My T-shirt is yellow. Yy
Мақтарал ауданы №11 М.Байзақов
атындағы жалпы орта мектебінің
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі:
Оспанова Д.Ұстаз аты –биік, әрі мәңгілік
Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Осы ұлы ұғымның негізін қалау мақсатында өз тәжірибеме өзгерістер еңгізуді мақсат етіп курсқа келдім. Ағылшын тілі мамандарын бір сұрақ мазалайды. Ол: Ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолдану керек? Осыған орай үйренген әдіс-тәсілдерімді іс жүзінде пайдаланып, әріптестеріммен де бөлісіп, білімге ықпалымды тигіздім.
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Білім беру саласында түрлі технологиялар, түрлі теориялар енізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдануды қолға аламын. Алдағы жоспарым курстан алған білімімді мектепке келіп, жаңа бағдарламаның іргетасын қалаушы тұлға ретінде сындарлы оқыту теориясы бойынша жұмыс жүргізу. Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге өз үлесімді қосуға әрекет жасаймын.
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
Біз ұстаздар «мектептің жүрегі» болумен қатар, Қазақстанның ұрпағын жаңа білім нәрімен сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін білімді де білікті ұстаз болайық!