Резерфорд т?жірибесі. Атомны? планетарлы? моделі. Атом ядросыны? ??рамы та?ырыбына арнал?ан саба? жоспары
Сыныбы: 9 «а» Күні: 03.03.16
Сабақтың тақырыбы: Резерфорд тәжірибесі. Атомның планетарлық моделі. Атом ядросының құрамы.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Резорфорд тәжірибесі, атомның планетарлық моделі, атом ядросының құрамы тақырыптарын меңгеруі.
Тәрбиелік: жеке, өз бетімен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: атомның құрылысы жайлы білімдерін толықтыру, атомның моделі жайлы түсініктер алуы.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесіп болғаннан кейін, оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалап, сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтар қою арқылы:
Атомның күрделі құрылым екенін көрсететін қандай эксперименттік нәтижелерді білесіңдер?
Радиоактивті элемент және радиоактивті сәулелену дегеніміз не?
Магнит өрісінің радиоактивті сәулелерді зерттеудегі рөлі қандай?
Радиактивтік дегеніміз қандай құбылыс?
Топшама үлестіру арқылы:
Топшама 1-нұсқа
1.Қызған денелердің сәуле шығарып электр магниттік энергия таратуы қалай аталады?
2.Денелердің температурасы тым жоғары болса олар көрінбейтін қандай сәулелер шығарады?
3.Өзіне келген әртүрлі жиіліктегі сәулелердің энергиясын толық жұтып алатын денені қандай дене деп атайды?
4.Абсолют қара дененін сәуле шығару заңы?
5. Эйнштейн жарық бөлшегі қалай аталады?
6. Фотон қатты дененің немесе сұйықтың бетіне соғылғанда одан электрондар босап шықса мұндай құбылыс не деп аталады?
7. Радиактивті элементтерді ата:
Топшама 2-нұсқа
1..Сәулелер арқылы тарайтын немесе жұтылатын ең кіші бір үлес энергия ...
2.Резерфорд атомның күрделі құрылымын ашты және онын қандай моделін ұсынды?
3.Эйнштейн формуласын жаз
4.Фотоэффект құбылысына негізделіп жасалған құрал?
5. Электронның шығу жұмысы дегеніміз не?
6. Радий немесе уран сияқты өз-өзінен ерекше сәуле шығарып тұратын химиялық элементтерді қалай атайды?
7. Радиактивті сәулелерді ата:
ІІІ. Жаңа сабақ:
Көптеген тәжірибе нәтижесін талдай келіп, 1911 жылы Резерфорд Күн жүйесіне ұқсас атомның планетарлық моделін
ұсынды. Ондай модель бойынша атом оң зарядталған ядродан және оны айналып жүретін теріс зарядты электрондардан тұрады. Ядро төңірегіндегі мұндай электрондарды орбиталдық электрондар деп атайды, ал олардың жиынын электрондық қабықша дейді.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша, атом ядроларының заряды
qn=+Z·e
3596640660400шамасына тең. Мұндағы Z—элементтің Менделеев кестесіндегі реттік саны; е—элементар заряд. Ядро зарядының бүтін Z санына еселенетіні оның біртұтас бөлшек емес екенін аңғартады. Расында да, атомның өзі сияқты оның ядросы да кұрамдас бөлшек болып шықты.
Ядроның құрамына кіретін оң зарядты бөлшектерді протондар деп атайды.
Қалыпты жағдайда атом ядросының оң зарядын орбиталдық электрондардың теріс заряды теңгеріп тұрады. Сондықтан электрондық қабықшадағы теріс зарядтардың саны кері таңбамен алынған ядро зарядына тең: q= - Z·e
Бұл теңдіктерден мынадай қорытынды шығады:
әрбір электронның немесе протонның заряды бір элементар зарядқа (е = 1,6 • 10 19 Кл) тең;
кез келген элемент атомының ядросындағы протондар саны сол элементтің Менделеев кестесіндегі Z реттік санына тең.
Элементтердің ядроларын сол элементтердің периодтық кестедегі таңбаларымен белгілейді. Мысалы, сутегі ядросы Н, ал уран ядросы U таңбаларымен белгіленеді. Нақты бір элементтің ядроларындагы протондарсаны(Z) өзгермейді, нейтрондар саны әртүрлі болып кездеседі Осыган сәйкес химиялық элементтің ядролардагы нуклондар саны (А) өзгеріп отырады. Сөйтіп, элементтердің ядролары реттік санына қарай да, нуклондар санына қарай да бір-бірінен ажыратылады. Ядролардың осындай ерекшеліктерін дәл көрсету үшін олардың таңбаларының төменгі жағына реттік нөмірін (Z) жазады, ал жоғарғы жағына нуклондар саны (А) жазылады. Мысалы, сутек ядросы толық түрде ZAН немесе ZНA таңбаларымен, ал уран ядросы ZAUнемесе Z UA таңбаларымен белгіленеді.
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту.
Сұрақтар қою арқылы:
1. Атомның планетарлық моделін кім жасаған? (Резерфорд)
2. Зат неден тұрады? (молекула, атом, протон, нейтрон, электрон)
3. Атом дегеніміз не? (Бөлінбейтін бөлшек)
4. Атом заряды қандай? (бейтарап)
5. Ядроны құрайтын бөлшек туралы не білесің? (протон - оң, нейтрон - нейтрал)
6. Заттың агрегаттық күйлерінің ерекшеліктерін ата.
7. Өмірден мысалдар келтіру.
Менделеев кестесімен жұмыс:
1. Сутегі, гелий, литий, бериллий элементтерінің атомының құрылысын қарастырайық.
2. Күміс және Менделевий ядроларының құрамы қандай?
3. He, Li, Be атомдарында қанша электрон бар?
4. 4 2Х; 197 79Х; 26Х56 ядроларының қандай элементтікі екенін анықта.
5. 1Р1; 2Не4; - 1е0; 1Н2 белгілеулерінде қандай бөлшектер мен атомдар ядролары көрсетілген.
Деңгейлік есептер шығарту арқылы:
І деңгей
1. Суреттердің қайсысы атом құрылысына сәйкес келеді?
2. Фосфордың 15 Р 30 және 15 Р 31 изотоптары ядроларының айырмашылығы қандай?
3. Атом ядросында 51 р және 71 n бар. Бұл қандай элемент ?
ІІ деңгей
1. Протон мен нейтрон арасында қандай айырмашылық бар?
2. Неон изотоптарының 10 Ne 20 ;10 Ne 21 ; 10 Ne 22 құрылымы қандай?
ІІІ деңгей
1. Бір элементтің әр түрлі изотопын химиялық амалдармен ажыратуға бола ма?
2. Мына белгілеулерде қандай бөлшектер мен атомдардың ядролары көрсетілген?
1р 1; 2Не 4 ; 0 n 1 ; -1e 0; 1H 2V. Жаңа білімді қорытындылау:
атомның планетарлық моделі қандай тәжірибеге негізделген? Протонның электронның зарядтары неге тең?
Ядроның мөлшері, заряды туралы не білесіңдер?
Ядро қандай бөлшектерден тұрады? Ядроның массалық саны нені білдіреді?
Ядроның заряд саны дегеніміз қандай сан? Оның физикалық мағынасы қандай?
Нуклондар, нуклидтер деп нені айтамыз?
Изотоптар дегеніміз не? Бір элементтің әртүрлі изотоптарын химиялық тәсілмен ажыратуға бола ма?
Қандай спектрлер тұтас немесе сызықтық деп аталады?
Заттың қандай агрегаттық күйлерінде тұтас және сызықтық спектрлер сәйкес келеді? Қандай жағдайда шығу және жұту спектрлері байқалады?
Спектрлік анализ дегеніміз не және ол қандай құбылысқа негізделген? Спектрлік анализді қолданып қандай химиялық элементтер ашылды?
VІ. Үйге тапсырма: §.53. 42-жаттығу.
VІІ. Бағалау.