Ашы? саба? Графикалы? а?паратты ??деу (бейнелерді ??деу, трансформациялау). Баспа?а дайындау, баспа?а шы?ару.
Сабақтың тақырыбы: Графикалық ақпаратты өңдеу (бейнелерді өңдеу, трансформациялау). Баспаға дайындау, баспаға шығару.Сабақтың мақсаты: Кескіндерді өңдеу тәсілдерін қолдану
Күтілетін нәтиже:
Графикалық кескін типін ажырата алады;
Кескін кірістіре алады;
Кескіннің өлшемін өзгерте алады;
Кескінді өңдеу түрлерін қолдана алады;
Кескінді экспорттай алады;
Кескіндер слайд-шоуын көрсете алады;
Кескінді баспаға шығара алады.
Сабақтың түрі: түсіндірмелі, практикалық.
Аппараттық және программалық қамтамасыз ету: ДК, интерактивті тақта, Inkscape, Gimp программалары.
Жаңа сабақты бастау үшін түрткі сұрақтар қоюға болады:
Графикалық кескіндердің қандай типтері бар екенін білесіңдер?
Олардың айырмашылықтары неде деп ойлайсыңдар?
Импорт, экспорт сөздерінің мағынасын түсіндіре аласыңдар ма?
Жаңа сабақ:
Миға шабуыл: Айырмашылығы неде?
Оқушылардың графикалық кескінмен жұмыс жасау программаларын таңдауға мүмкіндік беру (Inkscape, Gimp программалары).
Мұғалімнің шебер сыныбы: Көрсетілетін жұмыс түрлері:
Кескінді импорттау; Өлшемін өзгерту; Өңдеу түрлерінің бірнешеуін көрсету; Өңделген кескіндерді экспорттау; Кескіндер слайд-шоуын қарау.
Өзіндік жұмыс: Кез-келген кескін алып, оған 10 түрлі өңдеу түрін қолдану. Экспорттау.
Көрме аралау: Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын тамашалау.
Бағалау: Оқушыларға сыныптастарын бағалауға мүмкіндік беру.
Сыныпқа сұрақ қоюға болады: Осы дайындаған суреттерді қалай қағаз бетіне басып шығаруға болады? (оқушылар бұрынғы білімдеріне сүйеніп жауап бере алады)
Үйге тапсырма: Өткенді қайталау. Қорытынды тестке дайындалу