Внеурочная урок «Ба?ытым да, байлы?ым да — денсаулы?» атты отбасылы? сайыс


Новый орта мектебі




Өткізгендер: Қусайнова Айнұр
Кенжебекова Жанерке
Ақтөбе - 2016 жыл
Тақырыбы: «Бақытым да, байлығым да - денсаулық» атты отбасылық сайыс. Мақсаты: оқушылар мен ата - аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сыбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Өткізілген күні: 16.02.2016 жыл Барысы:1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар қауымы! Бүгінгі «Бақытым да , байлығым да - денсаулық» атты «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!2 - жүргізуші: «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын - сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебіміздің 1 сынып оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата - аналарының арасында өткізілгелі отыр. Сайысымызды бастамас бұрын, алғы сөзді мектеп директоры Кисикова Ақгүл Мырзабекқызына береміз
1- жүргізуші Ал, қазір ортаға Новый орта мектебінің сынып оқушыларын спорттық биімен ортаға шақырамыз!
1 - жүргізуші:Денсаулық - ол шыныққанБарлық денең мүшесі.Денсаулық - ол тыныққанЖүйке тамыр жүйесі.Денсаулық - ол күлуіңКөңіл - күйің жадырай.Денсаулық - ол жүруіңЕшбір жерің ауырмай.2 - жүргізуші:
Әр таңды бақытпенен атырамызӨнерді ой көгінде бақылаңыз,Сайысқа қатысуға енді ортағаҮлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаңОтбасыларымызды шақырамыз.1. Аязбаевтар отбасын
2 .Успановтар отбасын
3. Қасымовтар отбасын
4. Жақсылықоавтар отбасын ортаға шақырамыз
1 - жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын, біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!1. Мектеп директоры Кисикова Ақүл Мырзабекқызы2. Дене шынықтыру пән мұғалімі Кулов Мұрат Ахметович3. Директордың орынбасары Есетова Мейрамгул ОрынбасаровнаСпорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.1 - жүргізуші:Ойнайық, ойнайық та ойлайық!Күшімізді көрсетейік, сынайық!Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,Қаймықпай, көңілді болып тарайық!2 - жүргізуші:Бүгінгі спорттық сайыс 8 кезеңнен тұрады.1. Таныстыру.
2. Желаяқтар сайысы3. Кім жылдам?4. Паравоздар5.Алма жинау
6. Қара жорға би қимылдарын жасау
7. Доптарды алмастыру сайысы8. Шеңберден шеңберге секіру сайыстары .
1 - жүргізуші:
Сайысқа арнайы 4 отбасы қатысады.Өнер қуып отбасы өтер дейміз,Бір басына өнері жетер дейміз.Сайысқа келген топтар кезектесіп.Таныстырып өздерін кетер дейміз.
1- тапсырма отбасымен таныстыруАл, енді І «Таныстыру» кезеңін бастайық!(топтың атауы, эмблемасы, ұраны)
«_____» тобы ортаға шығады.Тобының атауы, эмблемасы,ұраны: __________!«_______» тобы ортаға шығадыТоптың атауы, эмблемасы, ұраны:_______!«_______» тобы ортаға шығадыТоптың атауы, эмблемасы,ұраны: ________!
«_____» тобы ортаға шығады.Тобының атауы, эмблемасы, ұраны: __________!«_______» тобы ортаға шығадыТоптың атауы, эмблемасы, ұраны:_______!
2 - тапсырма
Желаяқтар сайысы
(әкесі, анасы, баласы қолдарына таяқша ұстап, кезектесіп кедергілер арасымен жүгіру)
3 - тапсырма
Кім жылдам?
(анасы допты жерге ұрып, әкесіне алып барады. Әкесі допты алып, шеңберге түсіру қажет /түсіргенге дейін тұрады/. Түсірген соң, анасы допты алып баласына жүгіріп алып барады. Баласы да допты әкесіне алып келеді.)
4 - тапсырма
Паравоздар сайысы
(әкесі кедергілер арасымен жүгіріп келіп, анасының сол қолынан ұстап бірге жүгіріп келіп,баласын дәл солай қосып алып бірге жүгіреді )
5 - тапсырма
Алма жинау
(кедергілер арасымен өтіп,үстеріне киген киімдерінің түстеріне сәйкес алмаларды жинау)
Әділқазылар шешімі дайын болғанша ортаға Онайбергенов Абайды «Сен ғана» әнімен ортаға шақырамыз
6 - тапсырма
Қара жорға би қимылдарын көрсету
Мұғалімге қарап тұрып орындау
7 – тапсырма
Доптарды алмастыру сайысы

8 – тапсырма
Шеңберден шеңберге секіру сайысы
Барлық отбасыларға көп-көп рахметімізді айтамыз. Әділ - қазылар шешімі дайын болғанша ортаға сынып оқушысы _________________________________________
" " әнімен ортаға шақырамыз!
2- жүргізуші
Жарыс заңы ежелденЖеңімпазды анықтауЖеңімпаз болу шарты солЕңбектену, жалықпау.Біреу озса сайыста,Біреу артта қалады.Бұл сайыстан ренжімейТараса бізге жарады -демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтау сөзі әділқазыларға беріледі.(Әділқазылар алқасы марапаттау рәсімін өткізеді)
1 - жүргізуші: Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында.Осымен «Толағай» отбасылар сайысы тәмамдалады. Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп - көп рахмет!2 - жүргізуші: Бүгін алтын уақыттарынызды қиып, "Бақытым да, байлығым да - денсаулық" атты «Толағай» отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!