Саба? жоспары: А?аш жону білдегі
Сабақтың жоспары
Сабақтың тақырыбы: Ағаш жону білдегі
Сабақтың мақсаты: Ағаш жону білдегі құрылысымен танысып, білдекті іске қосып үйрену.
Міндеттері:
1.Пән бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру
2.Танымдық қызығушылығын дамыту
3.Еңбекке баулу тәрбиесін жүзеге асыру
Сабақтың көрнекілігі: СТД-120м ағаш жону білдегі. Құрылысының суреті, ағаш жонуға арналған пышақтар,дайындалған әр-түрлі бұымдар.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі көрсету және жұмыс істеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, оларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Оқу құралдарын әкелу, жұмыс киімін әкелу,материал дайынау: 50х50х400 ағаш. Қауіпсіздік техникасы ережелерін қайталау.
3.Жаңа сабақты түсіндіру.
Айналатын денелер түріндегі бөлшектерді жасау үшін оларды токарь станогына салып жонып, егейді. Біздің отандық өнеркәсібіміз орталықты, қарама-қарсы және орталықсыз токарь станогтарын шығарады. Ағаш өңдейтін СТД -120м үлгісіндегі токарь станогының негізгі бөлігібағыттаушы тетіктеріменқоса алғанда, шойыннан құйылған тіректі негізі болып табылады. Ол өзінің екі тіректі табаны арқылы станогты тұрақты әрі берік тұруын қамтамасыз етеді. Оған алдыңғы және артқы қыспақ тетіктер, ұстайтын тұтқасы орналастырылған. Станогтың жұмыс механизмдері кесу аймағын құрайды. Бұл аймақ байқау экраны бар қорғағышпен жабылып тұрады. Станог орнатылатын тіректі негіз өзінің тірек табандары арқылы ағаштан жасалған арнаулы платформаға мықтап бекітілген. Оның сол жақ бөлігінде станогтың электро механикалық жетегі орнатылған. Станогтың жетегі сақтандырып тұратын қорғағыш қаптамамен жабулы тұрады. Станог жұмысына басшылық жасау түймеше тетік блогы арқылы қамтамасыз етіледі. Ол блог алдыңға қыспақ тетікке орналастырылған. Дәл осы жерге жарық түсірілетін шам бекітілген.
Ағаш өңдеу жұмысына қолданылатын токарьлық өткір тістер: а) бір қалыпқа келтіретін қармақты ілгектер, ә) жартылай дөңгелек қашау, б) қиғаш жүзді қашау, в) ой-өрнек салатын тістер.
4. Сабақты бекіту. Сұрақ-жаувп
1.Токарь станогында ағаш өңдеудің қандай түрлері орындалады?
2. СТД-120м токарь станогының құрылысы қандай?
3.Жанып-жону кезінде қандай аспабтар қолданылады?
5.Қауіпсіздік техникасы ережелерінен жалпы нұсқау беру.
а) Арнаулы жұмыс киімін кіиу
ә) Жұмыс басталмай тұрып станогты тексеру.
б) жұмыс кезінде басқа нәрсеге алаңдамау
в) Басыңды станогтың айналып тұрңан жеріне төмен жақындатпау
д) Жұмыс аяқталғансоң станогты арнайы щетканың көмегімен тазалау.
6. Оқушылардың сарамандық жұмыс істеуі.
Әр оқушы кезекпен мұғалімнің қадағалауы бойынша сыртқы станогты іске қосып үйренеді.
7. Сабақты қортындылау.
Оқушылардың сабаққа қатысыуы және жасаған жұмысы бойынша оларға баға қою.
8. Үйге тапсырма.
Қауіпсіздік техникасы ережелерін қайталап, керекті материал әкелу.