Б?рша? т??ымдастар ашы? саба?
Ашық сабақтың тақырыбы: Бұршақ тұқымдастар
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қосжарнақтылар класына жататын өсімдіктердің көп түрлілігімен таныстыру. Бұршақ тұқымдасына тән белгілері, табиғаттағы, адам өміріндегі рөлі, оқыған өсімдіктерді ажырата білу дағдыларын дамыту , олардың белгілі бір тұқымдасқа жататындығын дәлелдеп, салыстыра білу дағдысын қалыптастыру. Отанын мақтан етуге, халқының байлығын қастерлеп сақтауға , халқын сүюге және табиғатты аялап қорғауға тәрбиелеу.
Білімділігі: Оқушыларды бұршақ тұкымдасының ерекшеліктерімен таныстыру. Тұқымдастың алуан түрлігі мен манызын көрсету. Оқушыларды негізгі оқу материалымен таныстыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойын элементтері арқылы интеллектуалдық қабілетін, білімі мен білік дағдысын дамыту. Шығармашылық денгейін тапсырмалар арқылы оқушының биологиялық білімге деген қызығушылығын арттыру . Өсімдік түрлерін анықтау мен тұқымдас белгілерін талдауда тұрақты білімін қалыптастыру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларға бұршақ тұқымдасының табиғат пен адам өміріндегі манызын мысалдармен түсіндіріп,табиғатты аялауға оған түсінікстікпен қарауға оқушылардың табиғи – ғылыми көзқарастарын қалыптастыра тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын ұстауда, жақсы қоғамдық ортаны қалыптастыру
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгертуСабақтың типі: ойын, ішінара ізденушіСабақтың әдісі : сұрақ – жауап, тест жұмысы, биологиялық диктант, постер мен жұмыс.
Жалпы дидактикалық әдіс: түсіндірмелі – иллюстративті және кейде ізденуші
Құрал жабдықтармен көрнекілік: гербарий, сабаққа таратпа материал, компьютер, презентация,слайд
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі 1-2 мин
ІІ. «Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес» 8 мин
ІІІ. «Білім кілті танымдылықта» 20 мин
ІҮ. «Білгенге маржан» 8 мин
Ү. «Еңбегіне қарай өнбегі» 1-2 мин бағалау
Ұйымдастыру кезеңі
Сынып бөлмесін сабаққа дайындау. Оқушыларды түгелдеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Адам меңгермейтін білім бар ма?
Жойқын істі тындырар күшің бар да.
Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер
Алға қойған мақсатың, ісің бар да!
І топ «Сұңқар». Ұраны: Сұңқардай қалықтаймыз,
Ізденуден жалықпаймыз!
ІІ топ «Тұлпар». Ұраны : Тұлпардай жүйрік болу арманымыз,
Жетуге соған тырысамыз !
ІІІ топ «Тапқырлар». Ұраны : Тапқырмыз деп ұрандап,
Өмірде біз келеміз жарқылдап!
Үй тапсырмасын сұрау: үш оқушыдан ауызша сұраймын да, қалғандары тест тапсырмасын орындайды.
Қазір бақша өсімдіктерінің қанша түрі белгілі? А) 900 Ә) 800 Б) 650
Қазақстанда соның ішінде қанша түрі кездеседі? А) 10 Ә)15 Б) 9
Қаратау маңында кездесетін көп жылдық өсімдіктің бірі? А) итжүзім Ә) қауын Б) құтырған қияр
Қауын неше жылдық өсімдік? А)көп Ә) бір Б) екі
Жемісі ең ірі өсімдік А)қауын Ә)қарбыз Б) асқабақ
Асқабақ қай қалада мәдени дақыл ретінде алғаш өсіріле бастаған? А) мексика Ә) бразилия Б) куба
Асқабақтың сабағы неше метрге дейін жетеді? А) 5 Ә) 7 Б)9
Орамжапырақгүлділердің ғаламшарда неше мыңға дейін түрлері бар? А) 2000 Ә)3000 Б) 4000
Қияр түрінің қаншаға жуық түрлері бар? А)25 Ә)30 Б)35
Халықтық медицинада тамырын іш босатуға пайдаланатын өсімдік? А) құтырған қияр Ә) итжүзім Б) чайот
Ғаламшарымызда қаншадан астам раушангүлділер бар? А)3000 Ә) 3500 Б) 4500
Аула сәнін келтіретін нағыз сәндік гүл бұл – а) шетен ә) беже ағашы б) раушан
Раушан гүлінен не алады? А) иод Ә) бағалы май Б) сабын
Раушанның қанша іріктемесі бар? а) 2 500 ә) 25 000 б)25 000
Раушангүлділер тұқымдасы қазақстанда қанша түрі өсіріледі? А) 27 Ә)35 Б) 370
Лездеме сұрақтар «иа» және «жоқ»
Ғаламшарда раушангүлділердің 3000 түрі бар (иа)
Мойыл, шетен, алмұрт раушангүлділер тұқымдасына жатады? (иа)
Шыршай, байғұт, қойбүлдірген – біржылдық өсімдік? (жоқ)
Раушангүлділердің жапырақтары бірдей? (жоқ)
Итмұрын, долана раушанның сабақтары тікенекті емес? (жоқ)
Раушангүлділердің гүлшоғырлары бірдей? (жоқ)
Раушан жабайы итмұрыннан шығарылған? (иа)
Итмұрынның саны 100 – ге жетеді? (иа)
Раушан майы бағалы емес? (жоқ)
Аула сәнін келтіретін раушан ? (иа)
Раушан гүлінің іріктемесі 35000 мың? (жоқ) 25
Итмұрын гүлінің аталықтар өте көп? (иа)
Раушангүлділер қосжынысты? (иа)
ІІІ. «Білім кілті танымдылықта» Жаңа сабақ
Бұршақ тұқымдастар 12000/650 түр ҚР-да
Гүлшоғыры-шоғырбас, шатырша, масақ, 5 тостағаншасы біріккен, 5 күлте жапырақшасы 1 «желкен», 2«ескек», 2«қайықша», аталығы 1+(9), аналық саны -1
Жемісі –құрғақ бұршаққап.
Гүл формуласы
Т(5) К 3+(2) А 1+(9)Ж1Тамыр түкшелері арқылы бос азотты сіңіреді
9525102870
Соя өсімдігі Бұл өсімдіктің 100г-ында и45г нәруыз, 27г өсімдік майы, 20г крахмал бар.Сояның қоректік тұқымынан 100-ге жуық азық-түлікпен, тәтті тағамдар: кәмпит,май,печенье, сүт,сыр, ірімшік т.б дайындауға болады Қызыл түсті раушан 1930 жылы генетикалық мутация жолымен алынған.Табиғатта раушанның көк түсіне жауап беретін ген, көк түсті пигмент дельфинидин болмаған.Бірақ көп жылдық австралиялық және жапондық компаниялардың бірігіп жұмыс істеуі нәтижесінде 2004 жылы «көк» раушан гендік инженерия әдістері арқылы шығарылды.
«Білгенге маржан»
«Биологиялық диктант»
1 топ бұршақ тұқымдастардың .......................... түрі бар деп есептеледі. Оның ..............-ге жуық түрі ...................... өседі. Сөйтіп тамырда .....................пайда болады. Жапырақтарында ...........................бөбешік жапырақтар болады. Гүлі біріккен бес .......... жапырақшалар , бес ....................... күлтежапырақшалардан құралады.
2 топ ең ірі күлтежапырақша - «..........................» күлтенің екі бүйіріндегі 2 күлтежапырақша «..........................» деп аталады. Ал төменгі тұтасып өскен екеуі – «....................» . қайықшаның ішінде .......... аналық бар, оны ........... аталық қоршап тұрады. Бұрщақ тұқымдастарының көпшілігінде .......... аталық жіпшелерімен бірігіп, біреуі ............ қалады.
3 топ Бұршақ тұқымдастардың басым бөлігі .................... арқылы айқас тозаңданады. Жемісі құрғақ - ...................... . піскенде екі жақтауының тігісінен қақырап, ........................шашылады. құрамында нәруыздық заттар көп болғандықтан, тағамға (........................, ........................ , ....................... ,) мал азығына пайдаланады.
1-топ : сайлау
2-топ: депутат
3-топ: барлығы
1-оқушы сенім
№ Оқушының
аты – жөні
Үй тапсырмасын
тексеру Жаңа сабақты бекіту Оқушы ұпайы Бағалары
Тест жұмысы Лездеме сұрақтар Биологиялық диктант Термин сөздермен жұмыс Постер І Постермен жұмыс яғни әрбір топқа тақырыпша етіп бөліп берем де сол бойынша алдындағы плакатка сол бойынша жазады.
Покатилов жалпы орта білім беретін мектебі
Ашық сабақ:
Өткізген: Бектембаева Г.М.
2013 – 2014 оқу жылы