Робот техникасы курсына кіріспе: Робот техникасыны? негіздері, пайдалану салалары, т?рлері.
Күні: Сыныбы: Пән мұғалімі: Аманжулова А
Сабақтың тақырыбы: Робот техникасы курсына кіріспе: Робот техникасының негіздері, пайдалану салалары, түрлері.
Жалпы мақсаты: Оқушыларға қазіргі ақпараттық – техникалық заманда қарқындап дамып келе жатқан жоғарғы технологиялардың бірі – роботтар екенін айта отырып, бұл курста техника негіздері, пайдалану салалары және де түрлері туралы түсінік беріледі.
Күтілетін нәтиже: Курстың кіріспе бөлімімен жете танысады. Робот дегеніміз не деген сұраққа жауап алады.
Түйінді идея: Бұл курстың түпкі нәтижесі робот құрастырып шығару
Мұғалімнің сабақ туралы жазбалары
№ Уақыт Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті
1 2 мин «Сәлемдесу» тренингі.
Оқушыларды ортаға шақыру. Жағдайларын сұрастыру. Оқушылар ортаға шығып бір – бірімен амандасады, жағдайларын сұрасады. Көңілдері көтеріледі.
2 2 мин Оқушыларды топқа бөлу. Бағалау парақшасын таратамын. Бағыт – бағдар арқылы топқа бөлінеді. Мысалы , стикерлер арқылы.
3 6 мин «Сенемін, сенбеймін» стратегиясы арқылы үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар тақтадағы көрсетілген стратегия бойынша сұрақтардың дәлдігін қадағалап отырады. Дұрыстығын дәлелдеп береді.
4 2 мин Миға шабуыл.
Сұрақ. Робот дегеніміз не? Оны сіздер күнделікті өмірде қолданасыздар ма? Оқушылар осы сұрақ төңірегінде ойларын қорыта отырып жауап береді.
5 10 мин Жаңа сабақты түсіндіру.
Конспектіге сүйеніп және таныстырылымдарды пайдалана отырып оқушыларға робот техникасының негіздері туралы, пайдалану салалары мен түрлері туралы түсінік беремін.
Робототехника – бұл роботтарды дизайндеуге, құруға, қолдануға және олармен жұмыс істеуге бағытталған механикалық, электрлік және компьютерлік инженерия элементтері бар пәнаралық сала.
LEGO MINDSTORMS EV3 Олар сіздерге роботты жасауға және робот техникасы әлемімен тығыз танысуға көмектеседі. Түсіндірмемен қоса ғаламтор жүйесі арқылы робот техникасы туралы түсініктерін кеңейте түседі.
Қажетті жерлерін дәптерлеріне түсіріп алады.
6 3 мин Сергіту сәті 7 10 мин Тапсырма. Кластер құру.
Робот дегеніміз не? Қандай салада пайдаланылады? Түрлері қандай? тақырыбы аясында Қажетті құрал - жабдықтарды пайдалана отырып топпен жұмыс жүргізеді.
8 5 мин Бағалау .
Сабаққа әртүрлі деңгейде қатынасып отырған оқушыларды және бағалау парақшасы арқылы бағаланған оқушыларды мадақтап, бағалаймын. Топ ішінде өзара бағалаумен қосы топ басшысының бағалауы болады.
9 2 мин Рефлексия .
Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз жайлы пікір білдіріңіз. Пікірлерін стикерлерге жазып көрсетеді.
10 3мин Үйге тапсырма беру.
Робот туралы қызықты мәлімет жинақтап келу. Дәптерге жазып алады.