АРИФМЕТИКАЛЫ? Ж?НЕ АЛГЕБРАЛЫ? ?РНЕКТЕРДІ М?ТІНДІК Т?РДЕ ЖАЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ


информатика пәні оқытушысы: Қасымбекова Дана
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық және алгебралық өрнектерді
мәтіндік түрде жазу ережелері. Стандартты
функциялар. Калькулятор қолданбасын оқуға дайындау.
Бағдарламалық-дидак
тикалық қамсыздандыру: Интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың мақсаты: Арифметикалық және алгебралық өрнектерді мәтіндік
түрде жазу ережелерімен танысу. Стандартты
функциялармен танысу.Калькулятор қолданбасында
жұмысқа дағдылану.
Сабақтың типі: Практикум элементтері бар, көрсете түсіндіру.
Білім мен біліктілікке Оқушылар білуі тиіс:
Қойылатын талаптар: - арифметикалық және алгебралық өрнектерді мәтін
түрінде жазу ережелерін;
-негізгі стандартты функцияларды;
-калькулятордың арналуын;
-калькулятордың қандай режимдері бар екенін;
-қажетті анықтамалық ақпаратты алуды;
-мәтін түрінде терілген арифметикалық өрнектерді калькуляторға қалай тасымалдауға және нәтиже алуға болатынын.
Оқушылар үйренуі тиіс:
-арифметикалық және алгебралық өрнектерді мәтіндік түрде жазуды;
-калькуляторды іске қосуды;
-калькулятор түрлерін ауыстырып қосуды;
-сандарды теріп, олармен есептеулер жүргізуді;
-калькулятор жадын пайдалануды;
-алмасу буферін пайдаланып, күрделі есептеулер жүргізуді.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Оқушыларды, түгелдеу, өткен сабақты сұрап бағалау;
3. Жаңа сабақ.
4.Тесттік сұрақ-жауап.
5. Қорыту, бағалау, үйге тапсырма беру.
Математикада арифметикалық және алгебралық өрнектерге бөлінеді.
Арифметикалық өрнек- бұл арифметикалық операциялар белгілерімен біріктірілген сандар.
Алгебралық өрнек – бұл арифметикалық операциялардың белгілерімен біріктірілген сандар мен айнымалылар. Информатикада алгебралық өрнек деген түсінік жоқ, ал ариметикалық өрнек өзіне арифметикалық операциялардың белгілерімен біріктірілген сандар мен айнымалыларды кіргізеді.
Егер сандар мен айнымалылар арифметикалық және логикалық операциялардың белгілерімен біріктірілсе, мұндай өрнек логикалық деп аталады.
Информатикада арифметикалық өрнектерді жазу үшін қолданылатын арифметикалық операциялар келесі белгілермен белгіленеді:
«+» - қосу
«-»-алу
«*»- көбейту
«/» - бөлу
«^»- дәрежесін табу.
Информатикада логикалық операцияларға мыналар жатады:
тең «=»
артық – «>»
кем – «<»
тең емес – « < >»
Информатикада арифметикалық та, логикалық та операциялар бір жолға жазылады, яғни бөлшекті жазу үшін алымы мен бөлімін жақшаның ішіне қойып, олардың арасына «/» бөлу белгісін қою керек.
Өрнектің математикалық жазуында көбейту белгісі қойылмайды, ал арифметикалық өрнекте ол міндетті түрде болуы керек. Тағы да математикалық жазудан тағы бір айырмашылық бар- ондық бөлшекті жазғанда, үтір емес нүкте қойылады. Оңайлық үшін пернетақтада жай әшейін нүкте тұрады.
Мысал: Математикалық жазу ;
Мәтін түріндегі арифметикалық өрнек: (2*А+С)/(А+3,5)+Д;
Стандартты калькулятор бағдарламасы- бұл кәдімгі калькулятордың компьютерлік аналогі, ол әр түрлі есептеулерді: сандарда бір санау жүйесінен басқасына ауыстыруға және логикалық арифметика командаларының амалдарын жүргізуге арналған.
Сандық ақпараттартармен жұмыс істеуге, есептеулерді жедел орындауға, есептеулер нәтижелерін Windows-тың басқа бағдарламаларына жіберуге, сандарды бір санау жүйесінен басқасына ауыстыруға, дәл есептеулер жүргізуге арналған.
Калькулятордың екі түрі бар: қарапайым, инженерлік.
Іске қосу: ПускПрограммыСтандартныеКалькулятор.
Калькулятор терезесінің өлшемі бекітілген тақырып жолынан басқа оның менюі (түзету,түр,анықтама), терілген сандарды көруге және нәтиже беруге арналған енгізу өрісі, есептеуге арналған батырмалары бар аумағы болады. Калькулятордың жұмысы оның тақтасында маусты басу арқылы басқарылады.Операторлар мен сандарды пернетақтадан да енгізуге болады. Сандық пернетақтадан енгізу үшін NumLock пернесін басу қажет.
Калькулятор(лат. calculator – есептеуіш) – шағын есептеуіш құрылғы. К. адамның араласуы арқылы цифрлар мен командаларды қолдан енгізу жолымен қарапайым арифмет. амалдарды және кейбір матем. функцияларды есептеуге арналған.


Калькулятормен жұмыс істеудің кейбір әдістері
Пайызды есептеу:
Процент есептелетін санды теру
«х»белгісін басу.
Процент – санды теру.
«%» белгісін басу
Санды берілген дәрежеге шығару:
Санды теру, «х^y» батырмасын басу, дәреже - санын теру, «=» белгісін теру.
Оқушыларды плактқа жазылған калькулятордың негізгі батырмалары мен жалаушаларының тізімімен таныстырып, есептер шешуге өтемін.
1. «Көзбен мөлшерле» қай бағандағы сандардың қосындысы көп болады? Калькулятор көмегімен қосып, болжауларыңды тексеріңдер
№1 Тапсырма «Қызықты бет»
123456789 1=
12345678 21=
1234567 321=
123456 4321=
12345 54321=
654321=
7654321=
87654321=
1 987654321=
Жауабы: Екі бағанадағы да сандардың қосу нәтижесі бірдей:
1083676269.
2.Бірдей сандармен тек қосудың көмегімен бес екіліктің көмегімен 28 санын;-------------------------------------------------------------------------------------------
Сегіз сегіздің көмегімен 1000 санын жазыңдар.
22+2+2+2=28
888+88+8+8+8=1000
3.Тоқсан тоғыз бен жүз.
Жауабы: 9+8+7+65+4+3+2+1=99 немесе 9+8+7+6+5+43+21=99
1+2+34+56+6+7=100 немесе 1+23+4+5+67=100
4.Жүз.Кез келген арифметикалық амалдардың көмегімен не бес бірліктен, не бес бестік жүз санын құрастыр. Бес бестіктен жүз санын екі түрлі тәсілмен құрауға болатынын ескер.
Жауабы: 100=111-11немесе 100=5*5*5-5*5 немесе 100=(5+5+5+5)*5
5. Тапрсырма сандық әткеншек:
37*3=111
37*6=222
37*9=333
37*12=444
37*27=999
6. Тапсырма. Арифметиканың төрт амалын орналастыр. Калькулятордың ішкі жадының көмегімен тексер.
Жауабы:(1+2)/3=1 {[1+2)*3-4]/5+6}/7=1
12/3/4=1 [(1+2)/3*4]+[5+6-7]/8=1
7 тапсырма. Уақытты белгіле де, калькулятордың көмегімен қосу амалын орында. Есептеу уақыты мен нәтижесін жаз.
328 645
491 221
316 304
117 586
571 355
508 779
183 696
382 414
Жауабы: 8000000.
8 Тапсырма.
Инженерлік калькуляторды қолданып, төмендегі амалдарды орында. Жазбалардың екі бөлігін өзара салыстыр.
625 56-2=625 289 (8+9)2=289 1022 210-2=1022
128 28-1=128 4*23=32 43/2=32 37*(3+7)=370 33+73=370
48*(4+8)=576 43+83=576
147*(14+7) =3087 143+73=3087
148*(14+8)-3256 143+83=3256
111*(11+1)=1332 113+13=1332
12*3*(1+2+3)36 13+23+33=36

12*42=502
21*24=504
13*62=806
31*26=806
23*96=2208 32*69=2208
24*63=1512 42*36=1512
26*93=2418 62*39=2418
36*84=3024 63*48=3024
46*96=4416 64*69=4416
6.2.16 Тапсырма. Сандарды табу.
42=16
342=1156
3342=111556
33342=11115556
333342=1111155556
3333342=11111115555556
9 тапсырма Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар.
Сандар берілген...
3.56,9,-27,6.25, 0.064, -3,-5,4.21, 5.76
Олардың қосындысын және орташа арифметикалықты анықтаңдар.
Қосынды 3,889
Орташа арифметикалықсы 0,432
Сұрақтарға үйде жазбаша жауап жазып келу:
Калькулятор бағдарламасының арналуы қандай?
Сен калькулятордың қандай түрлерін білесің?
Инженерлік калькулятордың арналуы қандай?
Батырма функциясын қалай анықтауға болады?
Сабақты қорыту. Үй тапсырмасын түсіндіру.