Жыл мезгілдерін білесі? бе? сынып тыс іс-шара
ДҮНИЕТАНУ "ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ" 1 СЫНЫП
0
Боранбаева Айгерим Нурлановна
Сілтеме Электронды оқулық, Жалпы мақсаттар АКТ, СТО технологиясының стратегияларын ықпалдастыра отырып,оқушылардың жыл мезгілдері туралы түсініктерін кеңейту, жыл мезгілдеріндегі табиғаттағы өзгерістерді байқау, оның себебін анықтауға бағыт-бағдар беру. Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Табиғаттағы құбылыстармен заттар арасындағы байланысты түсінуге мүмкіндік туғызып,қоршаған дененің біртұтас -тығы туралы түсініктерін дамыту.мазмұнын меңгерту. Балалардың ой - өрісін, сөздік қорын, түсініктерін өз ойларын , уәждерін жеткізе білуге жұмыстандыру. Оқыту нәтиежесі Жыл мезгілдері туралы түсініктері кеңейеді.Жыл мезгілдеріндегі табиғаттағы өзгерістерді байқап, оның себебін анықтауға тырысады. Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиеленіп,табиғаттағы құбылыстар мен заттар арасындағы байланысты түсінеді. Әр жыл мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін айқын танып, өз ойын ашық айтуға дағдыланады. Негізгі идеялар Әр жыл мезгілінде табиғат сол жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады. Ауа райы да сол жыл мезгілдерге байланысты өзгеріп отырады. Тапсырмалар 1- тапсырма: Блиц- сұрақтар Өткен тақырыпты пысықтау. Модуль:.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.Сыни тұрғыдан ойлау 2-тапсырма: Жыл мезгілдерін суреттеу 1-топ:Күз. 2- топ: Қыс 3-топ:Көктем. 4-топ:Жаз Жыл мезгілдеріндегі ауа райын белгілер арқылы баяндау Модуль:Акт 3-тапсырма: Семантикалық картамен жұмыс. Әр жыл мезгіліне тиісті айларды сәйкестендіру Модуль:Сыни тұрғыдан ойлау 4- тапсырма: Шығармашылық жұмыс: «Жыл мезгілдерінің айтысы» тақырыбына ертегі ойлап табу.(Рөлдік ойын) Модуль:Талантты және дарынды балаларды оқыту.Сыни тұрғыдан ойлау 5- тапсырма: Сәйкестендіру: Әр топ өздерінің жыл мезгілдеріне сәйкес іс- әрекеттерді топтастырып,дәлелдеу. Модуль:Сыни тұрғыдан ойлау Кейінгі тапсырмалар Кері байланыс Үй тапсырмасы Мәнерлеп оқу , жыл мезгілдеріне байланысты мақал- мәтелдер мен жаңылтпаштар жаттау. С А Б АҚ Б А Р Ы С Ы Мұғалімнің жазбалары Оқушының іс әрекеті І. Ұйымдастыру кезеңі Балалар 5) Психологиялық дайындық:Амандасу: Амандасу үлкенмен, Тәрбиенің көзі ғой. Ал қанеки бәріміз. Сәлем берейік үлкенге : Сәламатсыздар ма? ІІ. Топқа бөліну Ақ ,сары, жасыл,қызыл түстерді пайдалана отырып топқа бөліну: ІІІ.Өткен сабақты бекіту. 1-тапсырма: Блиц- сұрақтар Модуль:.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.Сыни тұрғыдан ойлау. А)Сөйлемдерді жалғастыр. 1.Ауа райы ыстық, жылы, суық болуы мүмкін. Ауа райының мұндай жай-күйін ..... .................. дейді. (ауаның температурасы) 2.ауаның температурасын ........... өлшейді. ( термометрмен) 3.Жылы мен суықтың аралығы - .... ( 0 градус) 4.Жылылықты көрсететін санның алдына ..... таңбасын қояды. ( + ) 5.Суықты көрсететін санның алдына ..... таңбасын қояды. ( - ) Ә) Планшетпен жұмыс: Белгілерді бейнелеу: 1. Ашық аспан 2.Аспан ала бұлтты. 2.Аспан тұтас бұлтты. 4.Жаңбыр 5.Тұман 6. Қар аралас жаңбыр. 7.Қабыршақты мұз 8. Қалың мұз ІV. Жаңа сабақ: 1. Ой қозғау: Табиғатта ауа райы бір күйде тұруы мүмкін бе?Неліктен өзгереді? 2.2-тапсырма: Жыл мезгілдерін суреттеу 1-топ:Күз. 2- топ: Қыс 3-топ:Көктем. 4-топ:Жаз Модуль:Акт 2. Оқулықпен жұмыс:Мәтінді оқу V. Жаңа сабақты пысықтау. 1.Жұмбақ шешуін табу. 2.Жыл мезгілдеріне байланысты жұмбақтар жасыру. 3.3-тапсырма: Семантикалық картамен жұмыс. Әр жыл мезгіліне тиісті айларды сәйкестендіру Модуль:Сыни тұрғыдан ойлау. VІ. Сергіту сәті: Аяқпенен топ- топ-топ, Қолымызбен хлоп-хлоп-хлоп. Бір оңға, бір солға. Иілейік ,кел мұнда. VІІ.Шығармашылық жұмыс: 1.4- тапсырма: Шығармашылық жұмыс: «Жыл мезгілдерінің айтысы» тақырыбына ертегі ойлап табу.(Рөлдік ойын) Модуль:Талантты және дарынды балаларды оқыту.Сыни тұрғыдан ойлау 2. 5- тапсырма: Сәйкестендіру: Әр топ өздерінің жыл мезгілдеріне сәйкес іс- әрекеттерді топтастырып,дәлелдеу. Модуль:Сыни тұрғыдан ойлау VІІІ. Қорытындылау.Менің ұнататын мезгілім ІХ. Кері байланыс. Не білемін?Не білдім?Не білгім келеді? Х. Мадақтау. Формативті бағалау Психолгиялық дайындық. Өздеріне ұнайтын түстерді таңдау арқылы топқа бөліну. Өткенді еске түсіру Сөйлемдерді мұқият тыңдап, қажетті сөздерді пайдаланып, сөйлемді жалғастырады. Маркермен планшеттеріне мұғалімнің айтқан ауа райына байланысты белгілерін салып отырады. Диалогтық әдіс бойынша өз ойларын дәлелдейді Берілген жыл мезгілдеріндегі ауа райындағы өзгерістерді белгілерге қарап сипаттайды. Оқулықпен жұмыс. Әр топтан бір оқушы жұмбақ жасырады. 4 мезгілге байланысты айларын сәйкестендіреді Топпен жұмыс жасайды. Қимыл- қозғалыстарды би элементтерін пайдалана отырып, музыка ырғағымен орындайды. Ойдан жыл мезгілдерінің айтысын сомдайды. Әр топ өздерінің жыл мезгілдеріне сәйкес іс- әрекеттерді топтасты- рып,дәлелдейд. Сабақ бойынша өз ойларын білдіреді, қорытынды жасайды