Математика п?ні бойынша саба?тй? та?ырыбы: Формулаларды пайдаланып, квадрат те?деуді шешуге есеп шы?ару.


Ю.А.Гагарин атындағы №4 орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: Формулаларды пайдаланып квадрат теңдеуді шешуге
есептер шығару.
Сыныбы:8”a”
Пән мұғалімі:Ахметова К.
2014-2015 оқу жылы
Тақырыбы: Формулаларды пайдаланып, квадрат теңдеуді шешуге есеп шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: квадрат теңдеулерді шешуге және оны әртурлі есептерге қолдана білуге, формулаларды.
Дамытушылық: ой-өрісін, теңдеу құра білу қабілетін, бейімділігін дамыту.
Тәрбиелік: ұжымдылыққа, ынтымастыққа, жолдастық, қарым-қатынасқа баулу, қазақ халқының ұлттық ойындары арқылы ұлттық тәрбие беру.
Сабақтың турі: жарыс сабақ.
Сабақтың типі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: есептер шығару.
Сабақтың көрнектілігі: интерактивті тақта, электрондық оқулық, магниттік тақта, ұлттық ойындар буклеті.
Пәнаралық байланыс: геометрия, физика, информатика.
Сабақтың жоспары:
Ақсерек-көксерек ойыны (сұрақ-жауап)
Бұрыш ойыны (логикалық есеп)
Бәйге ойыны (есеп шығару)
Ақсүйек ойыны
Қазақша күрес (қиынырақ есептер)
Көрші-көрші ойыны (үй тапсырмасы)
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Есептер шығару.
Қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма.
Оқушылардың сабаққа дайындығын ұйымдастыру. Сынып “квадрат” және “Теңдеу” болып 2 топқа бөлініп жарысамыз деп түсіндіру.
Есептер шығару.
а) Аксерек – көксерек ойыны.
Әр топ бір-біріне сұрақтар койып, жауап алуы
ә) “Бұрыш” ойынын (логикалық есеп)
7х²+3х+1=0 1. 5х²+2х+2=0
731 522
5х²+9х+6=0 2)7х²+6х+1=0
12х=-4х² 3) 13х=-7х²
3х²=7 4) 4х²=-9
3) б) Бәйтерек ойыны (Есептер шығару)
1. 2х²+5х-3=0 1.6х²+13х+5=0
2.6х²+х+3=0 2.х²+2х+5=0
3.2х²+5х+2=0 3.3х²-5х+2=0
4.y²-8y=0 4.х²-9х=0
4) Ақсуйек ойыны (теңдеуді қүрып жазу) тығып қойған сүйекті тығып қойған теңдеуді табу.
1) а=5 в=-3 с=2 1) а=3 в=-5 с=-3
2) а=4 в=5 с=-8 2) а=6 в=7 с=-9
3) а=8 в=-3 с=0 3) а=3 в=0 с=-7
5) Қиын есептер.
Ұзындығы 64м шеңбер бойымен біріне-бірі кері қозғалған екі дене әрбір 4 сек сайын кездеседі. Бір бағытта қозғалған жағдайда бірінші дене екіншісінен әрбір 32 сек сайын қуып жетеді. Осы денелердің сызықтық жылдамдықтарын табу.
Шешуі:
Дене Х
ху деп дене жылдамдықтарын белгілейміз.
Дене У
t=SV =>644=x+y64x-y=32=>x+y=16x-y=2=>x=16-y16-y-y=22y=14y=14÷2y=7x=16-7x=9 Жауабы: 7м/с 9м/с
2) Автомобиль әр минут сайын велосипедшіге қарағанда 1500 м артық журеді, сондықтан ұзындығы 50км жолға 4,5 сағ.км уақыт жібереді. Олардың әрқайсысының жылдамдықтарын тап.
Шешуі
Автомобиль жылд – Х км/сағ
1 сағ = 60мин
60·1500м = 90000м=90км/сағ
Велосипед (х-90) км/сағ
50х-90-50х=4,5
50х-50х+4500=4,5(х-90)
4500=4,5х²-405х
4,5х²-405х-4500=0
Д=405²-4·4,5·(-4500)=164025+810000=245025=495²
X1=405-4952*4.5=-909=-10X2=405+4959=9009=100км\сағ3)»Көрші-көрші» ойыны (үйге берілген тапсырма). Ақпараттық технологияның барлық салаларға енуі оқушылардың жан-жақты білім алуына жағдай қосады. Сондықтан, логикалық және ақпараттық ойлау қабілетін дамыту мақсатында, өз бетінше ізденуге үйрену үшін берілген тапсырма.
№226. Шешуі x- ( x5-3)²=1
X- x²25+6x5-9-1=0
x²25-x-6x5+10=0
x²-25x-30x+250=0
x²-55x+250=0
D=3025-1000=2025=45²
X1=55+452=50X2=55-452=5

Оқушылар квадрат теңдеуді тек қана алгебрада емес, физика, геометрия, информатика сабақтарында қолданамыз екен. Сонымен біз не білдік?
1.Квадрат теңдеулер екіге бөлінеді
2.Толымсыз квадрат теңдеудің 3 түрі болады.
3.Толық квадрат теңдеуді шешу үшін D. Табу керек
4.Квадрат теңдеу түбірінің формулаларын пайдаланып әртүрлі деңгейде шешу.
Екі команда жеңісі.