Алгебра п?нінен саба? жоспары, та?ырыбы КВАДРАТТЫ? ТЕ?ДЕУ (8 СЫНЫП)
Пән: алгебра
Сынып: 8
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеу
Мақсаты – Квадрат теңдеу және толымсыз квадрат теңдеуді шеше білу.
а) Білімдік: Оқушыларға квадрат теңдеу анықтамасын, олардың түрлерін, шешу жолдарын білуге қалыптастыру. Есеп шығаруға машықтандыру.
ә) Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой өрісін кеңейту.
б) Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, тез ойлап, дәл таба білуге және сөйлеу мәнерін тәрбиелеу.
Сабақ түрі: топтық және жұптық жұмыс.
Сабақ типі: Практикалық сабақ.
Стратегиялар, әдіс-тәсілдер: Сергіту сәті «Шаттық шеңбері» жылы лебіздер арқылы.
Сабақ түрі: топтық және жұптық жұмыс.
Сабақ типі: Практикалық сабақ.
Стратегиялар, әдіс-тәсілдер: Сергіту сәті «Шаттық шеңбері» жылы лебіздер арқылы.
Топтастыру( математикалық фигуралар арқылы)
Сабақтың жоспары:
Психологиялық көңіл-күйді реттеу. Мақсаты: жағымды эмоция орнату.
Ұйымдастыру кезең: Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар және бүгінгі сабағымыздың көрермеңдері. Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру.
Мұғалім оқушыларға сәттілік тілейді:
Күннін шуағындай жылу тілеймін.
Қажымас қайрат тілеймін.
Таудай талап тілеймін.
Сәттілік тілеймін.
Топқа бөліну
Математикалық фигуралар арқылы
Мақсаты: серіктестік қарым-қатынас жасауға ыңғайлы орта құру.
Оқушылар топта тұрған балалармен қолдарын ұстап алақан жылуы арқылы бір-біріңе жылы лебіздер айтып,сабағымызды бастайық.
1топ,2 топ.
Топтасады
Үй тапсырмасын тексеру: «Доп» стратегиясының шарты: әр топқа сұрақтар доп арқылы лақтырылады, қойылған сұрақтарға жауап беру керек.
Мақсаты: оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін жинақтау, қорытындылау, бекіту, оларды жылдамдыққа, ептілікке, алғырлыққа үйрету.
Жаңа сабақ: Сөз құрастыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу
Әр топ берілген тақырыптар бойынша оқулықтан оқып, топ спикерлері ауысып, тақырып түсіндіру
Топ спикерлері тақтаға формулаларды кім жазатынын ұсынады.
(ax2+bx+c=0 (a≠0 квадрат теңдеу))
ax2+bx=0, c=0, xax+b=0 x=0, ax+b=0 x=0, x=-ba)
ax2+c=0, b=0, x2=-ca;x=±-ca )
ax2=0;b=0;c=0; x1=x2=0)
Ойлан-жұптас-бөліс» стратегия. Мақсаты:
топтық білімді жинақтау,ынтымақтаса жұмыс жасай отырып, өз ойларын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге ықпал ету.Әр топ мүшелері берілген теңдеулерді ажырата білу, содан соң топтан бір оқушы шығып, тапсырманы қалай орындағандарын айтады.
Кестеме карточкалар
№1 №2
Квадрат теңдеулердің Квадрат теңдеулердің
коэффициенттерін атап көрсетіңдеркоэффициенттерін атап көрсетіңдер
x2-2x-1=0 3x2+x+1=0 x2-5=0 -2x2+3x=0 -x2+6x-7=0 12x2=0Сергіту сәті:
№2 №2
Теңдеудің түбірін табыңдар Теңдеудің түбірін табыңдар
2x2-5x=0 5x2+7x=0 y2-2y-8=2y-8 3u2+7=6u+7
№3 №3
Теңдеуді шешіңдер Теңдеуді шешіңдер
3x2-4x=0 6u2-u=0 y2-19=0 4x2-9x=0Рефлексия: Бағдаршам түстері арқылы, оқушылардың түсінгенін білу.
Қызыл түс – түсінген жоқпын;
Сары түс – әлі де практика қажет/сұрақтар бар;
Жасыл түс – барлығы түсінікті.
Бағалау: Әр топтың топ басшылары бағалау парағы бойынша топ мүшелерінің бағаларын айтады. Содан кейін мұғалім жүйелеп оқушыларды нақты бағалайды.
Үй тапсырмасы: Әр оқушы таңдап алған бағдаршам түстерінің артында үй жұмысы жазылған