5-сынып?а арнал?ан ба?ылау тест ж?мысы.


5-сынып. 3-тоқсан
1-нұсқа.
1. Мақалдың басын тап. ... - үлкен мектеп.
А) Дала Ә) Кітап Б) Өмір В) Мұғалім
2.Кітапхана қандай түбірлі сөз?
А) негізгі түбірлі сөз Ә) туынды түбірлі сөз Б) жуан түбірлі сөз В) жіңішке түбірлі сөз
3. Жіңішке сөзді тап.
А) маусым, тамыз Ә) сәуір, мамыр Б) сәуір, шілде В) қыркүйек, желтоқсан
4. Бітеу буынды тап.
А) ақ Ә) жаз Б) өзен В) балық
5. Спортзалда қандай сабақтар өтеді?
А) қазақ тілі мен әдебиет Ә) еңбекке баулу Б) бейнелеу өнері В) дене шынықтыру
6.Мына сөйлемге қандай тыныс белгісін (знак препинание) қою керек?
Күн қандай тамаша
А) сұрау белгісін Ә) леп белгісінБ) нүкте В) үтір
7. Сөз тіркесі деген не?
А) бірнеше сөздің бір-бірімен мағыналық байланысқа түскен тобы.
Ә) зат немесе құбылыс атауы. Б) мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.
В) заттың атын білдіретін сөздер
8. Оқушы сөзінің синонимін тап. А) ұстазӘ) студент Б) шәкірт В) оқытушы
9. Мына сөз тіркестің түрін тап. Менің ермегім
А) есімдік + сын есім Ә) есімдік + зат есім
Б) есімдік + етістік В) сын есім + зат есім.
10.Сөз тіркесін тап.
А) Балабақша. Ә) Бала тілі - бал. Б) Балалардың досы. В) Болашақ.
11. Жаз айларын көрсет.
А) наурыз, сәуір, мамыр. Ә) мамыр, шілде, тамыз.
Б) маусым, шілде, тамыз. В) қыркүйек, қазан, қараша.
12. Жазда адамдар қалай киінеді?
А) жеңілӘ) қалыңБ) жылыВ) ауыр
13. Жазда ауа райы қандай болады?
А) суықӘ) салқынБ) ыстықВ) жылы
14. Қатардағы артық сөзді тап. Көйлек, жейде, тақия, пальто.
А) көйлекӘ) жейдеБ) тақияВ) пальто
15. Мақалдың жалғасын тап. Қыстың қамын ... .
А) Қыс ойлаӘ) жаз ойлаБ) ойла да біл В) жазда жазыларсы
16. Сөйлемді толықтыр. Жазда балалар өзенге барып ... .
А) шомылады. Ә) коньки тебеді.Б) ойнайды.В) гүл тереді.
17. «Жазда» деген сөздің синонимін тап.
А) жазғытұрым Ә) жаздыгүніБ) қыстыгүні В) күздігүні
18. Кеше, бүгін, кеш, ерте – қандай үстеу?
А) мақсатӘ) мекен Б) сын-қимылВ) мезгіл
19. Сөйлемге керекті үстеуді қой. ... дүкенге бар.
А) алыстан Ә) кешеБ) күндізВ) ең
20. Мөлшер үстеу қандай сұраққа жауап береді?
А) Қалай?Ә) Қандай?Б) Неге?В) Қанша?
5-сынып. 3-тоқсан.
2-нұсқа.
1.Мақалдың жалғасын көрсет.
Мектеп - кеме, ... .
А) үлкен мектеп. Ә) тілсіз мұғалім. Б) білім - теңіз. В) білім - кітапта.
2. Жуан сөзді тап.
А) маусым, тамыз Ә) сәуір, мамыр Б) сәуір, шілде В) қыркүйек, желтоқсан
3. Екі буынды сөзді тап.
А) жаз Ә) жазғытұрым Б) көктем В) ас
4. Сөйлемді аяқта. Көктемде өзендерде ... .
А) қар басады. Ә) бәйшешек гүлдейді. Б) сең жүреді. В) коньки тебеді.
5. Көктемнен кейін қандай мезгіл келеді?
А) қысӘ) көктемБ) жазВ) күз
6. Көктемге тән сөзді көрсет.
А) бәйшешек Ә) қар Б) боран В) шомылады.
7. Қайдан- бұл қандай үстеу сұрағы?
А) мақсатӘ) себепБ) мекенВ) күшейткіш
8. Қатардағы артық сөзді тап. Бәтеңке, пима, етік, туфли.
А) бәтеңке Ә) пима Б) етік В) туфли
9. Кітап жазатын адамды кім дейді?
А) кітапханашы Ә) ағартушы Б) жазушыВ) спортшы
10. Сөйлемге керекті тыныс белгісін (знак препинания) қой.
Театрға қашан барамыз
А) нүкте Ә) леп белгісі Б) сұрау белгісі В) көп нүкте
11. Аяқталған ойды білдіретін сөзді немесе сөз тіркесін не дейміз?
А) сөз Ә) сөз тіркесі Б) сөз табы В) сөйлем
12.Сұраулы (вопросительное) сөйлемді көрсет.
А) Алтын алма, білім ал. Ә) Ертең біздің үйге кел
Б) Мына алма ма, алмұрт па В) Алма тәтті
13. Берілген сөз тіркестің түрін анықта. Бесінші сынып
А) зат есім + зат есім Ә) сан есім + зат есім
Б) сын есім + зат есім В) зат есім + етістік
14. Қатардағы артық сөзді тап. Мамыр, маусым, шілде, тамыз.
А) мамырӘ) маусымБ) шілдеВ) тамыз.
15. Жаз қандай мезгілден кейін келеді?
А) қыстан Ә) жаздан Б) көктемнен В) күзден
16. Жазғы қоныс (стоянка) қалай аталады?
А) қыстау Ә) жайлау Б) күзеуВ) көктеу
17. Сөйлемді толықтыр. Жазда адамдар ... .
А) жеңіл киім киеді. Ә) жылы киінеді.. Б) шаңғы тебеді. В) егін егеді.
18. «Жаздыгүні» деген сөз қандай мағына береді?
А) қыстаӘ) күздеБ) жаздаВ) көктемде
19. Мақалдың жалғасын тап. Қыста малыңды бақ, .... .
А) жазда шөбіңді шап. Ә) жазда жазыларсың.
Б) жаз ойла. В) қыстың мың күнін асырайды.
20. Үстеудің анықтамасын тап?
А) заттың санын білдіреді Ә) заттың іс-қимылыныңмезгілін, мекенін, жай-күйін білдіреді
Б) заттың атын білдіредіВ) заттың іс-қимылын білдіреді