1860-1870 жж к?терілістер


Отан соғысы бөлімі
8.3B Қазақстан Ресей империясының құрамында
Сабақ тақырыбы:
1860-1870 жж. көтерілістердің басты
ерекшеліктері неде болды? Мектеп: Ақтөбе, НЗМ
Уақыты: 3-8/03/2014 жыл Мұғалімнің аты - жөні: Нурбаева Дина Замирбековна
Сынып: 8 «А», «В», «С», «Д», «Н» Қатысқан оқушылар саны:: Қатыспағандар:
Белгілі бір оқыту мақсаты; Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесіБерілген бөлімде Ресейдің отарлау саясатының күшейгені: 1867-1868 жж. реформалар, орыс шаруаларын қоныстандыру және діни саясат
қарастырылады. Қазақ халқының 1860-1870 жж. отарлауға қарсы көтерілістердің ерекшеліктерін анықтауға,1822 - 1824 және 1867-1868 жылдардағы реформаларды салыстыруға, салдарларын анықтауға мүмкіндік туады.
Сабақтың мақсаты Ресей реформаларының этникалық құрамдағы өзгерістерге тигізген әсерін сипаттайды отаршылдық кезеңіндегі қазақ шаруаларының жағдайын түсіндіреді капиталистік қатынастардың енуіне сәйкес әлеуметтік өзгерістерді түсіндіреді халықтың отаршылдық саясатқа қарсы азаттық күресінің мәні мен
маңызын түсінедіТілдік міндеттер 1860-1870 жж көтерілістер (тыңдалым дағдысы және жазылым дағдысы)
Орал және Торғай облыстарындағы көтерілістер мәтінмен жұмыс (оқылым дағдысы)
Бейнебаян бойынша өз пікірлерін білдіру (айтылым дағдысы)
Көтеріліс бойынша кесте толтыру. (жазылым дағдысы)
Алдыңғы білім
Патша өкіметінің отарлау саясаты
Сабақ кезеңдері Жоспарланған іс - әрекеттер Деректер
Сабақтың басы
10 мин
Ж Өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында жұптар бір-бірінен интервью алады, көтеріліске себеп болатын ойды жазып отырады.
Ж Көтерілістің себебін анықтайтын бір ғана ұғым беремін. Берілген ұғымға мағыналас сөздерді жинатамын. Бастапқы бөліп алған оймен толықтыртырады.
Т Сыныпты екі топқа бөлемін. Екі топқа Каспийдегі балықшылар өмірін көрсететін бірдей сурет беремін.
Тапсырма: бірінші топ суреттен не көріп отырғанын жазады, неғұрлым көп жазуға тапсырма беремін; екінші топқа мазмұнды оқиға құрастыруға тапсырма беремін.
Суреттер
карта
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінгі дейін). Бес томдық. ІІІ т. –
Ортасы
60 мин
Б Электронды оқулықты пайдаланып немесе өзім дайындаған презентацияңызға сүйеніп оқушылардың суретке қатысты ойларын толықтырамын. Жаңа тақырып бойынша мәліметтер беремін.
Т Екі топқа екі тапсырма беремін. Тапсырма: 1-ші топқа Орал, Торғайдағы, 2- ші топқа Маңғыстаудағы көтерілістердің
жетекшілері туралы қысқаша оқиғалары бар карточкалар таратамын. Мәтіндер бойынша топтарға оқиғаның себептерін, көтерілістердің ерекшеліктерін анықтатамын. Тапсырма соңында екі топтан екі оқушы хатшы ретінде өздері жазып алған көтерілістердің ерекшеліктерін сыныпқа дауыстап оқиды 8сынып. Қазақстан тарихы. Атамұра, 2012.
Қабылдинов З.Е.
8 сынып. Хрестоматия.
Атамұра, 2012.
http://lms.nci.kz/history/view?f=187
&id=8&lang=kaz
8 сынып. Қазақстан тарихы.ЦБР. Интерактивті материал
Соңы
10 мин
Т Осы тақырып бойынша пікірталас ұйымдастырамын. Екі топқа екі түрлі пікірді жақтау мен даттауға беріңіз: 1-ші топтың резолюциясы: «Орал мен Маңғыстаудағы көтерілістер бұрыңғы көтерілістерден өзгеше болды». 2-ші топтың резолюциясы: «Орал мен Маңғыстаудағы көтерілістер бұрыңғы көтерілістерге ұқсас болды».
Тапсырма. Екі топ өз ойларын дәлелдеу үшін жеткілікті дәйектер келтіріп, пікірталас ұйымдастырады. Қарсы топтың дәйектерін
теріске шығарады. Екі топтың спикерлерінің қайсысы көп дерек келтіріп, әрі шешен сөйлеп, басқа сыныптастарын өз жағына тарта алса, сол топ жеңімпаз болады. Пікірсайыс соңында екі топтың пікірталас нәтижесінде ойларынан ортақ шешім шығарады 8 сынып. Қазақстан тарихы.
Хрестоматия. Атамұра, 2012.
ОйлануСабақ / оқыту мақсаты қолжетімді болды ма? Оқушылар нені білді? Сыныпта қандай ахуал қалыптасты? Мен ұйымдастырған дифференциация іске асты ма? Уақыт бойынша үлгердім бе? Сабақ жоспарынан ауытқушылық болды ма? Болса неге? Бұл бөлімді сабақ бойынша ойларыңызды білдіру үшін пайдаланыңыз. Сол бағанада берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өзіңіздің сабағыңыз жайлы пікіріңізді білдіріңіз.
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)?
1:
2:
Қандай екі жағдай сабақты жақсырақ өткізуге мүмкіндік берер еді (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)?
1:
2:
Жалпы сынып немесе жеке оқушылар жайлы мен не білдім? Келесі сабақтарға дайындалу барысында бұл мәлімет қандай көмегін бере алады?