 2,3,4,5сынып оқушылар арсындағы үміткерлеріміз қатысады.
Шын жүйріктер сыналады жарыста
Жарыстың ба,орта жолда қалыспа
Әділқазы бағалайды сіздерді
Жеңіс мәре жақын ба,әлде алыс па?-
дей келе бүлдіршіндерміздің өнерін саралайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1 Әділқазылар алқасының төрайымы-Манкеева Жәмилә Білісбековна
Мүшелері:
Кемелова Кенжегүл Ажиапхановна-мектебіміздің педагог ұйымдастырушысы
Семсерхан Бұлбұл –Көкөзек ауылындағы орта мектебінің мұғалімі
Бейсенова Жұлдыз Тұрғанбаевна-Көкөзек ауылындағы орта мектебінің мұғалімі
Бейсенбиева Айгул Тәңірбергеновна-директор тәрбие ісі жөніндегі орынбасар
-көрермен арасынан шыққан әділқазылар алқасы.
2 Сонымен сахнада кішкентай өнерпаздарымызға сәттілік тілеп келіп отырған 9 сынып оқушыларының поляк халық әні «Сұлу қыз»ды қабыл алыңыздар
.1 Қабыл алшы өнерлерін баланың
Тілектері орындалсын ананың
Кешегі өткен арамыздан жыр төгім
Ізгі жолын жалғастырар бабамның
2 Біз өнерсіз баламыз ба?!
Көрсін аға-апалар
Көрсін ата-анамыз да
Ырза болсын балалар-деп өнер аспанына қалықтауды армандайтын сайысқа қатысушы өнерпаздарға «Ақ жол!» тіейік,ағайын!
1 Аз болады жігітке жетпіс өнер
Өнерінін жігіттер көзге көрінер
Азаматтсың ертеңгі ел қорғайтын
Халқым саған тамсанды көріп өнер,-деп алғашқы
бүлдіршініміз Аббас Дулатты «Әліппе» әнімен ортаға шақырамыз.
2 Мен кішкетай әншімін
Таңғы мөлдір тамшымын
Гүл ернінен жаралған
Әндерім бар бал шырын-
«Ойыншықтар» әнімен Бақыт Аружанды ортаға шақырамыз.
1 Білді ол жақсы менен жамады
Өнерімен тамсандырған талайды
Ортамызға шақырайық
Тағы да бір балғынды «Ертегілер» әнімен сахнада Дәулетхан Гүлмира.
2 Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген
Күміс көмей жандарға
Кімдер басын имеген
Балғындардың өнерін
Тамашалап көрейік
Қол соғып бір желпініп
Әділ баға берейік сахнада « Гүл көбелек» әнімен Дүйсенғалиева Мадина
1 Ақыл,сана,берген білім тереңін
Алғысы көп мектебіне өріннің
Ұлағатты ұстаздарға сол үшін
Ұрпақтары көрсетеді өнерін.
Сахнада «Аяулы мектебім» әнімен Аманғазы Дильназ.
2 Мән берейік ақыл-ой асқарына
Аққу ұшып самғасын аспанымда
Аялы алақанын алмайтын
Салиқалы сана бер жастарыма
«Менің өлкем»әнімен Дәуітбай Жанеркенің өнерін тамашалаңыздар.
1 Бұл әнді айту керек жайлап қана
Өзінің нақышымен сайрап қана
Дариядан шалқып жатқан болмаса да
Бұлақтай көзі ашылған қайнап қана-деп Тұрсынбай Бекарыстың орындауында «Ақ бұлақ» әнімен
2 Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай
Сезім біткен серпілсін дамыл таппай
Дәл бүгін би билеймей,ән шырқамай
Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай
деген тілекпен сахна төріне Атаев Мерйді «Ақ көгершін» әнімен шақырамыз.
1 Шырағым ер жетерсің
Ер жетсең сірә не етерсің?
Алысқа шырқап кетерсің
Шындасаң шыңға жетерсің Кеңесова Мақпалдың орындауында «Бала тілегі» әні
2 Бүгін жайнап,жасарсын ана біткен
Асыр салып қуансын бала біткен
Жүректері жарылсын қуаныштан
Аялансын көңілі жақсы үмітпен-
Құрмаш Замираның орындауында «Аман болшы ,ағажан» әнімен.
1 Тамсандырып ән салған
Естіген жан тамсанған
Жүректерге жетсінші деп
Айту үшін жан салған-
деп Исмаилова Перизатты «Ағатаиым» әнімен ортаға шақырамыз.
2 Қазақта жоқ бір ауыз ән салмаған.
Қай қазақта әншісін қабылдаған
Жас бүлдірсін қосылып ән шырқаса
Жан барма қызығып тамсанбаған-
Аманғазы Көркемнің орындауында « Туған жер» әні
1 Ашық болсын әрқашанда аспаның
Жадырасын гүл көктемдей жас жаның
Өз өнерін көрсетуге келіп тұр
Оралсындай өнер сүйген қыздарың « Мен қазақтың қызымын » әнімен Қасымжан Аяжан ды қабыл алаңыздар.
2 Азат өлкем күндей күлген шығыстан
Асыл есім жан жүректі ұғысқан
Молшылықтың миллиардтың мекені
Тәуелсіз ел-Қазақстан гүлістан!
Майтанова Диляфруздың орындауында «Қазақстан» әні
1 Өнерінің өнері
Тағы да байқап көрейік
Мың бұралып билеген
Биге кезек берейік
Мектебіміздің «Қызғалдақ» би тобының орындауында Гавай биі «Хула»
2 Қазылар алқасының қорытындысы дайын болғанша мектебіміздің орта буын би тобының орындауында «сальсо» биін тамашалаңыздар
1 Мектебіміздің «Қызғалдақ» би тобының орындауында «Аққулар» биін қабыл алыңыздар.
2 Енді сөз кезегін қазылар алқасына береміз.
1 Жеңістер мен жеңілістер тұратын
Өмір-күрес жеткіземе мұратын
Жеңбедім жеңілдім деп ренжімедім
Қатысуда бір жеңіс жан болсың сен ұғатын
Демеңіздер біз өнерді таяп қалды.
Мезгілде біраз жерге таяп қалды
Сау болып тұрыңыздар кездескенше
Осымен байқауымыз аяқталды.