?зін-?зі тану п?нінен саба? жоспары Та?ырыбы: Жа?сылы? жасай білейік 4-сынып


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп:№2 Қазанбасы орта мектебі
Мерзім: 14.09.16 №16 сабақ
Мұғалім: Абузара Гульнур Сагинбековна
Сынып: 4 «А» Оқушылар саны: 10
Тақырып: Жақсылық жасай білейік.Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер : ешқашан зиян келтірмеу,әрқашан көмектесу , қамқорлық.
Мақсаты: Оқушыларды ата-анасына, туыстарына, жақсылық жасауды үйрете отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік:Оқушыларға ешқашан зиян келтірмеудің пайдасы туралы түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушыларға өмірде бір-бірлеріне жақсылық жасау арқылы , әрқашан көмектесу қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік:Оқушыларды ешқашан зиян келтірмеуге, әрқашан көмектесе білуге, қамқорлық жасауға тәрбиелеу; Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)
1.Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқу құралдарын тексеру. 5 «Т»: Тәртіп
Талап
Тазалық
Татулық
Тыныштық
Тыныштық сәті. (Нұрға бөлену)
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Ескерту
2.Үй тапсырмасы: Оқушыларға «Жақсылық пен жамандық» Ертегісін оқып келу тапсырылады 85-86 бет
Талқылау сұрақтары:
Әңгімеде не туралы айтылған?
Неліктен адам Жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсыңдар?
«Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар? 3.Дәйексөз:
Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.
Халық мақалы
-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
(мұғалім бір рет, ұлдар екі рет, қыздар екі рет, барлығы бірге қайталау) 4.Оқиғаларды әңгімелеу. ( Мұғалім сыйы )
Жүрек жарасы – жамандықтан
Аңыз
Баяғыда бір үйде жалғыз ерке  бала болады. Ол адам баласына тек жамандық жасап өседі. Бір күні әкесі баласына  37 шеге береді де былай дейді: «Сен бір адамға жамандық істеген соң, есік алдындағы  шарбаққа бір шегеден қағып отыр »,- дейді. Бала жамандық  істеген сайын, бір шегеден қағып отырады, әсіресе, бірінші шегесін бар ашумен түгел қағады.  33 шеге қаққасын,  4 шегені әкеп әкесіне  береді де,  былай дейді: «Әке, мен  енді  ешкімге  жамандық істемеймін, маған енді шегелердің керегі жоқ ». Сонда әкесі былай дейді:« Балам, енді адамдарға жақсылық істеген сайын бір шегеден жұлып отыр »,- дейді. Біраз уақыт өткен  соң әкесі мен баласы  шарбаққа қараса, ол  тесік – тесік болып қалыпты. Сонда әкесі баласына былай депті: « Балам, адамдардың  жүрегінде де біреулер жамандық істесе осындай  тесіктер қалады »,- дейді.
Талқылау сұрақтары:
Әңгімеде не туралы айтылған?
Әкесі баласын ұстамдылыққа қалай үйретті?
Өз өмірлеріңнен қандай мысал келтіретін едіңдер? 5.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
Балалар екі топқа бөлінеді. Екі топқа екі түрлі әңгімеден үзінді беріледі. Балалар әңгіме желісі бойынша туындаған оқиғадан шығу жолдарын іздестіруі тиіс. Олар топ боп бірлесе отырып, ойланып әңгімені өз ойларымен жалғастырып айтады.
1-топ: «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі.
Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді.Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды.Қарлығаш жыланды көріп, қатты қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді.....
2-топ:  «Аю мен тышқан» ертегісі.
Бір тышқан аңдаусызда аюдың апанына тап болып қалады. Одан адасып жүріп, аюдың құлағына кіріп кетеді.
Аю шошып оянып , құлағын баса қояды:
-Менің құлағым –сенің інің деп пе едің?-деп ақырады.-Өзіңді жақсылап сабайын ба?
-Сабамашы. Менде бір керегіңе жарармын.
-Бармақтай болып, не керегіңе жарармын дерсің ,-деп күледі аю. Дегенмен босатып жібереді...... 6.Топпен ән айту.
Жақсы адамдар
Әні мен сөзі: А. Оралов
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.
Табаныңның астында жатады әлі
Пенделіктен өресі аспағандар
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар.
Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,
Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!
Жақсы адамдар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Қарап өтсін сендерге басқа жандар.
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар
Қарап өтсін сендерге басқа жандар
Жақсы адамдар, жақсы адамдар
Қарап өтсін сендерге басқа жандар
Жақсы адамдар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар. 7.Үй тапсырмасы:
17-сабақ. Б.Әділовтың «Қанат пен Жанат» әңгімесін оқу. 87-89 бет 8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка арқылы)
Оқушылар денемізді тік ұстаймыз, аяғымызды айқастырмаймыз, қолымызды партаның үстіне немесе тіземізге қоямыз және көзімізді жұмамыз. Бүгінгі сабақта естіген барлық дұрыс әрекеттерді бойымызға жинақтаймыз,әрқашанда дұрыс әрекет етіп , кешірімммен қарауға үйренейік.