Кемел ойлы кеме?гер т?л?а т?рбие са?аты
Тақырыбы: Кемел ойлы кемеңгер тұлға
Мақсаты:
а) білімділік:Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру.
ә) Дамытушылық: Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі - өнеге ету.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі:Н.Ә. Назарбаевтың түрлі жанрларда түскен суреттері, кітаптары, презентация
Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
ІІ. Кіріспе
Мұғалім:Оқушылар елбасы еңбектерінің қандай тақырыптарын оқысаңдар да, ел экономикасын,ел тарихын, ұлт рухын, халықтың салт-санасын дүр сілкіндіріп оятатын ойлар, мол өмірлік тәжірибе, ғибратты тағылым жатқанын көре аламыз. Сондықтан да еліміздің болашақта үміт күтетін ұрпағы сендер, Елбасының «…садағаң кетейін,айналайын халқым!Сенің жолыңда бойда қуат,ойда нәр-бәрін аянбай сарп етуге пейілмін» немесе «Менде қазақтың елдігін,Қазақстан Республикасының мемлекеттігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ»,-деген сияқты сертпен тең тегеурінді ойларын, елім деп еңіреген ерінің жасампаздыққа толы жан сырын, қанатты қағидаларын және өмір жолдарын біліп жүрулерің қажет деп ойлаймын.
ІІІ. Негізгі бөлім
Мұғалім: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысындағы Шамалған селосында туған.Өзінің өмірін жұмысшы болудан бастап,Қазақстан Республикасының елбасына дейін көтерілген.
Н.Ә.Назарбаев осындай тамаша жетістіктер деңгейіне бірден қолы жеткен жоқ. Кішкентай кезінен бастап, түрлі қиындықтарды бастан кешірген.Соның бірі бала кезінде бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы бораны мен күздің қара суығына қарамастан, таңның атуын күтпестен мектепке қатынаған сәтін айтсақ та болады.Алдына қойған мақсаты айқын адамдар не нәрсе болса да жеңіп, сол мақсатына жететінін біз осы атамыздың жасап жатқан айшықты да айқын жұмыстарынан аңғара аламыз (Оқушылар елбасының өмірін үш кезеңге бөліп әңгімелейді):
Өмірі, өскен ортасы
Қызметі
Отбасы жағдайы
1-бөлім:
Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD" Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген.Қызмет жолы1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9B%D0%B0%D1%80%D0%B0%D2%93%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B" Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%BA%D0%B5%D2%A3%D0%B5%D1%81_%D0%BE%D0%B4%D0%B0%D2%93%D1%8B_%D0%BA%D0%BE%D0%BC%D0%BC%D1%83%D0%BD%D0%B8%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA_%D0%BF%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B&action=edit&redlink=1" Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.Еңбек жолын HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1960" 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.
1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.
1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі2000 ж. дейін ұзартылды.
1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
Отбасылық жағдайыЖұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады.Президенттің үш қызы бар:
Дариға — саясат ғылымдарының докторы, ЖАҚ "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар Кеңесінің Төрайымы, HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_%D1%80%D0%B5%D1%81%D0%BF%D1%83%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%81%D1%8B_%D0%BF%D0%B0%D1%80%D0%BB%D0%B0%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%82%D1%96" Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Динара — Н.Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Forbes журналының мәліметі бойынша 2011 ж. наурыз айына қарасты 1.3 миллиард АҚШ долларын құрайтын әл-ауқатымен Қазақстанның ең бай әйелі боп саналады. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D1%82%D0%B8%D0%BC%D1%83%D1%80_%D2%9B%D2%B1%D0%BB%D1%8B%D0%B1%D0%B0%D0%B5%D0%B2" Тимур Құлыбаевтың жұбайы.
Әлия — бизнеспен айналысады, « HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D1%8D%D0%BB%D0%B8%D1%82%D1%81%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%B9&action=edit&redlink=1" Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.
Н. А. Назарбаевтың жеті немересі және екі шөбересі бар.
Н.Ә.Назарбаев ҚР-ның Президенті болғалы еліміз қаншама қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешіргенмен, жеткен жетістіктеріміз де аз емес.
Олай болса, келесі кезеңіміз, «Жылдар сөйлейді» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар Тәуелсіздік алғалы 21 жыл ішінде еліміздің жеткен жетістіктері, ел тарихындағы елеулі оқиғаларға тоқталады.
2-бөлім:
1991 жыл
1992 жыл
1993 жыл
1994 жыл ...
2012 жыл
Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақстан Парламентінің Сенаты «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекесін бекіткен заңын қабылдаған болатын. Бұл – еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ, яғни 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды.
«Ел болу үшін ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа деген сенім болуы керек» деген елбасымыздың айтқан салиқалы пікірінен еліміздің аз уақыт ішінде қаншама жетістіктерге қол жеткізгендігі баршамызға аян. БҰҰ-ға мүше болдық, республикамыз әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді, ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді, мемлекеттік рәміздеріміз белгіленіп, Ата заңымыз қабылданды, ұлттық валютамыз шығарылып, 7-қысқы Азияда ойындарының жалауы еліміздің көгінде желбіреді.
1998 жылы 6-мамырда Елбасының жарлығымен мемлекет астанасы Ақмола болып өзгертіліп, осы жылы 10-шілдеде Астананың халықаралық тұсауы кесілді. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» атағы беріліп, медальмен марапатталды.
3-бөлім: «Ұлылар үндестігі»
Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындар
Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіҚазақстан менеджмент институтыЭкономика және болжау институтыҚожа Ахмет Йассауи атындағы Қазақ-түрік университетіН. Гумилев атындағы Еуразия университетіҰлттық Мемлекеттік заң университетіНазарбаев УниверситетiНазарбаев Зияткерлік Мектебібірқатар лицейлер мен колледждерПрезиденттік «Болашақ» бағдарламасы іске асуда, ол бойынша жастар дүние жүзінің ірі оқу орындарында білім алып жатыр.
Аса талантты балалар үшін президенттік « HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%8B%D0%BD" Дарын» сыйлығы тағайындалған.
Басқа лауазымдары мен мансаптарыЭкономика ғылымдарының докторы (1993)
ҚР ҰҒА-ның (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигіҚазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы
Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы
Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы
Нұр Отан Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы
Дүние жүзі қазақтары ассоциациясының төрағасы
Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы
ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы
Бірнеше жыл Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарды.
Елбасының атқарған лауазымды қызметтерімен, мадақтамалары мен медальдарымен таныстыру (слайдпен).
Соңғы кезеңде Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерімен таныстыру (көрме)
Қорытынды: Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген:
«Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа, Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда».