Жыл мезгілдерін білесі? бе? сыныптан тыс
Тақырыбы; «Жыл мезгілдері».
Мақсаты; Оқушыларға жыл мезгілдерінің өзгерістері жөнінде айта отырып,Абай Құнанбаевтің шығармаларының түйіні,өзегі,негізгі ойы болып отырғанын ұғындыру.
Оқушыларға жыл мезгілдерін ажырата отырып, оны жапсырмалай білуге баулып,шығармашылық қабілеттерін дамыту..Бақылау дағдыларын қалыптастыруЖыл мезгілдерінің табиғатын салыстыру арқылы ,өлең ұйқасын құрастыруға баулу..
Табиғат тамашасына сүйсіне білуге,табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі;аралас сабақ.
Сабақ әдісі; топтық жұмыстар,сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері,түсіндіру,шығармашылықпен жұмыс.
Пән аралық байланыс; ана тілі,еңбекке баулу.
Барысы; 1.Ұйымдастыру кезеңі;
-Жылдың қай мезгілі?
-Қай ай?
-Бүгінгі ауа-райы қандай?
2. Психологиялық дайындық;
Табиғат ол- анамыз,
Табиғатқа баламыз.
(жай,қаттырақ)
3.Жаңа сабақ;
а)«Бұл қай кезде болады?» өлеңді оқу.
(күз,қыс,көктем,жаз)
б) Бүгінгі тақырыбымыз: « Жыл мезгілдері»
-мақсатын оқу.
4. «Кім қай айда туған?» ойыны.
Қыс-қар қағу,көктем-гүл,жаз-жемістер,күз-жемістер қағып алу.Қай мезгілде туған болса,соның белгісін қағып алу.
1-топ- қыс айларында туғандар.
2-топ-көктем айында туғандар.
3-топ- жаз айында туғандар.
4-топ- күз айларында туғандар.
5. «Ой қозғау»
-Жыл мезгілдерін суреттеп айтқызу,топ бойынша.
- Сендер жыл мезгілін осылай суреттедіңдерАл,біздің ұлы ақынымыз жыл мезгілдерін өлеңге қосқан кім еді? .
Абай Құнанбаев
1845 жылы туған. Семей қаласы. Ақын,жазушы. 1904 жылы қайтыс болған. Лирик ақын.- табиғаттың әсем сырларын, құбылыстарын жырға қосқан.-Қыс,жазғытұрым, жаз,күз. (өлеңдерін жатқа айтқызу).
-Сергіту сәті «Қыс».
-«Қар лақтыру» ойыны.
6. Оқулықпен жұмыс.
- тізбектей оқу.
- әр мезгілдегі өлі табиғатта болатын өзгерістерді шартты белгілері бойынша әңгімелету.
-Сергіту сәті «Күз».
Сары алтындай жапырақ,
Сыбдырлайды түседі.
Тырс-тырс етіп тамшылар,
Жерге топ-топ түседі.
7. Дәптермен жұмыс.
күз,жаз,қыс,көктем
Қыркүйек,қазан,қараша. Желтоқсан,қаңтар,ақпан. Маусым,шілде,тамыз. Наурыз,сәуір,мамыр
Сергіту сәті «Көктем».
Тырна келіп тыраулап,
Тіліп өтіп аспанды.
Қаздар көлде жүр ойнап,
Көктем тойы басталды.
6.Шығармашылық жұмыс.
Қағаздан топ бойынша жыл мезгілдерін құрастыру.
-мақал-мәтел айту. Жапсыру,қорғау.
Жыл мезгілдерінің айырмашылығын айту.
Сергіту сәті. «Жаз»
Тәулік бойы тынбайтын,
Болайықшы ақ жауын.
Астан-кестен жауатын,
Өткінші енді біз жаңбыр.
Қатты нөсер басылды,
Күн жарқырай ашылды,
Неше түрлі әдемі,
Кемпірқосақ жасалды.
9.Ассоциация құру. (тақтаға қаламмен жазу)
Қыс- қар,аяз,шана,пима,қолғап, құлақшын,шаңғы.
Жаз-ыстық,футбол,көйлек,
Күз- жер сап-сары, жапырақтар түсу,мектеп,
Көктем-жылы,гүл,құстар,
. «Сен білесің бе? » айдары.
Қазақша ай аттарының мағынасына тоқталу.
-Жылдың басы наурыз айынан басталып наурызда күн мен түн теңеледі.
-«Көкек» айының атауы көктемде көкек құсының ұшып келуіне байланысты шыққан.
-«Мамыр» сөзі молшылықты,кеңшілікті білдіреді.
-«Қыркүйек» атауы «қырғи» және «күйек» деген екі сөзден туындайды. Қырғи-жыртқыш құс.Күйек-саулық қойға кигізетін жүн.
- «Қазан» айында күн суытып,қатты жел соғады,соған сәйкес ел аузында «қазанның қара дауылындай» деген мәтел бар.
- 22- желтоқсанда «күн тоқырау» деп атаған. Халқымыз «Желтоқсанда күн торғай адымындай, қаңтарда қарға адымындай, ақпанда ат адымындай ұзарады» деген мақал қолданған.
-«Үркер» жұлдызының жыл мезгілдерін анықтауда орны ерекше.Жаз айларында «Үркер жерге түсті», ал күз айларында «Үркер төбеге келіп қалыпты», қыс айларында «Үркер төбеге келіпті, қыс ортасы болыпты» деп,аспан денелері мен табиғат құбылыстары арасындағы сәйкестікті тереңінен болжаған.
10.Қорытынды, «Қандай мезгіл тамаша?» өлең шумағын құрау.
Көктемгі кез- көрікті.
Жазғы мезгіл- жаңаша.
Күзде бәрі-әдемі.
Қыста бәрі- тамаша.
11.Бағалау. Үйге:эссе жазу.