Саба?ты? та?ырыбы: ?айталау. Есеп шарты бойынша те?деу ??ру ж?не оны шешу.


Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Есеп шарты бойынша теңдеу құру және оны шешу.
Сабақтың мақсаты: Суретке қарап есеп құрастыру ең тиімді тәсілмен
орындау, есептердің шартын , сұрағын ,шешуін және жауабын салыстыру. Есептердің мазмұны бойынша
теңдеулер құруды ,теңдеулерді шешуді үйрету.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар білімін, ой-өрісін,есте сақтау өаблеттерін
дамыту.
Шыншылдыққа , алғырлыққа, тәрбиелеу.
Көрнекілік: АКТ,суреттер , слайдттар, үлестірме қағаз, электронды оқулық.
Сабақтың барысы: Үйымдастыру кезеңі
І. Психалогиялық дайындық
Шаттық шеңбері
Осы біздер қандаймыз ?
Ақылдымыз ,парасаттымыз, көңілдіміз,
Үлкенге ізеттіміз?
Кішіге қамқормыз!
Өнерліміз
Жанып тұрған шырақпыз!
Елімізді өркендететін,
Бабаларға тағзым ететін,
Біз қазақ жерінің болашағымыз
Біздің ұранымыз: Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Балалар осы тұрған бойымызда үш топқа бөліну үшін үшке дейін санап шығайық .
-Әр топ өз араларынан топбасшы сайлайды.
Олай болса топ ережелерін айтыңдар.
1 ереже Нақты , тез жауап береміз
2 ереже Сабақта тапқырлығымызды, шапшаңдығымызды көрсетеміз.
Үйге берілген тапсырманы тексеріп шығайық

-Балалар біз өткен сабағымызда нені үйрендік ?,
- Сынық сызықтың ұзындығын табу
- Оны қалай табамыз ?
Ережесін кім айтады ?
« Ескіміз- жаңа болмайды
Есепсіз - дана болмайды » -дей келе миға шабуыл жасайық
М И Ғ А Ш А Б У Ы Л

1 қуыршақ 30 теңге тұрады . Осындай 3 қуыршақ неше теңге тұрады ?
1 жұмыртқа 4 минутта піседі, ал 2 жұмыртқа неше минутта піседі ?
3 қоянда неше аяқ бар ?
Аулада 5 үйрек ,
Қорада 5 үйрек
Бір үйрек тығылды
Қалғаны неше үйрек ? (5+5-1=9) жауабы : 9 үйрек
Миға шабуылға берілген тапсырманы қандай амалмен шығардыңдар ?
Қосу және азайту амалы туралы өткен сабақта нені білдік ?
Ондықтарға ондықтарды қосады, ондықтардан ондықтарды азайтады.
Олай болса ребусты шешейік .
Бллалар ребустың шешуін кім табады ?
Ребустың шешуі : Қайталау
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қайталау»
«Есеп шарты бойынша теңдеу құру және оны шығару»
О Қ У Л Ы Қ П Е Н Ж Ұ М Ы С
тапсырма Суретке қарап есеп құрастыр . Олар мына өрнектер бойынша шығарылатын болсын .

Нелердің суреті бар? Қанша дана ?
Суреттегі сандар қандай сандар?
Өрнектер қандай амалмен берілген ?
90-30 өрнегіне мәтін құрайық.
90 деген сан нені білдіреді ?
30саны нені білдіреді ?
90-30 өрнегінен нені білеміз?
Допты хоккей -90 дана
Шам - 30 дана
Шешуі : 90-30=60 Жауабы :60 дана
30+(20+50) өрнегі бойынша мәтін құрайық. Қоймадан 30дана шам, 20 дана
сөмке, ол тенис таяқшасынан 50 дана алды . Барлығы неше дана болды ?
Шам – 30 дана
Сөмке -20 дана
Тенис таяқшасы -50 дана
Барлығы -?
Шешуі : 30+(20+50) =100 Жауабы: 100 дана
Ал қалған екі өрнек те тура осылай шығырылады.
2-тапсырма.
Қосуды ең тиімді тәсілмен орында .
2+8=10 5+30=35 10+70=80
1+19 =10+(1+9)=20 40+(3+2)=45 30+(6+8)=44
С Е Р Г Т У С Ә Т І
Ойын : « Математикалық парашюттер»

Үш топтан бір-бір оқушыдан шығып тапсырманы дұрыс орындаған топ бірінші болады .
1 – топ 2-топ 3-топ
7+5-8=4 8+7-3=12 9+2-1=10
10+3-4=9 9+5-7=7 7+7-8=6
9+4-3=10 4+9-6=7 5+6-8=3
3-тапсырма

Есептердің шартын, сұрағын, шешуін және жауабын салыстыр . 3 топ 2 топ 3 топ
Болды –10 бала Болды-10 бала Болды -?
Кетті – 7 бала Кетті -? Кетті – 7 бала
Қалды - ? бала Қалды -3бала Қалды-3 бала
Шешуі :10-7=3 Шешуі :10-3=7 Шешуі :7+3=10
Жауабы : 3 бала Жауауы: 7 бала Жауабы : 10бала
Есептердің шарты бірдей ме ?
Сұрағы ше ?
Шешуі бірдей ме ?
Жауабы бірдей ме?
Мазмұны бірдей ме?
Екінші және үшінші есептердің мазмұны бойынша теңдеулер қүр және оларды шеш .
Теңдеу дегеніміз не?
-Теңдеу дегеніміз белгісіз саны бар теңдік .
Белгісіз санның мәні теңдеудің шешуі болады .
5- тапсырма
Математикалық диктант
Мына сандардың ондығы мен бірлігін ажыратып жаз .
29, 33, 90, 77, 45,68.
6- тапсырма . Ойын : « Терезе»
Үлестірме қағазда өрнек жазылған ,сол өрнектің белгісіз әйнекшелерге өрнектің дұрыс мәнін жазу. 2 мин уақыт .
Шығармашылық жұмыс
(11+5)-10=6 (11-5)-0=6
Кері байланыс
Бұл не ?
Қандай оқулық ?
Мынау күннің нұры , ол алған білімдерің .
Сабақ ұнады ма?
Сабақ ұнаса жауабымыз күнге нұр етіп жапсырамыз .
IV. Сабақты қорытындылау .
Бағалау.
Үйге тапсырма: 4- тапсырма 135 бет