Жа?сылы? жасай білейік 6 сынып ?зін-?зі тану


Өзiн-өзi тану сабағының жоспарыМектеп__ Семеновка орта мектебі _____Мерзiм_____№_____
Тақырып__ Жақсылық жасай білейік ____
Құндылық___ Ішкі тыныштық  ___ Қасиеттер___ мейірімділік,шыдамдылық, байсалдылық _
Мұғалiм_______ Кенжетаева Ш.С __Класс_6_Оқушылар саны
Сабақ мақсаты:
Өмірде жақсылық жасауға үйрете отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашуМіндеттері:
-жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтушыдамдылық, мейірімділік жасау дағдыларын дамыту- жақсылыққа ұмтылып, өзіңді-өзің алдамауға, - іс әрекетті сабырлықпен,байсалдылықпен шешуге тәрбиелеуРесурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. -Қайырлы күн,менің сүйікті шәкірттерім!Сендердің жүздерің қуаныштың нұрын көріп тұрмын.Әсем жүздерің сынып ішін нұрлы шуаққа толтыратыны анық.Сондықтан бүгінгі сабағымызды бір-бірімізге жымиып,күлімсіреп қарап,бір сәт тыныштық сақтап көзімізді жұма отырып ,сиқырлы ізгілікке толы әлемге саяхат жасаудан бастайық: Балалар,көзімізді жұмып,біраз демалып,жақсы істерді көз алдымызға елестейік.Тыныштық сәті.    Нұрға бөлену  Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.  
 Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.
Үй тапсырмасын тексеруЖақсылық мақал мәтел
Сабақ барысын талдау:
Дәйексөз.
Біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығыңды міндет етпе! (Ы.Алтынсарин)-Жақсылықты қандай ниетпен жасау керек?-Риясыз қызмет дегенді қалай түсінесіңдер?
Әңгімелеу.
Тату ағайындылар  Өте ертеде бір патшалықта  екі ағайынды өмір сүріпті. Екеуінің үйі таудың  екі жағында  болса да,  олар бір- біріне көмектесіп, тату-тәтті өмір сүреді.
  Бір күні  ағайындылар егінді жинап алып, теңдей бөліп алады. Сол күні түнде үлкен ағасы  ойлайды: «Біз егінді бірдей етіп  бөліп алдық, бұл дұрыс емес.  Інім жаңа ғана шаруашылығын  бастап жатыр. Оған маған қарағанда көбірек керек».
   Ағасы тұрып, түнде інісіне  бір қап бидайды апарып тастайды.
   Ал бұл кезде інісі жатып, олда ойлап жатады:  «Жоқ, біз егінді дұрыс бөліскен жоқпыз. Ағамның отбасы үлкен, жасы да менен  үлкен. Оған маған қарағанда көбірек керек».
   Таңға жақын інісі де  білдіртпей бір қап бидайды ағасына апарып тастайды.
    Таңертең ағайындылар  өз қамбаларына  қарап,  таң қалады: «Бұл қалай? Кеше бір қап бидайды ағама апарып беріп едім ғой,  ал бидай азаймапты». Олар қаптарды қайта-қайта санайды да, таң қалады: «Бұл не ғажайып?!»
    Түн болысымен ағасы мен  інісі бір бидай қапты арқалап, үйлерінен шығады.
   Толық ай туады жарықтандырып тұрған. Осы жрде қарағайдың  түбінде екі ағайынды кездесіп қалады. Ағасы сұрай бастайды:
-          А, бұл сен бе? Кештетіп қайда  бара жатырсың?
Інісі айтады:
-А, бұл сен бе едің? Ал сен қайда бара жатырсың?
  Екеуі де үндемей қалды, бір-бірін түсіне қояды да, қарқылдап күліп жіберді. Осыдан кейін екеуі бір-бірін одан да қатты жақсы көріп кетеді.
Сұрақтар:
1.      Екі ағайындының іс-әрекеттері дұрыс па?
2.      Сен болсаң не істер едің?
3.      Әңгіменің соңында ағайындыларды не біріктірді?
4.     Осындай дұрыс әрекет жасап отырсақ,риясыз сүйіспеншілікпен көмектесіп отырсақ ішкі тыныштығың жай табады. Мысалы өздеріңнің өмірлеріңде осындай  жағдай кездесті ме?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
ПОСТЕР
ҚОРҒАУ "Жақсылық
"гүлін салу 
 
Жақсылығың өзіңнен,
Көрінеді көзіңнен.
Жақсылығың өзіңнен,
Айтылған ой мен сөзіңнен.
 
Жақсылықты тек адам,
Дұрыс әрекетпен жасаса.
Жасағаның әр қадам,
Жүрекке әкеп орнатса.
Топпен ән айту.
Үй тапсырмасы.
Жақсылық туралы мақал мәтел жаттап келуСоңғы тыныштық сәтi.
- Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!