Д?ниетану Ауа-райы ж?не оны болжау


Ауа райы және оны болжау 
   Сабақтың тақырыбы: «Ауа райы және оны болжау»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ауа райы және оны болжау туралы түсіндіру, көрнекі әдістер қолдану.Сабақтың міндеттері:
Білімдік:
1. Ауа райы және табиғат құбылыстары туралы білімдерін байланыстыра отырып, табиғат, өсімдік және жануарлар арасындағы байланысты түсіндіру.
 Тәрбиелік:
Өзін қоршаған ортаны, табиғатты танып-білуге , байқампаздыққа, табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Ассоциация тудыра отырып, талдауға, ой тұжырымдауға, жіктеуге, пікір айтуға, өз бетінше жүйелеп сөйлеуге төселдіру; танымдық қабілетін дамыту.
Әдістер: Ақпараттық, ізденушілік, зерттеушілік, электрондық.
Пәнаралық байланыс  математика.
Көрнекіліктер: электрондық презентация, кеспе қағаздар, термометрлер.
Техникалық жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютерлер 
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Психологиялық тренинг.
Әрбір адам?
- Туысым, досым, жұрағатӘрбір сабақ?
Үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісім?
Тірлік, тарих, адалдық.
Әрбір сөзім?
- Шындық, бірлік, адамдықІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
-оқушылардан ауызша сұрақтар қою арқылы сұрау.
- кеспе қағаздар үлестіру, оқушылар ондағы сұраққа жауап береді және бағаланады. 
Үй тапсырмасын бекіту.
Дүниедегі құрылыстың мәніне,
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе. Ауа райы болжамын тыңдату
2. Слайдттар арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
3.Оқулықпен жұмыс.Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
  IV.Сергіту сәті.         Күркіреді күн-күн.
Терезелер шың-шыңЖауды жаңбыр топ-топ
Шелек-шелек көп-көпЖон арқаңды тос-тосКүнбағыс тез өс-өс     V.Жаңа материалды өздігінен игеру                                                   
Оқушылар 4 топқа бөлінеді.
1-топ. Қыс – көк қарындаш2-топ. Көктем – жасыл қарындаш3-топ. Жаз – қызыл қарындаш4-топ. Күз – сары қарындашӘр топ өзінің қарындашымен сызбадан өздеріне керек сөзді нүктемен белгілейді. Әр топ өздеріне тиісті шартты түрде берілген ауа райының астын сызады.
VІ. Дәптермен жұмыс.
Ауа райы – ауа температурасы, бұлт, жел ылғалдылықтың жиынтығы.
VІІ. Бекіту. Топтық жұмыс.
1.Әр топ үй жануарлары туралы халық болжамдарымен жұмыс жасайды. ( слайдтан корсетіледі)
2. Тест «Дұрыс немесе бұрыс»
1. Өсімдіктердің өсуі ауа райына байланысты емес. –
2. Ауа жердің қызуына байланысты қызады. +
3. 0-жылы мен суық градустың ортасындағы шекара. +
4. Ауа райын алдын-ала болжаудың бізге қажеті жоқ. –
5. Жазда -10градус Ô¡ белгілері бар ауа райы болуы мүмкін. –
6. Ауа райы – ауа температурасы, бұлт, жел ылғалдылықтың жиынтығы.+
VІІІ.Қорытынды.
– Ауа райының ашық және бұлтты күндерінің арасында қандай айырмашылық бар?
–Ауа температурасы мен өсімдіктер және жануарлар тіршілігінің арасында қандай байланыс бар?
ІХ Бағалау. Мұғалімнің бағалауыХ.Үйге тапсырма беру
1. Мәтінді оқып, мазмұндай білу.
2. Жазғы жаңбырдың күзгі жаңбырдан айырмашылығын түсіндіру