?зін-?зі тану п?нінен саба? жоспары. Та?ырыбы: Жа?сылы? жасай білейік
Өзiн-өзi тану сабағы
Мектеп № 14 мектеп-гимназия Мерзiм___________________________________ №16
Тақырып: Жақсылық жасай білейік
Құндылық:Сүйіспеншілік
Қасиеттер:жақсылықжасау,қайырымдылық,қамқорлық Мұғалім: Исаева Кенже Сынып: 4
Сабақтың мақсаты: "Жақсылық жасау" ұғымының адам-
гершілік құндылығы ретінде мәнін ашу.
Міндеттері:
*жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру;
*қайырымды істер жасау іскерліктерін дамыту;
*қамқор болуға тәрбиелеу. Сабақ барысы:
Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің хауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады, аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте бірте қарқын және шұғыланы бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын ».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жәймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет!
Ресурстар:үнтаспа, суреттер
Үй тапсырмасын тексеру.
Ө.Ақыпбековтің «Өзіңді тану» өлеңін жаттау. Сабақ барысын талқылау:
Әңгiмелеу (сұхбат).
«Жақсылық пен жамандық» ертегісі
Неліктен адам Жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсыңдар?
«Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар? Дәйек сөз.
«Жақсының жақсылығын айт,нұры тассын»
Халық мақалы
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушылар екі тоқа бөлінеді. Екі топқа екі түрлі әңгімеден үзінді беріледі. Балалар әңгіме желісі бойынша, туындаған оқиғадан шығу жолдарын іздестіруі тиіс. Олар топ болып бірлесе отырып, ойланып әңгімені өз ойларымен жалғастырып айтады.
1-топ: «Қарлығаш пен дәуіт»
2-топ: «Аю мен тышқан» Топпен ән айту.
Е.Бағайдың «Жақсылық жерде қалмайды» өлеңін мәнерлеп оқу.Үй тапсырмасы.
Б.Исаевтің «Мен талапты баламын» өлеңін жаттау.
Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларлы мадақтау.
Соңғы тыныштық сәті