Болаша? б?гінен басталады ма?ал-м?тел сайысы


Жаңаөзен қаласыны Теңге кенті
№21 «Назерке» балабақшасы
Сахыева.Жадыра.
«Болашақ бүгіннен бастолады» (мақал – мәтелдер) сайысы.
Құрметті ұстаздар, балалар! Біздің «Болашақ бүгіннен басталады» атты мақал мәтелдер сайысына қош келдіңіздер!Мақал – мәтелдер ауыз әдебитінің ең байырғы ең көне түрі.Ол ғасырлар бойы халықтың ұқыпты сақтап келген еңбек тәжірибесінің жиіны ой пікірінің түйіні.Мақал мәтелдерді көп біліп көп қолданған адамдардың біліміде ақылыда арта түседі.
Болашақ үшін қиындыққа қол созған соң, Үміт күткен арманың қолдасын. Бүлдіршіннің жүрегіне жол тартқан Ізгі ниет жақсы өнерге тозбасын – демекші бүгінгі сайысқа қатысатын мақалшыларымызды ортаға шақырамын.
Ойыншыларды таныстыру.
Мен сендрге осы сайыста бар ойларыңды жинақтап жеңіске жетулеріңізге тілектеспін.
Біздің бүгінгі сайысымыз төрт айналымнан тұрады.
1 айналым «Мақал – мәтел айту»
2 айналым «Жалғасын тап»
3 айналым «Ойлы болсаң – озып көр»
4 айналым «Мақал ойла – тез ойла»
Сайыскерлеріміз дайын болса бірінші айналымды бастаймыз.
1 айналым «Мақал – мәтелдер айту»
Шарты: Әр мақалшы өздері дайындап келген тіл туралы мақалдарын айтады.
Қандай керемет. «Мақал сөздің мәйегі» демекші құрғақ сөздің ғұмыры қысқа гой.Сол себепті өмірімізде мақал – мәтелдерді жиі қолданайық.Сонымен екінші айналымды бастайық.
2 айналым «Жалғасын тап»
Шарты:Бүл айналымда Отан туралы мақалдың алғашқы жолын мен оқимын ал сендер жалғастыруларың қажет.
Отан оттанда -------- / ыстық/
Отансыздың оты ------------ /жанбайды/
Отан отбасыннан ---------------/басталады/
Опасызда ---------------------/отан жоқ/
Отан үшін отқа түс -------------/кұймейсің/
Отансыз адам – ормансыз ------/бұлбұл/
Отан елдің -----------------/анасы/
Қандай керемет.Алғырда тапқыр балалар екенсіңдер.Сонымен үшінші айналымды бастаймыз.
3 айналым «Ойлы болсаң озып көр»
Бүл айналымда мен сендерге түрлі тақырыпта жұтбақтар жасырамын сол жұмбақтарға дұрыс жауап берген балаға үпай жазылады.
Қолы жоқ сурет салады Тісі жоқ тістеп алады. /Аяз/
Таңмен көзін ашады Әлемге нұрын шашады. /Күн/
Қыстағана болады Ұстасаң қолың тоңады. /Қар/
Қимылдаса қас шебер Қыруар – қыруар іс өнер /Қол/
Шелек қалпақ басында Сәбіз екен танауы Қыста қардан туатын Тауып көрші сен оны /Аққала/
Кишкентай ғана бойы бар Айналдырып кіген тоны бар /Қой/
Өзі шырақ өзі қу Жүрген жері айқай шу /Түлкі/
Бұрынғы ата – бабаларымыз көп мақалдап өз ойларын астарлап жеткізіп отырған.Сонымен төртінші айналымды бастаймыз.
Келесі айналым «Мақал ойла тез ойла» деп аталады.
Шарты:Қорыжыннан түрлі асықты алып сол асықтарда түрлі тақырыпта мақалдар бар.
Қызыл-----------------------Отан
Жасыл-----------------------Еңбек
Сары-------------------------Тіл
Көк---------------------------Білім
Қоңыр-----------------------Дос
Қара--------------------------Денсаулық
Ақ-----------------------------Отбасы
Оқу білім бұлағы білім өмір шырағы дегендей.Енді құрметті көрермендер әділ қазы алқасы өздрінің шешімдерін шығарғанша біз керемет ән тыңдайық.
Ән: «Қазақстаным менің»
Орындайтын: Базарбай Жазира
Әділ қазылар сөз берейік
Аталар сөзіменен өсіп – өнген
Бабалар бұлағынан нәр алған
Даналар өсиетінен әрбие алған
Ұлылар тәртиесіне тағзым еткен
Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен – деп сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік.
Алтын уақыттарыңызды бөліп бүгінгі сайысқа клген барша көрермендерге балаларға үлкен рахметімді айтамын.