Кестелер, кестелер ??ру. Кестелерді редакциялау. 8 сынып


«Сарқан аудандық білім бөлімінің М.Маметова атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»КММ
Кестелер.
Кестелер құру және редакциялау
(8 сынып)
ашық сабақ
Мұғалім: Г.Карашева
2015-2016 оқу жылы
Күні: 09.12.15 Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Кестелер, кестелер құру. Кестелерді редакциялау.
Білімділік: Оқушыларды мәтіндік процессорында кесте құрып, кестені өңдеуді үйрету.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері
Сабақтың өту барысы:
1.Оқушыларды ұйымдастыру
2.Үй тапсырмасын тексеру.
                                          3.Жаңа тақырыпты түсіндіру
                                          4.Тапсырмаларды орындау
                                          5.Сабақты бекіту
                                          6.Үйге тапсырма
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушыларға сұрақтар қою арқылы үй жұмысын тексеру.
Жаңа түсініктер:
Бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз. «Кестемен жұмыс». Бұл сабақта сіздер кесте құру әдістерін, сондай –ақ кесте безендіруді үйренулеріңіз керек.
Біздің өмірімізде мәтінді безендіру немесе құжатты кесте түрінде даярлау жиі кездеседі. Оларға: мектеп журналдары, үлгерім табелі және сіздердің күнделік парақтарың т.б. MS Word мәтіндік процессоры кесте құруды жеңілдетеді, ол өзіне бағандардың енін есептеу мәселелерін жүктейді.
Сонымен, Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды.
Кесте құрудың үш әдісі бар: (мұғалім интерактивті тақтадан көрсетеді)
308610022860377190022860Аспаптар панелінен «Добавить таблицу» батырмасын басу арқылы.
2905125120015Меню жолынан «Таблица» командаларын пайдалану.
Вид - Панели инструментов - Таблицы и границы командаларын орындау арқылы.
Аспаптар панелінен шекаралар белгісін пайдалана отырып, өзгертуге болады.
Сызық қосу
Сызықтың типі
Сызықтың орналасуы
Сызықтың жуандығы
Сызықтың түсі
454914083820
Осы үш әдістің айырмашылығы мынада: 1 әдіс бойынша компьютер 5 бағаннан артық емес кесте құрады. Егер үлкен санды бағандар кестесін құру керек болса, онда екінші әдісті қолданамыз. 3-ші әдісі қолмен салуды көрсетеді. Біз көбінесе екінші әдісті қолданамыз.
Сонымен, дәптерге «Меню жолы» арқылы кесте құру, безендіру және жиектеу алгоритмдерін жазып алайық.
Кесте құрудың алгоритмі
Меню жолынан «Таблица» командасын таңдау.
«Добавить таблицу» батырмасын шерту.
«Вставка таблицы» диалогтық терезесінде бағанның және жолдың тиісті сандарын енгізу керек.
«ОК» батырмасын шерту.
Кесте безендіру алгоритмі
Кестені бөліп алу.
«Таблица» - «Автоформат» командаларын орындау.
Формат пішімін таңдау.
ОК батырмасын шерту.
Кесте жиектеу алгоритмі
Кесте торын алып тастағыларың келетін ұяшықты немесе ұяшықты толық белгілеу.
Формат> Границы и заливка
Границы и заливка диалогтық терезеде Граница қосымшасы қосылады
Жақтаудың Нет типін таңдаңдар да, ОК шерту.
Сонымен, біз сіздермен кесте құру, безендіру мен жиектеудің алгоритмін жаздық. Енді практика жүзінде қарастырып шығайық.
Мен қазір сіздерге бірнеше мысал көрсетемін, сендерде қандай кесте құрылуы мүмкін.
Экранға мұқият қараймыз. Мұнда әрине, кесте бағандарының ені бірдей болып
келеді. Маустың немесе абзацтық шегіністер көмегімен бағанның ені мен жолдың биіктігін өзгертуге болады. Tab пернесімен кестеге жаңа жол қосуға болады, ал алдыңғы ұяшыққа қайтып келу үшін Shift+Tab пернесін басса жеткілікті.
Кестеге Добавить столбцы, Добавить строки, Добавить ячейки, Разбить ячейки, Разбить таблицу, Объединить ячейки, Удалить ячейки, Удалить столбцы, Удалить строки (бағандар мен жолдар қосуға, ұяшықтарды бөлу, біріктіру, жою) командаларын орындай отырып, кестені құруға және жоюға болады.
Әрқайсыңның партаңда деңгейлік тапсырмалардың жоспары жатыр. Жоспар бойынша MS Word мәтіндік процессорын жібереміз.
V. Практикалық жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар
Практикалық жұмыс №1
1. Меню көмегімен Кесте > Кесте қосу /Таблица > Вставить таблица/ командасын орындау арқылы кесте құрыңыз.
2. «Менің сабақ кестем» тақырыбын туралау.
3. 6 баған, 7 жолдан тұратын кесте құр.
4. Кестенің басынан тағы 1 баған қосыңыз. Оған Р/с деп жазыңыз.
5. Автоформат пішімін пайдаланып, кестені безендір.
«Менің сабақ кестем»
Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма Сенбі
5Ә 4В 7Ә 6Б 6Ә
4А 7В 5А 4Ә 6В
7Г 4Б 6Г 4Г 7Б
5В 7А 4Д 5Г 6А 5Б
Кім өзінің сабақ кестесін жатқа білмейді, күнделігінен қарап жазуға болады.
Практикалық жұмыс №2
Стандартты саймандар қатарындағы Кесте қосу (Вставить таблицу) батырмасын шерту арқылы кесте құрыңыз.
3 оқушы туралы мәліметпен кестені толықтыру.
Кестеге Формат > Шекаралар және құю /Формат > Границы и заливка/ командасы арқылы жиектеу орналастыр
Оқушы туралы мәлімет
Р/с Оқушының аты-жөні Туған жылы Мекен-жайы Телефоны
1 2 3 Сабақтың бекіту сұрақтары:
Практикалық жұмыстарды тексеру.
Үйге тапсырма:
 Тақырыпты қайталау.