Статьи Болаша? энергиясы (8 класс)
«№ 118 орта мектебі»КММ
«ЭКСПО-2017-Болашақ энергиясы»
Экспо – бүкіләлемдік көрмесі бір жарым ғасырлық тарихы бар жаһандық көрме. Көрме кезінде «индустрияландырудың белгісі техникалық және технологиялық жетістіктерді көрсететін мүмкіндік». Ең алғаш Экспо көрмесі 1851 жылы Ұлыбританияда өткен болатын. Содан бері қарай бұл көрме алпыс бес рет өткен. Астанадағы EXPO – 2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме болғалы отыр. Мемлекет басшысы осындай ауқымды шараны еліміздің Астанасына ұйымдастыру туралы бастама көтерді. EXPO Халықаралық бюросы Бас ассамблеясы 152-ші сессиясында Қазақстанның елордасы Астана қаласында халықаралық көрме өткізу туралы шешім қабылдады. Сол жылы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Жарлыққа қол қойды.
ЭКСПО көрмесі алғаш рет 1851 жылдың мамырында Лондонда ашылған. Оның «Барлық халық адамзатты жетілдіру – ұлы ісімен бірлесе айналысыпты» ұраны әлі де маңызын жойған жоқ. «Барлық халықтың өнеркәсіптік еңбегінің көрмесі» атты Бірінші бүкіләлемдік өнеркәсіптік көрме ханзада Альберттің ұсынысы бойынша өткен. Бүгінгі күнге дейін ЭКСПО алпыстан астам елде өтті. Ал ТМД елдерінің ішінде алғаш рет Қазақстанда өткізілмекші. 1997 жылдан бастап дүниежүзілік көрме «ЭКСПО» деп атала бастаған, Қазақстан Халықаралық көрмелер бюросына да сол жылы мүшелікке енді, ал ЭКСПО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді.
ЭКСПО-2015 көрмесі мамырдың 1 мен 31 қазан аралығында Италияның Милан қаласында өтті. 2017 жылы елімізде өтетін көрменің ұраны «Болашақтың энергиясы» десек, Миланда өткен көрменің ұраны «Ғаламшарды азықтандыру. Өмір қуаты». Басты азық – астықты жұрт көзайымына таныстырған Миландағы бидай масағы үлгісінде шыныдан жасалған Қазақстан павильонына 150 мың адам кірген. Жалпы, мұнда 145 ел қатысқан және 110 гектар аумақта 80 павильон бой көтерген. Ал Ұлттық экзпозицияның қаражаты 17 миллионға шыққан. Милан ЭКСПО-ны бұған дейін 1906 жылы өткізген.
Париж 1855 жылдан бері өзінде мұндай көрмені сегіз рет өткізген екен. 1970 жылы Жапония Осакада өткізсе, Корея 1993 жылы Теджонда ұйымдастырған. Жалпы, Париж ЭКСПО-ны ең сәтті өткізген қала деп есептеледі.
Мысалы, Лондонда өткен ең бірінші көрмеге салынған «Хрустальді сарай» архитектураның жаңа үлгісін көрсетті. Алайда ол 1936 жылы өртеніп кеткен.
Францияның символына айналған Париждегі Эйфель мұнарасы 1889 жылы дүниежүзілік көрменің негізінде француздарға жеткен мұра. Ал ірі мәдениет және көрме орталығы болып саналатын Гран-Пале сарайы 1900 жылы өткен көрмеде пайда болған. Сол жылы Париждың кереметтерінің бірі III Александр көпірі салынды. 1929 жылы өткен көрмеден кейін Испания алаңы, Барселонада субұрқақтар іске асты.
Алғашқы дүниежүзілік көрмелер 2–5 жылдық мерзіммен өткен. Олар белгілі бір күнге, елдегі арнайы атап өтерлік оқиғаға орайластырылған. Кейін 1928 жылы қатысушы елдер Парижде көрмелердің халықаралық бюросын құрды. Содан бері ЭКСПО-ны ұйымдастыруға қатысты сұрақтармен сол бюро айналысуда. 2005 жылдан бері әр көрменің тақырыбы тағайындалады.
Елімізде өткелі отырған «ЭКСПО-2017» шағын масштабтағы көрмеге жатады. Өйткені үлкен көлемде өтетін «Универсалды» көрме 6 ай уақыт өтеді, мамыр айынан бастап қазан айының соңына дейін және ол 5 жылда бір ұйымдастырылады. XXI ғасырда мұндай универсалды көрмелер – Ганноверде – 2000 жылы, Нагояда – 2005 жылы, Шанхайда-2010 жылы, 2015 жылы Миланда өтті. Келесісі 2020 жылы Дубайда болады. Ал «мамандандырылған» көрмелер 3 айдан аспайды. Оның аумағы да 25 гектардан артық болмайды. Мұндай көрмені – ЭКСПО-2012-ні соңғы рет Оңтүстік Корея өткізді. 2015–2020 жылдар аралығында мамандандырылған көрме Анталия мен Астанада өтеді.
Еліміздегі көрме объектілерінің құрылысы 2016 жылдың тамыз-қыркүйек айларында аяқталады. 100-ден астам ел Астанада өз павильондарын салу үшін келеді. «ЭКСПО-2017» көрмесіне «Болашақтың қуаты» ұраны негізінде елордамызға жаһандағы мемлекеттер өздерінің жаңа технологияларын жеткізеді, паш етеді. III –индустриялық революция «жасыл экономикадан» басталмақ.
Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып, жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Елбасымыздың сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтын жеткізді.Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған.
«Экспо-2017 бүкіләлемдік көрме өткізу үшін басты екі қала таласқа түскен болатын Олар: біздің Астанамыз және Бельгияның Льеж қаласы болатын.
Сайлау барысында 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды.
ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуына зор мүмкіндік жасалуда. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелдіру үшін қуатты серпін береді.
Экспо -2017 көрмесі әлемдік энергия сақтау технологиялары күн және жел дәстүрлі емес энергия көздерін жандандыру, шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін береді. Көрме елорданың көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызады.