Т?РБИЕ СА?АТЫ Т?ЛІМ-Т?РБИЕ БАСПАЛДА?Ы — АДАМГЕРШІЛІК


БҚО Сырым ауданы
Жалпы білім беретін Жырақұдық орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі:
Елмұратова.А.К.
Тәлім-тәрбие баспалдағы-адамгершілік
«Егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады» В.А.Сухомлинский
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында білім беру мәселесіне ерекше көңіл аударып, өсіп келе жатқан жас ұрпақты адамгершілікке, патриоттық сезімге, отаншылдыққа тәрбиелеу қажеттігі көрсетілген.
Енденше білім беру саласының басты міндетті- өскелең ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу екені айқын.
Елбасымыздың «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретін, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе,Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр»-деген сөздері үлкен жауапкершілікті жүктейді.
Осы қағиданы ұстана отырып, адамгершілік тәрбиесін ұйымдастыру және оның тәсілдерін қолданудағы
Мақсатым 1. Оқушылардың адамгершілік рухани білімі мен мәдениетін қалыптастыруМектеп, қоршаған орта, отбасының бірізділік тәрбиесін жетілдіру.
2. Адамгершілік тәрбиесін оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып,жоспарлы түрде үздіксіз жүруіне қолдау көрсету.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында тәрбие жұмысының негізгі 8 бағытының бірі, рухани-адамгершілік тәрбиесі.
Міндеттері 1. Адамдармен қарым- қатынаста адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыру .
2.Мораль туралы білім қалыптастыру, оның мәнін аша білуге,мораль нормаларының әлеуметтік және психологиялық мақсатқа сәйкестігін түсіндіре білуге үйрету.
3. Өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдіруге негізделген адамгершілік мәдениетін қалыптастыру.
Жаңа кезінде білім берудің өзекті мәселесі- жас ұрпаққа адамгершілік- рухани тәрбие беру болып отыр. Ғасырлар бойы ата-бабамыз армандаған тәуелсіздікке қол жеткізген еліміздің білім , тәрбие беру існдегі басты мақсаты-рухани жан дүниесі адами құндылықтарға бай жеке тұлға қалыптастыру.Баланың бойына жалпы адамзаттық қасиеттерді сіңіру –өміріміздің мәні, сәні салтанатты, мархабаты, мәртебесі. Өйткені, баланыңәдепті өсуі,ұяданкөрген тәрбиес»мен қоса, мектептен алған тәрбиесіне де байланысты. Мұғалім оқушыға материалдық жағдай жасамағанымен, оның өміріне азық болар ең қымбат асыл қасиеттер –адамзатттық құндылықтарын бала бойына дарыта отырып, оның бойындағы бар құндылықтарын дамыту.
Сол себепті де адамгершілік тәрбиесіне- мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез-құлықты дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты даматуға , құндылықты тиімді пайдалануға бағатталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі- деген анықтама берілген.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында тәрбие жұмысының негізгі 8 бағытының бірі –адамгершілік тәрбиесі. Еңбекке тәрбиенлеу,патриоттық тәрбие әстетикалық тәрбие, құқықтық тәрбие, экологиялық тәрбие, экономиялық тәрбие, дене тәрбиесі, т.т. Осы барлық тәрбиенің өзегі-адамгершілік тәрбиесі , бірақ ол жападан жалғыз әрекет етпейді, ол осы аталған тәрбие түрлерімен бірлікте демек адамгершілікпен қоса барлық тәрбие түрлері біріге келе адамгершілік сапаларын және адамзат құндылығын қалыптастырады.
Алға қойған мақсат-мндеттерді жүзеге асыру үшін тәрбие шаралары балалардың жас ерекшелігіне, қызығушылығына жасалады.Адамгершілік тәрбиесі- оқу-тәрбие үрдісінің барлық салаларында, яғни оқыту, білім беру барысынджа және еңбек үрдісінде жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі жаста балалардың бастапқы адамгершілік сезімдері мен ұғымары, мінез-құлықтың ең қарапайым дағдылары қалыптасады.Баланың мектеп жасына дейінгі қалыптасқан мінез-құлықтары келешекте ересек адамдармен және құрбы- құрдастарымен қарым- қатынастарында көзге түседі. Бастауыш сыныптарда адамгершілік көзқарастардың, мінез-құлықтың, сезім мен сананың жаңа түрлерін одан әрі дамытылады.
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу ең алдымен –оқыту үрдісі барысында жүзеге асырылады.Түрлі пәндерді оқу кезінде бастауыш сынып оқушыларының достық, жолдастық, өмірге белсенді көзқарасы, Отан туралы ұғымдары қалыптасады және кеңиеді Үлкенді сыйлауды, ата-аналарды құрметтеуге, еңбектенуге, ізеттілік сақтауға үйренеді. Бұл жаста балалар сапалы тәртіпке, жолдастық өзара көмекке, адамның көңіл күйін түсінуге дағдыланады. Мектеп оқушыларына тәрбие беру тек жеке пәндер арқылы ғана емес, сыныптан тыс тәрбие сағаттарында, үйірме жұмысында адамгершілік тәрбиеге баулуға болады. Бұндай кезде өмірде кездесетін көптеген жағымсыз жәйттерден сақтандыру мәселесі ескерілуі керек. Мұндай мәселелерде жанұяның рөлі ерекше. Себебі тәрбие жанұядан басталады. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінде қатыстыру, олармен тығыз байланыс жасау мәселесі негізгі орын алады.
Адамгершілік тәрбиесін сыныпта, отбасында, ұлы бабалар тағылымынан, қоршаған ортадан, мақал- мәтелдерді, әрбір пәнді оқып үйренуде іске асыруға болады. Сыныпта әртүрлі тәрбие, әңгіме сағаттарын, дөңгелек үстел, ата-аналар жиналысында өткізілді «Адам әдептілігімен әдемі»,»Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен», «Жақсы сөз жан азығы», «Тазалық -саулық кепілі» атты тәрбие сағаттарымен әңгіме сағаттарындаоқушыларды әдептілікке, жақсы- жаман қасиеттерді ажырата білуге, ойланып сөйлеуге, тазалықты сақтай білуге үйретуге байланысты жұмыстар жүргізілді. Отбасында баланың бас ұстазы –ата-анасы екенін ұғындыру арқылы ата-аналарымен бірлескен оқулар, жиналыстар ауданда өткізілген конференциялар өткізілді Нәтижесі өте жақсы, пайдасы мол қорытынды жасалды.Ал, қоршаған ортасында көшеде, мәдени орындарда, достарының ортасында, дастархан басында, қоғамдық көліктердегі мәдинет сақтаулары туралы екі жақтанда айтылып отырулары керек. Оқушылардың рухани-* адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруда ұлы бабалардың айтқан мақал- мәтелдері мен нақыл сөздерінің өзінде үлкен тағылым барын айтып, түсіндіруіміз шарт. Адамгершілік тәрбиесінің басқа тәрбие салаларына қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Ол қоршаған ортаға,қоғамдық қарым-қатынасқа, рухани байлыққа байланысты.
«Егер баланы тәрбиеленген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды»,-деген болатын В.А. Сухомлинский .
Мысалы терек әдемі өсуі үшін ылғал, күннің көзі , түрлі тынайтқыш заттар мен коректік заттарды топырақтың бойына сіңіру қажет, сонда ғана белгілі өсу сатысына же теді. Теректің «жақсы» өсіп дамуына құнарлы топырақ,, ауа-райының қолайлы болуы т.б. жағдайлар ықпал етеді. Ал өсімдіктің өсуіне кендергі келтіретін «жаман жағдайларға,құрғақшылы, жэәндіктер, құрттар» т.б. жатады. Дәл осы тәрізді адам үшін де жақсы мен жамандық аламасып келіп тұрады. Жақсы жағдайда адам бойындағы адамшылдық қасиеттер өніп,адамның Адамс болып қалыптасуына көмектеседі. Жақсылыққа қайшы жамандық бар. Адам бойындағы жақсылық пен жамандық тек сыртқы жағдайлардың әсерінен ғана болып қоймайды, олар адамның ішкі жан дүниесіненде орын алады
«Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам,-депті Ақан сері,-Олар жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештенені қызғанбадым. Бұл үш қасиет әркімнің өзқұдайы Өзқұдайынан айырылған адам бос кеуде, өленмен тең деген.»Шындығында да бұл ақиқат.
Сайып келгенде, адамгершілік тәрбиесі –үздіксіз жүггізілетін үрдіс, ол адамның өмірге келген кұннен бастап өмір бойы жалғаса береді Оның мазмұны оқушының жек бас қасиеттерінің кең шеңберін қамтиды
«Еліміздің күші- патщада, сәбидің күші- жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек ұлы жеңіс болары анық.