Саба?ты? та?ырыбы: Деректі кино.


Сабақтың мақсаты: Деректі кино. 8 сынып.
Білімділік :Оқушыларға тақырып бойынша сөйлемдер құрып, өзара сөйлесе білуге үйрету, есімшенің септелуін қайталау;
Дамытушылық:Сөйлеу машықтарын қалыптастыру;
Тәрбиелік: Тетрда және кинотеатрда өздерін ұстай білуге, дұрыс қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі 
Сабақтың әдіс- тәсілі: әңгімелеу, сөйлемдер құрау, сұрақ- жауап, түсіндіру, оқыту Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.  Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу;
2.Тіл дамыту сұрақтары:- Бүгін айдың нешесі?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
II. Үй жұмысын тексеру:
-Театр және кино өнерінің тарихынан не білеміз?
- Етістің неше түрі бар?
III . Жаңа сабақ .
1.Жаңа сөздермен жұмыс./сөздермен-сөз тіркестер-сөйлемдер құрастыру/
Құндылық – ценность деректі кино – документальный кино шынайы - настоящее жоқтау – оплакивание умершего өлі – мертвый дерек – данные бейтаныс – незнакомый киношежіре – летопись кино
2. Мәтін б/ша жұмыс «Деректі кино.»
Деректі кино – шынайы өмірлік кино өнерінің бір түрі.  Деректі фильмнің негізі - өмірде болған шынайы оқиғалар. Деректі кино киношежіре және құжаттық кино болып бөлінеді. Киношежіре материалдары негізінде киножурналдар шығады. Қазақстандағы алғашқы деректі фильмдер 1920 жылы түсіріле бастады. 
Деректі кинотаспалар тарихи құндылығымен қымбат.
Мысалы: Арал қасіреті туралы режиссер С.Әзімәвтің "Жоқтау: өлі теңіз шежіресі" (1989 -1990 ) фильмі Болгария, Францияда өткен халықаралық фестивальдардың жүлдесін алды.  Семей полигонындағы ядролық жарылысқа қарсы "Невада -Семей" қозғалысы туралы "Полигон" фильмі бейнелейді. Бұл фильмді 1990, жылы режиссерлер В.Рерих, О.Рымжанов түсірген. Бұл фильм Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын (1992) алды.
20 ғасырдың 90-жылдарының 2-жартысында деректі бейнефильмдер түсіретін Қазақстан Президентінің Телерадио кешені, Гала-ТВ, "Хабар" телеагенттіктері, т.б. құрылды
3 тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
4 тапсырма. Сөйлемдерді жалғастырып жазыңдар.
Деректі кино – шынайы өмірлік кино  ... . Қазақстандағы алғашқы ... 1920 жылы түсіріле бастады.. Деректі ... тарихи құндылығымен қымбат .
5 тапсырма. Сөздермен сөз тіркестер, сөйлемдер құрастыру.
Документальное кино, хорошо развивалось, настоящее, исторические, призер фестиваля , событие,,премия.
6 тапсырма. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.
Қазақстандағы алғашқы деректі фильмдер 1920 жылы түсіріле бастады. 
7 тапсырма. Есімшені септеу. Алған/-,ның,ға,ды,да,нан,мен/
ІV. Бекіту.
-Бүгін сабақта қандай тақырып өттік?
-Қазақ ұлттық театры қашан ашылды?
V. Үй жұмысы: «Деректі кино. » диалог/жатқа/
VІ . Бағалау.

Сабақтың мақсаты: Театр және кино өнерінің тарихынан. 8 сынып. 18.11.15ж
Білімділік :Оқушыларға тақырып бойынша сөйлемдер құрып, өзара сөйлесе білуге үйрету, етістерді қайталау;
Дамытушылық:Сөйлеу машықтарын қалыптастыру;
Тәрбиелік: Тетрда және кинотеатрда өздерін ұстай білуге, дұрыс қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі 
Сабақтың әдіс- тәсілі: әңгімелеу, сөйлемдер құрау, сұрақ- жауап, түсіндіру, оқыту Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.  Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу;
2.Тіл дамыту сұрақтары:- Бүгін айдың нешесі?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
II. Үй жұмысын тексеру:
-Рассвет емдеу сауықтыру орны туралы не білеміз?
- Етістің неше түрі бар?
III . Жаңа сабақ .
1.Жаңа сөздермен жұмыс./сөздермен-сөз тіркестер-сөйлемдер құрастыру/
Ұйымдастырыла бастады – стал организовываться жасөспірімдер театры – театр юного зрителя дарынды – талантливый басқарды – возглавил сахна – сцена сазды – музыкальный
2. Мәтін б/ша жұмыс «Театр және кино өнерінің тарихынан.»
1926-1930 жылдары Алматыда, Ақмолада, Семейде,Петропавлда, Оралда, Қостанайда, басқа да қалаларда клубтар,халық театрлары ұйымдаса бастады. 1926 жылы қазақтың тұңғыш ұлттық театры ашылды.Театрды дарынды режиссер және артист Жұмат Шанин басқарды.
1933жылы Алматыда тұңғыш ұйғыр музыкалық драма театры, 1937 жылы Қылылордада корей театры ашылды.
1930 жылы Қазақстан кино өнерінің де негізі салынды. «Ленфильм» студиясы арқылы 1938 жылы «Амангелді» киносы жасалды.
Мұхтар Әуезов – қазақ драматургиясының негізін салушы.1926 жылдан Әуезовтің аты театрмен байланысты.Осы жылы театрдың шымылдығын Мұхтар Әуезовтің «Еңлік - Кебек» пьесасы ашты. М. Әуезов «Әр халықтың өз театры болуы керек!» деген.
3 тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
4 тапсырма. Көп нүктенің орнына оң жақ бағанадағы етістіктерді жазыңдар.
1. Түстен кейін бәріміз киноға ... кездесейік
2. Сен Талғатқа айт,Берік те киноға ... тапсырыңдар
3.Онда сағат алтыда театрдың алдында ... барайық
4. Мектепте драма үйірмесін ... келсін
5. Назгүл мен Әсел ,театрға акция ... барайын
6.Бұл қойылымға мен де ... ұйымдастырсақ
7. «Көшпенділер»киносын ... отырғым келеді
8. Театрға жақындау қатарда ... көргім келеді
5 тапсырма. Сөздермен сөз тіркестер, сөйлемдер құрастыру.
Ашылды, өнер,сахна,театр, қайраткер, есімі, берілді, дарынды, басқарды.
6 тапсырма. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.
Осы жылы театрдың шымылдығын Мұхтар Әуезовтің «Еңлік - Кебек» пьесасы ашты.
Есімше — етістіктерше де, есімдерше де түрленетін және солардың қызметін атқара алатын етістіктің бір түрі.
Причастие — самостоятельная часть речи, которая обозначает признак предмета по действию, объединяет в себе свойства прилагательного и глагола