Конспект по Самопознание Татулы?, досты?
Тақырыбы: «Татулық – достық кілті»
Мұғалім: Олжабаева З. Сыныбы: 9
Мақсаты: Оқушыларға ұйымшылдық, береке-бірлік, татулық туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
1.Оқушыларға ынтымақ ұғымы туралы түсінік беру;
2.Оқушылардың өз-ара жағымды қарым-қатынастарын, сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал ету,
3.Оқушыларды татулыққа, ауызбірлікке, достаққа тәрбиелеу.
Ресурстары :(материалдар, дерекөздер)
«Игілік-басы ынтымақ, ынтымақты елде күншуақ»
Халық мақалыСабақтың барысы1. Тыныштық сәті.
Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар да, терең тыныс алыңдар. Жер бетінде жанға жайлы бір жер бар деседі, оны көру әркімнің маңдайына жазылмаса керек. Ол жерде адамдар шат-шадыман, бір-бірін ренжітпей аялап, мейіріммен қарайды екен.Адамдар сәл нәрсенің өзіне қуанып, кішкентай дүниеден жақсылық іздейді екен. Барша табиғатқа қамқорлықпен қарағандары соншалықты, айналада жайқалып қалың майса шөп өсіп, өзендер мөп-мөлдір, тап-таза болып ағып, көгілдір көлдерде балықтар шоршып жүзеді. Адамдардың мұң мен жауласу дегенді білмейді, күнкөріс қамымен де бір-бірін ренжітпейді, бір-біріне бауырмал болып, өзара көмектеседі екен. Сол себепті ол жерде бәрі бақытты, бәрі тату, дос. Халықтар өзара соғыспайды, келісімге келіп, үйлесімде өмір сүреді.Ол аймақтың тыныштығы мен жайлылығы сондай-бозторғайлар қой үстіне ұя салып, қой үстіне жұмыртқалайды.Бірақ оған қызыға қарауға болғанымен, ол елдің тұрғындары бөтен ешкімді елдеріне кіргізбейді екен деседі. Бірақ өз тұрған жеріңді осындай жайлы мекенге қалай айналдырар едіңдер? Ойланып көріңдерші.
Енді көз алдыларыңа елестетіңдер. Әңгімелесу.
Сабақ тақырыбына байланысты "ынтымақ" сөздерінің мағынасын ашу.
1. "Ынтымақ дегенді қалай түсінесің?"
2. "Ынтымақтастық" дегенді ше?
3. "Татулық, ынтымақтастық, ұйымшылдық"ұқсастығы неде?
Оқу ақпараты.
Адамдар арасындағы ұйымшылдық, береке бірлік ынтымақ туғызады. Ынтымақ бар жерде адамдар өз ара бірлікке келіп, бірлесіп әркекет етеді, татулық орнайды.Ұжымдағы ел ішіндегі ынтымақтастық татулыққа, достыққа жеткізіп болашағымызды баяынды етеді.
Мәтінмен жұмысОқушыларға «ынтымақ» құндылығының жеке адам
мен қоғам өміріндегі маңызын ұғындыру мақсатында оқулықта берілген мәтінді оқып келіп,талқылау.
1.Үй иелерінің Ынтымақты қонақ қылуының себебі неде?Ынтымақ болған жерге Қызырдың, Бақ пен Дәулеттің келуінің себебін қалай түсіндірер едіңдер?
2.Сендер кімді қонаққа шақырар едіңдер?
3.«Ынтымақтан биік, ынтымақтан күшті ештеңе жоқ» дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушылар жауап бере отырып, өз пікірлерін білдіреді.
Мәтінді оқыту арқылы оқушыларды өз ойларын қорытады.
Дәйексөз.
«Игілік- басы ынтымақ, ынтымақты елде күншуақ»
Бұл дәйексөзді көзқарас, себеп, мысал, қорытындылау бірізділігін сақтай отырып талқылау4. Математикалық есеп. (ықпалдастыру)
Ағасы, інісі және қарындасы бірлесіп қардан аққаланы 12 минутта жасады. Қардан жасалған осы аққаланы, егер ағасы ғана жасаса,
24 минутта, егер інісі ғана жасаса 40 минутта жасайды. Егер осы аққаланы қарындасы ғана жасаса, қанша уақытта жасайды?»
Ынтымақ, бірлік, татулық туралы мақал-мәтел айтып, гүл шоғын толтыру.
Тапсырма:Адамдардың бірлікке келуі, бірлесіп тірлік жасауы, татулығы үшін қандай қасиеттер қажет? (татулық, достық, ауызбірлік, бірлік)
Осы сөздер мен олардың анықтамаларын салыстырып, әрбір терминнің өзіне сәйкес келетін анықтамасын беріңдер.
1. татулық
2. достық
3. ауызбірлік4. бірлік5. ынтымақтастықА) Адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті.
Ә) Адамдардың берік бірлігі, сыйласымдылығы.Б) Бірлікке келу, бірге тірлік жасаудың көрінісі, татулықтың белгісі.
В) Мақсаты бір топ мүшелерінің тату-тәттілік, ынтымақтастық, ұйымшылдық көрсете білуі.
Г) Ынтымақтасып біріккен бір ауыздылық, іштей байланысты табиғи біртұтастық,
Тапсырманы сыныпта оқушылар жұптасып жұмыс істеп, әрбір сөздің өзіне сәйкес келетін анықтамасы көрсетілетіндей етіп белгілеуі тиіс. Мысалы: «Татулық- адамдардың берік бірлігі, сыйласымдылығы».
Тапсырма жұмыс дәптерге орындалады. Оқушылар сөз мағынасы мен анықтаманы дұрыс сәйкестендіруі тиіс.
Жауаптары: 1- ә); 2-а); 3-в); 4-б); 5-г).Жалғыз адам бір өзі жұмыс жасағаннан гөрі екеуі бірігіп жасаса, жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Ал көп болса, жұмыс әрі қызықты, әрі тез, әрі тиянақты бітеді. Бұл адамды достыққа, бірін-бірі бауырмалдыққа, сыйлауға, қамқор болуға, ұйымшыл болуға жетелейді5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
Оқушылардың ойларын мен сезімдерін білгеннен кейін оқулықта берілген М. Мақатаевтің «Құт мекені» өлеңін оқып, сұрақтарға жауап беру.
Біздің еліміз қалай құт мекенге айналып отыр деп ойлайсыңдар?
Отанымызға сүйіспеншіліктеріңді қалай білдірер едіңдер?
Түйіндеме : Бірлігі берік, ынтымақтастығы жарасқан елдің болашағы баянды.
Тапсырма.
Елімізге деген тілектерімізді жазайық.
6. Топпен ән айту.
Алтын Махамбетованың «Менің елім» өлеңін айту.
7. Үй тапсырмасы.
«Ынтымақ түбі – береке» тақырыбына эссе жазуПозитивті күйге келу.(баяу әуен қойылады)
Көзімізді жұмып,еркін отырайық. Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып,көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көзімізді ашайық.
Енді,бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді, көңіл күйлеріңді смайлик арқылы көрсетіңдер. Жағымды әуен ойнап тұрады.