Затты? атын білдіретін с?здер.«Сауыс?ан мен к?кек» ертегісі.
Пайзова Фарида Конырбаевна. 16-май.1970 ж.
Сабақтың тақырыбы : Заттың атын білдіретін сөздер.«Сауысқан мен көкек» ертегісі.
Сабақтың мақсаты : Оқушылардың заттың атын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейту; Жыл мезгілі және ондағы өзгеріс туралы білім беру;Ертегі мазмұнын ұғындыру.
Танымдық белсенділігін,ойлау әрекетін дамыту,өздігінен жұмыс істеу арқылы қорытынды шығара білуге машықтандыру.
Экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру. Табиғатты аялауға,құстарды қорғауға,жалқаулықтан қашық болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі : түсіндіру,сұрақ-жауап,ой қозғау.
Пәнаралық байланыс : Дүние тану.
Көрнекілік : Саяхат сабақтың сызбасы,қима қағаздар,суреттер,үй,ұя макеттері.
Техникалық құрал : Интерактивті тақта.
Сабақтың барысы : І . Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
І.Жансүгіров. «Жазғытұрым».
ІІІ . Жаңа сабақ.
Саяхат сабақтың жоспарымен таныстыру.
-Балалар,біз бүгін теңіздің ар жағындағы «Білім» еліне саяхатқа шығамыз.Ол жаққа кемемен барамыз.Теңізде бізге көптеген теңіз жануарлары кездеседі.Олардың айтқан тапсырмаларын бұлжытпай орындасақ,біз «Білім» еліне жетеміз.
Оқушыларды топқа бөлу
1-топ: «Дауысты дыбыстар»; 2-топ: «Дауыссыз дыбыстар»
-Олай болса,кемеге отырайық.
Хормен : Мектеп –кеме,білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Тәлім-тәрбие,білім қолда.
1-аялдама: «Аққу» аялдамасы. Оқулықпен жұмыс. «Сауысқан мен көкек»ертегісін оқып,мазмұнын ұғыну.
2-аялдама: «Балық» аялдамасы.
-Құстар өздеріне ұя жасап алса,адамдар да өздеріне шақтап үй салып алады.
Үй құрастыру жұмысы. (сұрақ-жауап)
-Адамдарға қандай сұрақ қойылады? Мысал келтір.
-Заттар мен жануарларға қандай сұрақ қойылады? Мысал келтір.
-Құстар туралы тақпақ айт.
-Оқулықтағы жұмбақты шеш.
Қайталап атымды Кез келген ұяға
Ән салып аламын. Жұмыртқа саламын. (Көкек)
-Қандай құстарды білесің?
3-аялдама: «Үйрек» аялдамасы. Дәптермен жұмыс.87-жаттығу.Сөйлемдердің ішінен кім?сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазу.
Айжан,Мұрат,Серік,Мақсұт.
4-аялдама: «Дельфин» аялдамасы. «Топтай біл» ойыны.
Қима қағазбен жұмыс. Кісі аттарын киіз үйге салу,құс аттарын ұяға салу.
5-аялдама : «Теңіз тасбақасы» аялдамасы. «Сөйлем қуаласпақ» ойыны.
1-топ : «Көктем»тақырыбы ; 2-топ : «Құстар» тақырыбы.
6-аялдама: «Бақа» аялдамасы. Ертегіні сахналау.
«Құстар» сөзіне ассосиация құру.
ІV.Оқушыларды бағалау.
V .Үйге тапсырма. «Сауысқан мен көкек» ертегісі. 88-жаттығу.Алдымен не? сұрағына, соңынан кім? сұрағына жауап беретін сөздерді көшіріп жазу.
VI.Қорытынды.
Тәрбие сағаты.
Тақырыбы : Еңбектің наны тәтті.
Мақсаты : Оқушыларға адамды еңбек пен бақытқа жеткізетін еңбек туралы түсінік беру.Еңбекқорлық қасиетті бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік : Суреттер,қолөнер бұйымдары.
Барысы : І. Ұйымдастыру.
ІІ. 1.Еңбектің наны тәтті.
Адамды мақсат пен бақытқа жеткізетін қасиет-еңбекқорлық.Данышпан Абай «Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей»деген өсиет айтқан.
Адам еңбегі – тіршіліктің алтын діңгегі.Адам баласының еңбегі нәтижесінде қоғам дамып,өркениет өрістейді.
Әдебиеттік оқу. «Маңдай тер». Б.Досымов.
Хамит атасымен әңгімелескенді ұнатады.Балабек қария көп жыл бойы сушы болған.Қазір құрметті демалыста.Сонда да үйде отырғанын көрмейсің.Хамитті ертіп,үй жанындағы бақ ішіне жеміс егіп жүргені.Ешқашан шаршамайды.
-Ата, «маңдай тер» деген не?-деп сұрады бірде Хамит.
Атасы ойға шомды.Көзін бір нүктеге қадады.Әжімдері тереңдеді.Сонан соң Хамитті жетектеп,өзі көшет алып жүрген тоғайға келді.Қолына күрек ұстатты:
-Қане,екі-үш рет қазып ал!
Өзі шеткерірек барып,ағаш көлеңкесіне жайғасты.Хамит пора-пора болып терледі.Үйге келген соң да атасы жақ ашпады.
...Жылдар өтіп жатты.Көшеттер үлкен ағашқа айналы.Алма мен жүзім мол жеміс салды.Қоңыр күзде атасы Хамитті ертіп бақ ішіне келді.Қып-қызыл алманың біреуін үзіп қолына ұстатты.Сондай дәмді!..
-Маңдай тер деген осы,Хамитжан.Өзіңнің маңдай теріңнің жемісі!
Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді.Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады.
2.Еңбек туралы мақал-мәтелдер,нақыл сөздер.
Еңбек етсең – емерсің.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Еңбектің наны –тәтті,
Жалқаудың жаны – тәтті.
Еңбек – адамның екінші анасы.
Жалқаулық аздырады,
Еңбек оздырады.
Еңбек түбі – бейнет,
Бейнет түбі – зейнет.
Еңбек – қуаныш,
Жалқаулық – айырылмас азап. (А.Құнанбаев)
Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ. (Б.Момышұлы)
Еңбектің көзін тапқан,
Байлықтың өзін табады. (Ы.Жақаев)
ІІІ. Қорытынды.
Қазақ тілі . 2 – сынып. Ашық сабақ.
Сабақтың тақырыбы : Жұрнақ пен жалғау.
Сабақтың мақсаты : 1.Оқушылардың сөз және оның құрамы туралы түсініктерін қалыптастыру.Қосымшаның жұрнақ және жалғау болып бөлінетіні туралы алғаш түсінік беру.Қосымшалардың әр түрлі қызмет атқаратынын түрлі жаттығулар орындату арқылы меңгерту.
2.Ауызша және жазбаша тілдерін,шығармашылық қабілетін дамыту.
3.Салауатты өмір салтын сақтауға,еңбексүйгіштікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Жаңа білімді игеру.
Сабақтың әдісі : Түсіндіру,сұрақ-жауап,көрнекілік,«Топтастыру»,«Ой қозғау» стратегиялары.
Пәнаралық байланыс : Ана тілі, дүние тану.
Көрнекілік : Интерактивті тақта,кесте,қима қағаздар,ойын құралдары,ойыншықтар.
Сабақтың барысы : І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Түбір мен қосымша» тақырыбы бойынша білімдерін бақылау мақсатында сұрақтар беру. «Үй құрастыру» ойын-тапсырма.
Түбір дегеніміз не? Қосымша дегеніміз не? Қосымшаның атқаратын қызметі.«Қыстағы еңбек түрлері»,«Қыстық ойын түрлері» тақырыбына сөйлемдер құрау. «Қой» сөзіне қосымша қосып айт.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Жұрнақ пен жалғау. Кестемен жұмыс.
Қосымша жұрнақ,жалғау болып екіге бөлінеді.
Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз: жұмыс – жұмысшы,ойын-ойыншы.
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз : жұмыс – жұмыста,ойын-ойынға.
2.Оқулықпен жұмыс.
330-жаттығу.Қосымша жалғанған сөздерге сұрақ қою.Мағыналарының өзгерген,өзгермегенін байқау.
Бүркітші,бүркіттер,бүркітпен,бүркітті.
Суға,суды,сусын.
Тазалық,тазала.
331-жаттығу.Мақалды оқып,жатқа жазу.Жұрнақ жалғанған сөзді тауып,мағынасын түсіндіру.
Өнерлі жігіт өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
Сергіту сәті.
Айналамда ұшып жүр, Үстіме жалп-жалп жауады,
Ақ мамық қар себелеп. Ақ тауықтың жүніндей.
Қалт-құлт еткен бейне бір Жайнатады даланы
Ақ қанатты көбелек. Ақ жібектің түріндей.
332-жаттығу.Сөздерге жұрнақ жалғап оқу.Жұрнақ жалғанған сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.
Дос, іс, жұмыс.
333-жаттығу.Жұрнақ жалғанған сөздерді бір бөлек,жалғау жалғанған сөздерді бір бөлек топтап жазу.
Батырлық,ғалымның,іскер,көмірді,көлшік,әжем,биші,дәптері,бастық,бидайды.
ІV.Қорытынды.
Ойын : «Аққала жасау».
-Балалар,қыстағы ең қызық ойындардың бірі аққала жасау.Ол үшін қолымызға қолғап киюіміз керек.
Қолғаптың сыңарын табу: ән-ші,ұшақ-қа,бала-лар,жылқы-шы,үй-дің,өнер-паз.
Аққала құрастыру. Аққала бөлшектерімен жұмыс.
1-сұрақ: Жұрнақ дегеніміз не?
2-сұрақ : Жалғау дегеніміз не?
3-сұрақ: «Өз орныңды тап» ойыны. Түбір,жұрнақ,жалғаудың шартты белгісі бойынша оқушылар сөздерді сахналап көрсетеді.
Сөздер : Мүсіншілер,сауыншының,етікшіден,кітап,саяхатқа,саяхатшыларға,оқушылар,оқушы,оқу,жылқышылар,ағаштар.
V.Оқушыларды бағалау.
VІ.Үйге тапсырма.
334-жаттығу. Төрт түлік тақырыбына пайымдау мәтінін құрау.
Пайзова Фарида
Арал ауданы,
№ 61 орта мектеп.