Конспект урока на тему PaskalABC ба?дарламасыны? графикалы? м?мкіндіктерін ?айталау.


7-сынып «ә» 24.02.2012ж
Сабақтың тақырыбы:
PaskalABC бағдарламасының графикалық мүмкіндіктерін қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: PaskalABC бағдарламасының графикалық мүмкіндіктерін қайталау.
Дамытушылық:
- есте сақтау қабілетін дамыту;
- дүниетанымын дамыту;
- білім, білік дағдысын, іскерлікті дамыту.
Тәрбиелік:
- тазалыққа, имандылыққа, мейірімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Дербес компьютер, карточкалық тапсырмалар, оқулық.
Сабақтың түрі: Қайталау
Сабақтың әдісі: Компьютермен жұмыс, сұрақ-жауап, графикалық тапсырмалар.
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
Журнал толтыру;
Оқушылардың назарын сабаққа бұру.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
PaskalABC бағдарламасының графикалық мүмкіндіктері?
GraphABC модулының қосылу қалпы?
Graph модулі пайдаланылатын координаталар жүйесінде санау координаталарын қалай бастаймыз?
x пен y –тің мәні нешеден аспау керек?
Графикалық суреттерді салатын қандай процедураларды білесіңдер?
III. Жаңа сабақ түсіндіру.
Ары қарай сабағымызды жалғастырамыз.Өткен жолғы тақырыбымыз Паскаль тілінің графикалық мүмкіндіктерімен таныстық.Сол сабағымызды ары қарай жалғастырамыз. Келесі процедуралармен танысайық.
Процедура немесе функция міндеті
Arc(x,y,r,α1,α2) Доға салу
Text Out(x,y,’мәтін’) Мәтін енгізу
SetFontStyle(fs) Қаріп стилі
Түрлері:
fsNormal – қарапайым;
fsBold – қарайтылған;
fsItalic – қиғаш;
fsBoldItalic – қарайтылған қиғаш;
fsUnderline – асты сызылған;
fsBoldUnderline – асты сызылған қарайтылған;
fsItalicUnderline – қиғаш асты сызылған;
fsBoldItalicUnderline – қиғаш асты сызылған қарайтылған.
SetFontSize(sz) Тармақтардағы қарiп өлшемi орнатады
Pie(x,y,r,a1,a2) Доғаға шектеулі сектор шеңберін салады
SetPixel(x,y,color) Нүкте салу
Chord(x,y,r,a1,a2) доғамен шектеулі шеңбер және кесiндiнің соңын жалғастыратын фигура суретiн салады
Мынау кесте арқылы сабақты түсіндіру.

ІV. Практикалық тапсырмалар.
Практикалық тапсырмалар беріледі.Оқушыларға карточкалар беріледі. Сол карточкалар бойынша PascalABC-да графикалық суреттер салады.
V. Қорытындылау, бағалау. Әділ бағаларын қойдым.
VI. Үйге тапсырма. PaskalABC бағдарламасының графикалық мүмкіндіктері тақырыбын оқу.Тапсырма беріледі.