Резерфорд т?жірибесі. Атомны? ??рамы. Атомны? моделі.


Тізбектелген сабақтар6-сабақтың жоспары
Сабақтың тақырыбы: Резерфорд тәжірибесі. Атомның құрамы. Атомның моделі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларда атом құрылысы туралы ұғым қалыптастыру, Резерфордтың планетарлық моделімен таныстыру.
Оқу нәтижелері: Атомның планетарлық моделін білді, ядроның құрамы – протондар жайлы түсінік алды. Атомның құрамының күрделі екендігін дәлелдеді.
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, оқулықпен жұмыс, «Ақылдың алты қалпағы» әдісі, постер құрастыру, презентация жасау,
Түйінді идеялар: Сабақтың кезеңдері және мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Топқа бөлу. Оқушыларға «Рентген түтікшесі», «Эйнштейн формуласы», «Шығу жұмысының формуласы», «α-, β-, γ- сәулелер» бейнеленген қағаздар таратылады, осы сөздерге байланысты топқа бөлінеді. (2 мин)
Сергіту сәті («The Skeleton Dance» бейнежазбасы). (1 мин)
Итермелеу сатысы – оқушыларды уәждендіру, жаңа тақырыпты түсінуге платформа дайындау.
Жаңа тақырыпты меңгеру.
а) Таратпа материал және табыс критерийлері таратылып, оқушыларға өз беттерінше білім алуға мүмкіндік беріледі. Жеке жұмыс (7 мин)
ә) Жаңа материалды топтық талқылау (3 мин)
Жаңа тақырыпты бекіту және жаңа білімді ескі біліммен ұштастыру.
а) Әр топқа әртүрлі тапсырма беріледі (7 мин):
1-топ – төрт сабақ бойы меңгерілген атомның күрделі құрылысын дәлелдейтін құбылыстарды байланыстырып «Білім ағашын» өсіру, постер құрастыру;
2-топ – Томсон және Резерфорд моделінің айырмашылығын көрсетіп, презентация жасау.
3-топ – Ядро және оның құрамы тақырыбында постер құрастыру;
4-топ – «Ақылдың алты қалпағы» әдісі бойынша сабақты жалпылау, қорытындылау.
ә) Жұмыстарын қорғау және стикерлер арқылы бағалау “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі арқылы оқушылар өздерін өзі бағалайды.(20 мин)
Рефлексия (1 мин)
Тақтаға «Сабақтағы психологиялық ахуал», «Сабақтан алған әсерің» деген сөздер жазылған және «жақсы», «жаман» деген екі бағалау бағаны бар плакат ілінеді. Оқушылар магнит-смайликтер арқылы сабақты бағалайды.
Коррекция. Жаңа тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тереңдете түсу үшін интерактивті тақтада электронды оқулықтан бейнежазба көрсетіледі. (4 мин)
Үй тапсырмасы: §53 оқу, мазмұндау.