Саба? жоспары Адалды?-адамды?ты? белгісі


«Өзін-өзі тану» пәнінің сабақ жоспары
Мектеп: Талдықорған қаласы, «№2 орта мектеп» КММ, №15
Сабақтың тақырыбы: Адалдық – адамдықтың белгісі 
Құндылық: Ақиқат 
Қасиеттер: Мұғалім: Нурманбетова Г.Ж.
Сынып: 9
Оқушылар саны:
Сабақтың мақсаты: оқушылардың адалдық, шындық туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру;
Адалдық, шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету;
Адал, шыншыл болуға тәрбиелеу.
Ресурстар (материалдар, дерек сөздер),
Оқулық
Дәптер
Күнделік
Қалам-қарындаш
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтағы жағымды күйге келу.
Нұрға бөлену.
Мұғалім:
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Ескертулер:
Үнтаспа
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ш.Мұхамеджановтың «Сыйластық»өлеңін жаттау. Оқушылар өлеңді жатқа айтып, ондағы әрбір сөздін мағынасын түсіндіру. «Өзін-өзі тану» оқулығы, 9 сынып, 76 бет
III.Жағымды ой-пікір (Дәйексөз)
«Адалдық –ардың ісі»
Халық мақалы
Оқушылармен бірге дәйексөзді талдау. Дәптермен жұмыс.
Ары таза адал адам мәнді өмір сүреді. Оның ішінде Отанына, отбасына, қоғамға адалдық адамның өзіне, өзгеге, болашаққа деген сенімін арттыра түседі.
Адалдық әр адамның өзін де, өзгені де сыйлауын көрсетеді.
Адалдық бар жерде адам өзіне де, өзгеге де шындықты айтады, оны айту ауыр болғанда да ол тартынбайды.Адал болу тек қана өтірік айтпау емес, шындыққа ешбір қалтқысыз сену.
Адалдық біздің жан дүниемізден басталады. Ол адами қарым-қатынастан және іс-әрекетімізден көрінеді. Адал адамға сенім артуға болады, оның қандай жағдайда да бұлтақтамай, сөзінен таймай, берген уәдесінде тұратынына күмән келтіруге болмайды. Адалдығы бар адамның рақымы да мол болады.

Оқиға айту. Мұғалімнің сыйы.
Видеоролик көрсету Видеоролик
Шығармашылық жұмыс.
Жағдаятты талдау:
Талғат теледидардан спорттық бағдарламаны қарап отырған еді. Сол мезет інісі жүгіріп келіп «Сізді досыңыз Самат телефонға шақырады» деді. Талғат бағдарламаны үзгісі келмей «Мені жоқ деп айта салшы» деді.
Сұрақтар:
Талғаттың әрекеті туралы не айтасыз?
Сіз Талғаттың орнында болсаңыз не істер едіңіз?
Асан көрші досы Маратқа үйін көшірісугекөмектесемін деп, уәде беріп қойған еді. Сол күні мұғалім бақылау жұмысына дайындалып келуді тапсырды. Асан Маратқа көмектесіп келіп, шаршап ұйықтап қалуы себепті, бақылау жұмысына дайындала алмады. Таңертең Асан ұйқыдан тұрған соң «бақылау жұмысынан құлаймын» деп ойлап, «Неге сабаққа бармайсың?» деген анасына «басым ауырып тұр» деп айта салды. Оның өзіне де басы ауырып тұрғандай болып көрінеді.
Сіз Асанның орнында болсаңыз не істер едіңіз?
Әсел туған күніне жаңа көйлек киіп келді. Әселдің көйлегі өзіне қонымсыздау тұрды. Сыныптағы Алма Әселге «көйлегің өзіңе тамаша жарасып тұр» деп айтты.
Алма неліктен Әселге «Көйлегің өзіне тамаша жарасып тұр» деді?
Сіз Алманың орнында болсаңыз не айтар едіңіз?
Топпен ән айту.
Оқушылар өздері қалаған көңілді әнді бірге орындайды. Үнтаспа
Үй тапсырмасы
Қ.Толыбаев «Ақиқат» мәтінін оқу. Сұрақтарға жауап беру «Өзін-өзі тану» оқулығы, 9 сынып, 79-80 беттер.
Сабақтың қорытынды сәті
Оқушылар сабақта нені білгенін, қандай сұрақтарға жауап алғаны туралы ойларымен бөліседі. Соңғы тыныштық сәті
Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде
Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар әлемде