?аза? ханды?ыны? ??рылуы сынып са?аты


Тақырыбы: "Қазақ хандығының құрылуы".Сабақтың мақсаты:1. Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау;2. Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін ойындар ұйымдастыру;3. Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға патриотизмге, өз Отанын, елін - жерін қорғауға тәрбиелеуСабақтың түрі: аралас сабақСабақтың типі: дәстүрлі емесСабақтың әдісі: топпен жұмыс, ойын элементтері, «Алтын қақпа» ойыныКөрнекілігі: видеопроектр, карта, суреттер, сызба - нұсқаларІ. Ұйымдастыру кезеңі Сыныпты 3 топқа бөлу.І топ. «Хандар»ІІ топ. «Батырлар»ІІІ топ. «Билер»ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Алтын қақпа» ойыныТас қақпаның сұрағы:Күміс қақпаАлтын қақпа«Хандар» тобына Рухани мәдениетке не жатады?Қазақ халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарған ру - тайпалар?Әбілқайыр хандығының әлсіреу себебі?«Батырлар» тобынаХІҮ ғ сәулет өнерінің ескерткіштері?«Қазақ» сөзі қай ғасырда этникалық мағынаға ие бола бастады? Қазақ хандығының құрылуына қандай факторлар әсер етті?«Билер» тобынаШыңғысханның ұлыстары?Қожа Ахмет Иассауи кесенесін кім және қандай мақсатпен салдырды салдырды?ХV ғасырда қандай мемлекеттер өмір сүрді?ІІІ. Жаңа сабақӨткен сабақпен байланыстыруҚазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14 - 15 ғғ. болған әлеуметтік - экономикалық және этникалық - саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.Әсіресе Әбілхайыр (1428 - 1468) Жошы - Шайбан - Дәулет - Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді.1457 ж. Үз - Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында, қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деген өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.Қазақ хандығының құрылуына себеп болған тағы бір жағдай Қыпшақ Қобыланды батырдың Арғын биі Ақжолды өлтіруі болды.1466 жылы Жәнібек пен Керей Қозыбасы жерінде Қазақ хандығының негізін қалады.Шыңғыс хан - Жошы хан - Тоқай Темір - Өз Темір - Қожа – Бәдіғұл - Орыс ханТоқтақияБолат ҚұйыршықКерей ЖәнібекҚазақ хандығыАқсүйектер ҚарасүйектерВидеопроектр арқылы суреттер көрсету.Топтарға тапсырма беру.І топ. «Хандар»Қазақ хандығының құрылу процесіІІ топ. «Батырлар»Қазақ хандығының аумағы мен халқыІІІ топ. «Билер»Қазақ хандығының сыртқы саясаты(Электронды оқулықтан картаны көрсету)ІV. Бекіту кезеңінің сұрақтары:1. Венн диаграммасы«Хандар» тобы Керей мен Жәнібекті Н. Назарбаевпен салыстырады«Батырлар» тобы Қазақ хандығын Қазақстан Республикасымен салыстырады«Билер» тобы Қазақ хандығының аумағын ҚР территориясымен салыстырады2. Ой - толғау«Хандар» тобы ханның рөлі«Батырлар» тобы батырлардың алатын орны«Билер» тобы билердің рөлі3. Математикалық ойын4000/2 - 532= (Әбілқайыр ханның қайтыс болған жылы)400х3+148= (Моғолстанның құрылған жылы)2800+105 - 1500= (Әмір Темірдің қайтыс болған жылы)728х2+0= (Қазақ хандығының құрылған жылы)4000+221 - 3000= (Шыңғысханның Орта Азияны жаулауды аяқтауы)500х2+395= (Тоқтамыс пен Темірдің шешуші шайқасы)3800/2 - 91= (ҚР - ның Тәуелсіздік алған жылы)V. ҚорытындылауБіз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті, әсіресе қазақ хандығының құрылуы тарихтағы маңызды оқиға. Қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасы. «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай тарихты білу баршамыздың парызымыз.VI. Үйге1. Қазақ хандығының құрылуы процесін сызбаға түсіру2. Атластағы кескін карта тапсырмасын орындау3. Керей мен Жәнібек хандар туралы реферат жазуVII. Бағалау