Екі айнымалысы бар те?деулер ж?йесін шешу есептер шы?ару


Сыныбы: 6
Тақырыбы: Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешу есептер шығару
Мақсаты:
білімділік: Өткен сабақтағы мағлұматтарды қайталау арқылы оқушылардың
білімділігін арттырып, тақырып бойынша түсініктерін байыту;
дамытушылық:Оқушылардың сабақ барысында ой-өрісі мен ойлау қабілетін
есептер шығару арқылы дамыту;
тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа,
тазайындыққа тәрбиелеу;
Түрі: пән аралық-сабақ
Типі: практикалық сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: диалог; топтық және жұптық жұмыс; жеке жұмыс
Көрнекілігі: слайд, планшеттер, светофорлық тор,
Барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгелдеп, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
№1500 есептің дұрыс шығарылуын қадағалау, өткен сабақтағы өтілген мағлұматтарды пысықтау сұрақтары арқылы қайталау, бағалау барысында ескеру.
ІІІ. Барысы.
Оқушыларды 3 топқа бөліп деңгейлеріне сәйкес тапсырмаларды бөліп беру. 3 топтың да кезеңнен өту тапсырмалары түсіндіріледі.
І – кезең. Теориялық білімді қайталау
Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу үшін:Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешу үшін:
Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін график тәсілімен шешу үшін:
ІІ – кезең. Жеке жұмыс
Теңдеулер жүйесін шешіңдер
Жауабы: (-3;-4)
Әр кезең сайынғы кейін есептің дұрыстығына және қатесіздігіне қарай өздерін өздері бағалайды
ІІ-кезең. Жұптық жұмыс
І жұп

ІІ жұп
ІІІ жұп
Жауаптары
І жұп
(10;12)
ІІ жұп (6;10)
ІІІ жұп (6;8)
Сергіту сәті: «Қаражорға» жаттығуын жасау
ІІІ – кезең. Топтық жұмыс
І топ
Теңдеулер жүйесін шешіп, Қостанай обылысында орналасқан Наурызым қорығы туралы мағлұмат аласындар және толықтырасыздар.
х-тің мәні Наурызым қорығындағы сүтқоректілер түрін;
у- тің мәні Наурызым қорығындығы бауырмен жорғалаушылардың түрін береді.
ІІ топ Теңдеулер жүйесін шешіп, үкі туралы мағлұмат аласындар және толықтырасыздар.
х-тің мәні ең кіші үкінің биіктігі;
у- тің мәні ең үлкен үкінің биіктігі.
ІІІ топ Теңдеулер жүйесін шешіп, болған оқиға туралы мағлұмат аласындар және толықтырасыздар.

х-тің мәні болған оқиғаның жылы;
у- тің мәні болған оқиғаның күні(сәуір).
Сабақты қорытындылау:
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі деп нені айтады?
Теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері болатын түзулер қиылысса, осы теңдеулер жүйесінің неше шешімі болады?
Сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешкенде, қандай жағдайда жүйенің шешімі болмайды? Шексіз көп шешімі қандай жағдайда болады?
Айнымалылардың сәйкес коэффициенттері өзара тең болса, теңдеулер жүйесі қалай қалай шешіледі?
Бағалау.формативті бағалау Топ мүшесі бағалау критерий лері бойынша пікірін білдіреді1. Белсенділік танытулары2. Өз ойларын жеткізе білуі, сұрақтарға толық жауап беруі3. Тақырып бойынша ең негізгіні түсініп, ажырата білуі, есепті дұрыс шығаруы4. Барлық топтар бойынша тәртіп, сыйластық, ұйымшылдықтың болуы. Балалардың мына критерийлер бойынша өздерін бағалауы 1. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау2. Көшбасшылықты анықтауРефлексия. Сабақ туралы өз ойларын білдіру• Нені үйрендім?• Не ұнады?• Неліктен ұнады?• Нені білгім келеді? Кері байланыс орнату
Кері қайту