?уырша? театры ?аза?ты? ма?танышы


«Аққайың» ясли бақшасы
«Қазақтың мақтанышы»
(ата - аналармен жұмыс)

Дайындаған: Ахметова А.М.
2016 – 2017 оқы жылы
-Сәлеметсіздер ме, балалар?
-Балалар, бүгін ашық оқу қызметінде жаңа ертегімен танысамыз.
-Балалар, сендерге ертегі ұнайды ма? Сендер ертегі білесіңдер ма? -Ендеше сендерге жұмбақ жасырайын. 1.Үйін жинап ертеңмен, Мейіз тауып алыпты. Мысығы келмеген соң, Ол өкпелеп қалыпты. Бұл қай ертегі? 
Балалардың жауабы: «Мақта қыз бен мысық»2.Атай өзі салғаның, Көрді өсіп қалғанын. Ары тартты, бері тартты, Тарта алмады. Бұл қай ертегі? Балалардың жауабы: «Шалқан»
3.Апасыннан қашып кетті, Атасынан қашып кетті. Кездестіріп біраз аңды, Біраз жолдан асып кетті. Бұл қай ертегі? Балалардың жауабы: «Бауырсақ»
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Иә,балалар сендер көптеген ертегілер біледі екенсіңдер. -Ендігі қоятын сұрағым бүгінгі тыңдайтын ертегімізге байланысты.
-Балалар Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме? (Елтаңба, Ту, Әнұран)
-Біздің бас қаламыз қалай аталады? (Астана)
-Астанада қандай ғимараттарды білесіңдер? (Бәйтерек, Ханшатыр, Ақорда)
«Қазақтың мақтанышы»
Ата: Қанатжан, шаршасаң қымыз шіп, әлденіп ал.
Бала: Қазір, ата. Мына жерді жинап ала қояйын.(қалтасынан асық түсіп қалады)

(Жерде дастархан жаюлы: құрт, бауырсақ, домбыра,газет,қымыз)
Асық: Әй, құрт, бауырсақ тұрыңдар!
Бауырсақ: Не боп қалды тағы да?
Асық: Не болған бәріңе. Мен сендерді ойнайық деп ояттым.
Қымыз: Ой, сөйлейтін бауырсақ.
Құрт: қорықпа, менде сөйлей аламын.
Қымыз: Әй, есерсоқ ай, ойының қанбады ау сенің де!
Домбыра: Газетте не жазылыпты соны оқиық.
Асық: Қане, қане. Әй бауырсақ тұр былай газетті май қыласың.
Құрт: Қа- за- қстан ү- кі -ме -ті мем- ле- кет- тік тіл ту- ра- лы
Асық: Иә, мемлекеттік тіл туралы жаңа заң қабылдады. Келешекте барлық қазақстандықтар қазақша сөйлейтін болады.
Домбыра:Әрі қарай
Қымыз: Рас па?
Асық: Әрине рас
Құрт: Ас- та- на қаласы
Асық: -Әй құрт, сен ежелеп оқи алмай мыжып кеттің ғой. Әкел өзім оқиын. Ммм...мынау Абай жөнінде жазыпты. О...Қазақстан бренді. Қазақстан ММ,ә..
Домбыра: Әй, асық гезет не дейді?
Асық: Мәссаған, Қазақстан брендін қалыптастыру жөнінде айтылып жатыр.
Бауырсақ: Бренд деген не?
Құрт: Естімсем құлағым керең болсын.
Асық: Сабыр етіңдер! Сабыр! Менің түсінігім бойынша Қазақстанды қандай затымызбен немесе дүниемізбен әлемге таныта аламыз, міне, сол нәрсені бренд деп атайды екен.
Мыс: Мен Асық ұлттық ойынға жатамын. Мына қазақ даласынан шыққан барлық ұлы адамдар мен батырлар бала кезінде менімен ойнап қскен. Сол үшін мен бренд бола аламын.
Қымыз: Ал мен, қымыз адамға күш қуат беремін. Бренд болуға мен лайықтымын.
Құрт: Мені айтсаңшы, ешқашан ескірмеймін. Күшті азықпын. Брендке мен лайықпын.
Бауырсақ. Ал, жігіттер, енді ата - бабамыздан бастап осы күнге дейін дастархан төрінен түспеген бауырсақпен қалай таласасыңдар?
Домбыра: Босқа таласпайық, айта берсең нағыз қазақ домбыра деген. Бәрімізде мақтауға лайықпыз. Оданда төрелік сұрап біреуге жүгінейік.
Бауырсақ: Кімге жүгінеміз?
Құрт: Кім айтады?
Домбыра: Көпті көрген қария анау тұрған бәйтерекке барып ақыл сұрайық.
Құрт: Жүріңдер, кеттік, қане. (әуен ойналады, рэп жүреді)
Бидайлар өсіп жайқалып тұрады.
Бидай: Бауырсақты қараңдар! Тфай,өзі текті жерден шыққаны көрініп тұр. Өзі сүп сүйкімді екен.
Домбыра: Әне, бәйтерек!

Қымыз: Ұйықтап қалған ба, бәйтерек? Бәйтерек.Оятайық па? (бақбақ гүлімен үрлеп оятады)
Бәйтерек:Түшкіреді. (Құстар ұшып барады)
Барлығы хормен: Сау болыңыз, бәйтерек ата!
Бәйтерек: Рахмет, рахмет қарақтарым. Қазақтың игі жақсылары жиналып қалыпсыңдар ғой, ал айтып отырыңдар, құлағым сендерде.
Домбыра: Айтсақ алдыңызға ақиқат сұрап келдік, арамызда қайсымыз қазақ халқының мақтанышы болар брендке лайықтымыз соны айтыңызшы?
Асық: Иә, иә турасын кесіп айтыңыз біз ренжімейміз.
Бәйтерек: Әй,балаларым- ай мені қай бір билік айтар дейсіңдер? Негізі көп жасағаннан емес көпті көргеннен сұра деген бар ғой. Сонау көктегі қалықтап жүрген қыран досымнан сұрайық.
Әй, қыран естимісің?!
Қыран құс: Мен сендерді естіп те, көріп тұрмын, Бәйтерек. Ол үшін Астанаға барып жаңа заманның бәйтерегінен сұрау керек. Бұл сұрақтың жауабын сол ғана бере алады.
Домбыра: Олай болса сол бәйтерекке апаршы. (қыранның үстіне мінеді)
Құрт: Қандай керемет, жерде мен сияқты домалақ екен - ау!
Асық: Құрметті жолаушылар! Біз ұшып келе жатқан әуе қыран ұшағы астана қаласына жақындап келеді. Қонуға дайындалыңыздар! Қыран қалай, дұрыс айттым ба?
Қыран құс: Иә, Астанаға жақындап келеміз. Анау тұрған Ақорда
Асық: Менің білуімше, онда қазақтың тұңғыш президенті отырады. Бренд болуға олда лайықты тұлға. Ал анау Ақорданың төбесіндегі қыранның бейнесі емес пе?
Бауырсақ: Қыран, онда сенде брен болуға лайықтысың.
Қыран: Жоқ, мен Қазақстанның туында бейнеленгенмін. Маған сол құрметте жетеді. Қазір қонамыз.
Асық: Қандай алып!
Бауырсақ: Ассалаумағалейкум, Біз сізге жүгініп келдік!
Бәйтерек: Уағалейкумассалам! Өңшең қазақтың мықтылары жиналыпсыңдар ғой.
Асық: Біз өзара кім қазақтың бренді бола алады деп таласып жатырмыз. Көпті көрген бәйтерек сізге келдік. Төрелігін айтыңыз.
Бәйтерек: бұларың дұрыс болған екен. Бүгінде әлем таныған Қазақстанның Елордасы Астанаға қош келдіңіздер!
Ал енде қазақ брендіне кім лайық дегенге келсек, менің айтарым барлығыңда лаықтысыңдар. Ата- бабаларымыздың өмірін бүгінгі ұрпаққа жалғап отырған қасиеттеріңе мен басымды иіп құрметпен қараймын, сол үшін еліміздің мәртебесін көруге барлығымыз бірдей ат салысайық. Меенің төрелігім осы болсын.
Хормен: Алақай!
Құрт: Өте дұрыс шешім!
Асық: Қара қылды қақ жарды деген осы емес пе?
Хормен: «Қаражорға» әні
Қорытындылау:
Тәрбиеші: Қазақтың мақтанышы нелер екен?
Балалар: Құртымыз, қасиетті домбыра, қымыз, бауырмақ, асық. Өзіміздің салт- дәстүрімізді мақтан етіп ұлттық ойынымен таныта аламыз.
-Балалар бренд деген не?
Бренд өзінің еш нәрсеге ұқсамайтын құнды қасиеті бар дүние.
Мыс: Асық ойыны. Тек қана қазақтың ұлттық ойыны.
Қымыз: Тек қана қазақтың ұлттық тағамы.
Бауырсақ: Бұл да қазақтың ұлттық нан тағамы әрдайымда дастархан төрімізден түспеген.
Домбыра: Бұл қазақтың қасиетті ұлттық аспабы.
Құрт: Ұлттық сүт тағамы.
Ертегіні тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!
Тәрбиеші:
-Ал енді балалар «Қазақтың мақтанышы» ертегісінің рөлінде ойнағандар сендердің аналарың:
1. Ілес Балбала
2. Аңдамасова Альфия
3. Бижанова Жадыра
Аналарымызға алғыс білдіреміз!