Word. О.С?рсенбайды? Ба?ыт ??сы повесіндегі диалектизм с?здер ?ылыми жоба 25 бет


МАЗМҰНЫ
І КІРІСПЕ ......................................................................................................3
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. Оразбек Сәрсенбайдың «Бақыт құсы» повесіндегі жергілікті жер диалектілерінің қолданылу ерекшеліктері
2. 1 Көркем шығармадағы материалдық мәдениетке қатысты диалектизмдердің берілуі ...................................................................................6
2. 2 О.Сәрсенбай «Бақыт құсы» повесіндегі жергілікті жер ерекшеліктері ....................................................................................................10
ҚОРЫТЫНДЫ ...........................................................................................22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ....................................................24




І Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Тіл – мәдениеттің қайнар көзі. Өйткені ол мәдениеттің құрастырушы бір бөлігі, сонымен қатар, тіл мәдениетті танытудағы негізгі құрал, себебі біз ол арқылы мәдениетті меңгереміз. Тіл мәдениеттің жалпы сипатын танытады. Негізгі ақпаратты сақтайды, жинақтайды, таратады. Осыған байланысты тіл әрбір этникалық қоғамдастықта этностың мәдени ерекшелігін танытатын фактор ретінде, мәдениеттің тіл арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетуін қамтамасыз етеді. Осылайша, ұлтты бір тұтастырып, бүтіндігін сақтайды. Мәдениет арқылы тілімізде этномәдени ақпараттар қалыптасады. Олар рухани мәдениет және материалдық мәдениет формасында таралады. Қандай да болмасын заттың атауы оны тек атап қана қоймай, сонымен бірге оны танытады. Тіл тек қарым-қатынас және танымдық қызмет атқаратын құрал ғана емес, сондай-ақ ұғым – тіл – мәдениет жиынтығынан құралатын, тұтас дүние жөніндегі мол мағлұмат беретін ұлттық мәдени код, қор, мәдени ақпарат көзі ретінде танылады. Адамға рухани, интеллектуалдық әлеуметтік мүмкіндіктерден туындайтын аса мол алуан түрлі ақпарат тілдік арналар арқылы беріледі.
Тіл мен мәдениет екі түрлі семиотикалық жүйеде танылғанымен, бір бірін толықтыратын, өзара тығыз байланысты тұтас жүйе. Мәдениет – қоғамдық фактор, оның мәдени тұғырға көтерілуіне әлеуметтік фактордың ықпалы зор. Өйткені бір этностың мәдениеті екінші этносқа оның тілдік таңбалары арқылы баяндалады. Демек, кез келген ұлттық тілдің сырын шынайы тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның түпті тамыры сол тілде сөйлеуші этностың сан ғасырлық жүріп өткен тарихымен, күнделікті өмірде орныққан мәдениетімен, ой танымымен тікелей байланысты. Көркем мәтін – ұлттық бітім-болмысты, ұлттық психологияны, ұлттың дүниетанымы мен оның өмір сүру тәжірибесін, ұлттық салт-дәстүр мен наным-сенімін таныстыратын біртұтас дүние. Көркем мәтін - ұлттық мәдениеттің тілдік көрінісі, айнасы. Сондықтан әрбір көркем шығарманың бойынан сол ұлт туралы материалдық та рухани да мәдениет негізін тануға болады.
Көркем шығармалар арқылы, автордың танымдық аясы мен ақиқат дүниені бейнелеу қабілетіне қарай жазушы баяндап отырған ортаның мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін, танымдық ерекшелігін анықтауға болады. Әрбір көркем шығарма – бұл ұрпақтан-ұрпаққа қалатын мұрағат. Сондықтан жазушы тіліндегі әрбір тілдік бірлік сол заманның мәдениетін, өмірлік болмысынан шынайы ақпарат беретін тарихи мұра десек те болады. Демек, кез келген ұлттық тілдің сырын шынайы тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның түпті тамыры сол тілде сөйлеуші этностың сан ғасырлық жүріп өткен тарихымен, күнделікті өмірде орныққан мәдениетімен, ой танымымен тікелей байланысты. Автордың ішкі көркемдік дүниесі мен оны тудыру шеберлігін мәтін арқылы тани аламыз. Көркем мәтін автор ойын объективтендіріп, оның шығармашылық көзқарасыын таныту үшін, адам туралы, айнала қоршаған әлем туралы білімі мен түсінігін бейнелеп жеткізу үшін және автор танымындағы әлемді басқаға сол қалпында дәл жеткізу үшін жұмсалады. Көркем шығарма тілін зерттеу арқылы сөздік қорымыздағы сан алуан тілдік бірліктердің стильдік, мағыналық, функционалдық қызметтерін, олардың заттық мәдени мағынасын, ұлтты таныту қасиеттерін, этимологиялық қалыптасу тарихын анықтауға болатыны белгілі. Осыған байланысты көркем әдебиеттердегі диалектілік лексемалардың қолданылу себебін анықтап, оның ішінде әдеби тіл қатарына енуге бейім тұрған жеке атаулық (номинативтік) мағынаға ие болып, қазіргі заман талабына, яғни өзге тілден енген сөздерді қазақшалау шарттарына сәйкес келетін диалектизмдерді айшықтап, ажыратып көрсету жұмыстың өзектілігін танытады.
Қазақ тіл білімінде жергілікті тіл ерекшеліктерін талдауда антропоцентристік бағыттағы зерттеулер жанданып келеді. Бұл орайда М.Атабаеваның, Ж.Мұхамбетовтың еңбектерін атауға болады. М.Атабаеваның еңбегі қазақ тіліне ортақ этнодиалектизмдерге арналса, Ж.Мұхамбетов кандидаттық диссертациясында Батыс Қазақстан аймағындағы тұрғындар тіліндегі этнодиалектизмдерді талдауды мақсат еткен. Жұмысымызда Оңтүстік өңірден шыққан жазушы Оразбек Сәрсенбайдың қолданыстарындағы жергілікті тіл ерекшеліктері этнолингвистикалық тұрғыдан қарастырылды. Осы уақытқа дейін Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі тұрғындардың тіліндегі лексикалық, грамматикалық, фонетикалық ерекшеліктер сөз болғанымен, Оразбек Сәрсенбай шығармаларындағы диалектиз мәселесі арнайы қаралмаған. Тақырыптың өзектілігін осы тұрғыдан да сипаттауға болады деп ойлаймыз.
Зерттеудің нысаны. Қазақстанның оңтүстік өңірінен шыққан жазушылардың бірі – О.Сәрсенбай шығармаларындағы жергілікті тіл ерекшеліктерінің танымдық мәні, этнолингвистикалық табиғатын ашу зерттеу нысанына жатады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. О.Сәрсенбайдың «Бақыт құсы» повесіндегі жергілікті тіл ерекшеліктерінің жұмсалуын анықтау. Оларға сипаттама жасау отырып, тақырыптар бойынша саралау. Ол үшін мына міндеттерді жүзеге асыру көзделді:
жазушының жергілікті тіл ерекшеліктерін тиімді қолдануын анықтау;
диалектизмдерді қолданудағы жазушының шеберлігін айқындау;
жазушы тіліндегі әдеби нормаларын тақырыптар бойынша саралау;
көркем шығармадағы диалектизмдерге талдау жасай отырып, Оңтүстік Қазақстан өңірінде қалыптасқан материалдық мәдениет атауларының ұлттық-мәдени ерекшеліктерін сипаттау.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Зерттеу жұмысының дереккөздеріне: «Қазақ тілінің аймақтық сөздігі», «Қазақ әдеби тілінің сөздігі», «Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігі», «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі», Ә.Қайдардың «Халық даналығы», Р.Сыздық «Сөз құдыреті», «Сөздер сөйлейді», «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі», Ж.Бабалықұлының, Х.Арғынбаев, С.Мұқанов, С.Қасиманов т.б. еңбектері және О.Сәрсенбайдың «Бақыт құсы» повесі алынды.
Зерттеудің әдістанымдық негіздері. Зерттеу жұмысына жалпы тіл білімі мен отанық тіл білімі бойынша лингвостилистика, диалектология, мәтін лингвистикасына және лингвомәдениеттану саласына байланысты жазылған В.А.Маслова, В.Виноградов, Н.Гальперин, Б.Уорф пен Э.Сепир, В.Ф.Гумбольдт, А.Байтұрсынұлы, Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, Ш.Сарыбаев, О.Нақысбеков, А.Бектұров, Б.Шалабай, Ж.Манкеева, М.Серғалиев, Н.Уәли, Г. Смағұлова, Г.Әзімжанова, А.Ислам т.б. ғалымдардың зерттеу қағидалары теориялық-әдістанымдық тұрғыдан басшылыққа алынып, ғылыми негіз болды.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмыстың мақсат-міндеттеріне сәйкес талдау, жинақтау, индукция, дедукция, сипаттау, саралау, семантикалық-стилистикалық талдау, тақырыптық-смағыналық топтастыру, этнолингвистикалық талдау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтиелері жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған «Қазақ тілінің диалектологиясы», «Қазіргі қазақ тілінің стилистикасы», «Қазақ тілінің лексикологиясы», «Көркем мәтінге лингвистикалық талдау», «Тіл мәдениеті», «Әдеби тілдің тарихы» сияқты пәндерді оқытуда, арнаулы курстар мен арнаулы семинарлар жүргізуде, сөздіктер құрастыруда пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
ІІ Негізгі бөлім
2. Оразбек Сәрсенбайдың «Бақыт құсы» повесіндегі жергілікті жер диалектілерінің қолданылу ерекшеліктері
2. 1 Көркем шығармадағы материалдық мәдениетке қатысты диалектизмдердің берілуі
Диалект (грек тіліндегі dialektos — әңгіме, сөз дегенді білдіреді)- жергілікті немесе әлеуметтік негіздерде бөлінген ұжымдардағы аралас-құраластық жасау құралы ретіндегі тіл ерекшелігі. Диалект – тілдің тууы мен өмір сүруінің аса маңызды формасы, ол шаруа, тұрмыстық және өндірістік қарым-қатынастар жасауының негізінде пайда болған алғашқы ұлттық тілдің ерекше белгісі. Тілдің әркелкі түрлері: онда әдеби тіл және жергілікті тіл ерекшеліктері (диалектілер), ауызекі тіл және арго (толық емес, редуцирленген – сөздік деңгейіне дейін қысқартылған тілдік жүйе) бар екендігі белгілі.
Прозалық шығармаларда диалектілік ерекшеліктер негізінен кейіпкерлердің тілінде қолданылады. Сонымен қатар, кейде автор сөзінде қолданылуы да орын алып отырады. Жазушылар диалектілік ерекшеліктерді  көбінесе жергілікті тұрғындарды сипаттауда, халық тұрмысын шынайы көрсету, белгілі бір аймаққа тән материалдық және рухани мәдениет ерекшеліктерін беру үшін, халықтың болмысын, рухын шынайы түрде бейнелеу мақсатында қолданады.
Жергілікті ерекшеліктердің лирикалық поэзияда қолданылуы мен прозалық шығармаларда қолданылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Экспрессивті қызметі автордың жеке өзі таратып отырған хабардағы көріністермен байланысты, ендеше сөз өз тұлғасын білдіре алудың құралы ретінде қызмет етеді. Импрессивті қызмет сөйлеушінің жеткізгелі отырған хабарына қаратыла айтылады десек, ол сөйлеушінің әсеріне байланысты адресат хабардың қандай  тілмен жеткізілгені туралы ақпаратты алумен қатар, автордың осы хабарға деген эмоционалдық жай-күйін біле алады. Бұл қызмет белгілі бір әрекеттерге байланысты адресаттың көңіл-күйіне, сезіміне, талап-тілегіне ықпал жасай алады.
Прозалық шығармалармен салыстырғанда, лирикалық шығармаларда диалектілік ерекшеліктер әлдеқайда аз қолданылады, оның үстіне онда негізінен лексикалық ерекшеліктер, ал фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктер мейлінше аз. Бұл жерде жергілікті тұрғындардың тіліндегі фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктерді көрсету емес, ойын нақты беру, қысқа да түсінікті етіп жеткізу мақсатынан туындаған.
Лексикалық ерекшеліктер өз ішінен бірнеше топтарға жіктеледі. Атап айтқанда: нақты лексикалық ерекшеліктер – әдеби тілде баламасы, синонимі бар сөздер;
семантикалық ерекшеліктер – белгілі бір тұрғындардың тілінде жалпыхалықтық қолданыстан бөлек мағынасы бар сөздер;
этнографиялық ерекшеліктер – белгілі бір аймаққа ғана тән, басқа жерлерде қолданылмайтын немесе олардан түбегейлі ерекшеленетін заттар мен құбылыстардың аттары;
этнографизмдердің жалпыхалықтық тілде баламасы болмайтындықтан, оларды сипаттама түрінде ғана беруге болады;
фразеологиялық ерекшеліктер – белгілі бір аймаққа ғана тән, сол жерде ғана түсінікті болатын тұрақты сөз тіркестері.
Кейіпкер образын жандандыра түсу тәсілдерінің бірі – оның тілінде сол өңірдің жергілікті ерекшеліктерін беру. Әрбір субъектінің жасына, қызметіне, өмір сүрген ортасына, күнделікті тіршілігіне қарай сөз қолданысы да басқалардан ерекшеленетіні белгілі. Олай болса, жазушы образ сомдауда осы ерекшеліктерді мүмкіндігінше мол қамтуға тырысып, экстралингвистикалық факторларды ескеріледі.
Жазушы тілін, сөз қолдану ерекшеліктерін сөз еткенде, ең алдымен, екі факті:
а) белгілі бір сөздерді қолдануда автордың өзіндік позициясын, мақсатын түсіндіру;
ә) автор  бейнесінің ерекшеліктеріне мән беру.
Ақын-жазушылардың шығармаларында кейіпкер тілінде (кейде лирикалық кейіпкер автормен астасып, орайласып жатады) жергілікті тіл ерекшеліктерінің кеңінен қолданылуы – шығарманың құндылығын  арттырады.
Дегенмен қаламгер тілінде жергілікті ерекшеліктерді қолдануында екі түрлі басты кемшілік байқалады:
а) жергілікті ерекшеліктерді автордың өз  баяндауында (автор мен лирикалық кейіпкер сәйкес келмеген жағдайда) қолдануы;
ә) сол өңірге жат, таныс емес, басқа аймақта қолданылатын  сөздерді қолдануы, яғни, автор жергілікті тіл ерекшеліктерін қолданғанмен, оның қай аймаққа тән екендігінен туындайтын фактор, себебі лексикалық ерекшеліктер  зерттеушілер  назарын ертеден-ақ өздеріне аударған, бір тілде сөйлейтін екі адам өз ара түсініскенмен, жекелеген сөздерді білмеуі немесе қолданбауы,  екінші жағынан, сол сөзге тілдік жағынан назар аудартады.   Фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктер сөйлеуші тіліндегі кейбір ерекшеліктерді байқауға мүмкіндік береді, бірақ өзара түсінуге елеулі-ықпал ете алмайды. Ал лексикалық ерекшеліктерді жекелеген дыбыс,  фонема, қос морфема көлемінде емес, тұтас лексикалық  бірлік болғандықтан, адресанттың ойын түсінуде олар маңызды қызмет атқарады. Әдеби тіл мен диалектілік лексиканың арасына біржола шекара қою қиын, қоғам дамуына, тілдің ішкі дамуына сай
Оқушы ғылыми жобасы туралы
Заман талабына сай оқушылардың өзіндік ізденімпаздық қырларын дамыта түсетін нәрсе – ғылыми жобалар. Осы мақсатта сараланып, жүйеленген ғылыми жобалар топтамасы оқушылардың тереңірек ізденуіне бағыт-бағдар береді.
Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.
Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.
Ғылыми жобаның толық нұсқасын жүктеу ақылы.
Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе
Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.
Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.
Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!

Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты
арқылы да ала аласыз!
Осы сайттан басқа да сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!