Квадрат те?сіздікті парабола ?дісімен шешу саба? жоспары


Бекітемін: Келісемін: Әдістеме бірлестігі
Мектеп директоры Оқу ісінің меңгерушісі отырысында қаралды:
ӘБ жетекшісі :
________________ ____________ _________________
« » _________ ж. « » ___________ ж. « » _________ ж.


Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңсіздікті парабола әдісімен шешу
Пәні: Алгебра

Сынып: VIII
Мұғалім: Оразбаева С
Мектеп: №27 Дихан о.м.
2014-15оқу жылы
Күні:10.03.15ж
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңсіздіктерді парабола әдісімен шешу
Сабақтың мақсаты: Квадрат теңсіздіктерді парабола әдісімен шешуді игерете отырып, өздігімен білім алуын қалыптастыру.
Сабақтың міндеті: 1. Квадрат теңсіздіктерді парабола әдісімен шешуді білу;
2. Қасиеттерін, есепттер шығаруда қолданудыға дағдыландыру
3. Топпен жұмыс істеу, өз ойларын еркін жеткізе білу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Білімді бекіту
Сабақтың әдіс-тәсілдері:Топтастыру, «Графиктерді сөйлету», «Қарлы кесек»стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, қима қағаздар,стикер,маркерлер,смайликтер,плакаттар.
Күтілетін нәтиже: 1.Квадрат теңсіздіктерді парабола әдісімен шешуді біледі;
2. Қасиеттерін есептер шығаруда қолданады;
3. Топпен жұмыс жасауда өзіндік ойды бөлісе біледі.
Сабақтың жоспары:
Кезең Сабақ бөлімдері Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті Қолданған әдіс- тәсілдер
Білім
4 мин Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық 1.Оқушылардың көңіл-күйін сұрау.
Шаттық шеңбері.
«Жылы лебіз»тілектер.
2. Таратылған стикер түстері бойынша топқа бөлу:
1-топ. Қызыл түс
2-топ. Жасыл түс
Түстердің бірігіп 1, 2- топтарға отыратындарын айтамын Мұғалімнің сұрағына жауап қайтарады
Таратылған стикер түстері бірігіп топтарға отырады Топқа бөлу
Түсіну
10 мин Сабақтың мақсатын талдау қызығушылығын ояту Ой қозғау.Тақырып-
ты ашу мақсатында: квадрат теңдеу формулаларынның теңдік орнына теңсіздік белгілерімен ауыстырып, квадрат теңсіздік шығару. графиктерінің аттарын айтқызып барып, тақырыпты ашу.
Сұрақ: Әр топқа кесте беріледі. Әр топ парабола әдісінің шешу жолдарын басқа топтарға постер арқылы баяндап береді Суреттерге қарап бүгінгі сабақтың тақырыбын айтады.
Мұғалім сұрағына жауап қайтарады.
Кестені оқып талқылайды, постерге парабола графиктерін кескіндеп, өз ойларын қорғайды.
Мысалмен дәлелдеу.
Ой қозғау
Топтық жұмыс
Постер қорғау
Қолдану
12 мин Білімді бекіту
1.қызығушылығын ояту
2. ой қозғау
3. мағынаны ажырату
Мақсат қою Оқулықпен жұмыс жасау.№284,№285-есептерді екі топ жеке-жеке, №286-шы есепті екітопта шығару. Әр топ өз тобының номеріне
\сәйкес есептерін
шығарып, әр топтан
бір оқушыдан
тақтаға шығарып
және әр топқа бір
елшіден жіберіп
есептерін қорғайды. Тақтамен жұмыс,
Дәптермен жұмыс.
Есепті шығарып,оны топтарға түсіндіреді Жеке жұмыс
Топтық жұмыс
«Қарлы кесек» стратегиясы
Талдау
5 мин Сабақты бекіту Парабола кескіндері арқылы, оның шешімдер аралығын және бірінші коэффициенттің,дискриминант мәнін анықтау Тапсырмаларды орындайды. топтық жұмыс
топтық жұмыс
«Графиктерді сөйлету»
Сергіту сәті
Жинақтау
8мин Қорыту Дискрипторлық бағалау.Оқушылар
сұрақтарға жауап жаза отырып,
сабақты меңгерге-
нін анықтау Жеке жұмыс
Өзін- өзі бағалайды
Жеке жұмыс
Сұрақтарына жауап беру арқылы өз білімдерін қорытады
Бағалау
2 мин 1.Сабақ барысында оқушы көзқарасы
2.Өзара бағалау Бүгінгі сабақта өзін-өзі бағалайтындарын айтамын. Өзін өзі бағалайды.
Смайликтер арқылы бағалайды
Үй тапсырмасын, түсіндіріп беру (4мин) №287,№288
Әр топ өзінің тұсына шешімдер арлығын жазады, постерге өз ойларын жазып,қорғайды.
Теңсіздіктер / D=b2- 4ac D>0 D<0 D=0 Топ
ax2+bx+c>0
a>0 І
ax2+bx+c>0
a<0 ax2+bx+c<0
a>0 ІІ
ax2+bx+c<0
a<0 Сұрақтарға толық жауап жаза отырып, сабақты меңгерген меңгермегенін анықтау.
№ Дискрипторлар Білемін Білгім келеді
1 Квадрат теңдеу, және оның түрлері 2 Квадраттық функцияның графигін 3 Квадрат теңсіздік деген не? 4 Оның шешу жолдары 5 Квадрат теңсіздікті шешу кезіндегі қолданылатын ұғымдарды атаңдар 6 Квадрат теңсіздікті парабола әдісімен шешу жолдарын 7 Квадрат теңсіздікті парабола әдісімен шығарудың мағынасы неде? 8 Функцияның анықталу облысы 9 х – тің кез келген мәнінде квадрат үшмүшесінің оң және теріс мәндерін анықтауды 10 Квадраттық функцияның графигі арқылы оның шешімдер аралығын және бірінші коэффициенттін анықтау ax2+bx+c ≤ 0
ax2+bx ≤ 0
ax2+c ≤ 0
ax2 ≤ 0
< >

≤ ≥
Қайталау сұрақтары:
Квадрат теңдеу дегеніміз не?
Квадрат теңдеу түрлерін атаңдар?
Квадрат үшмүше дегеніміз не?
Квадраттық функция дегеніміз не?
Квадрат теңдеу,үшмүшедегі а,в,с деген қандай сандар?
Қай коэффициенттін мәніне байланысты квадраттық функцияның мәні өзгереді?
n,m мәндеріне байланысты графиктер қалай өзгереді?
Квадрат теңсіздік дегеніміз не?
Квадрат теңсіздіктің қанша шешу жолдары бар?