Тренинг Татулы? — досты? кепілі 
                                    Татулық  -достық  кіліті .
Мақсаты  :Тәрбиешілердің  эмоционалды   көңіл-күйлерін  көтеру ,кәсіби   бірліктерін  арттыру және  жақсы  ,қасиеттерін  ,  жетістіктерін  айту .Сенімді  мінез-құлықтың  мәнін  түсініп  ,өзіне  деген  сенімділігін  арттыру .Қазіргі  заман  тәрбиешісінің әлеуметтік  - психологиясының мәдениетін  жетілдіру  бір-бірлеріне  деген  достық  сезімін  артытру.
Қатысушылар :  тәрбиешілер .
Психолог: Сәлеметсіздер  ме,  құрметті  әріптестер  !Біздің  барлығымыз да  үнемі  табыс  биігінен   көрініп ,керемет  болғымыз   келеді . Ал  енді  «керемет»  дегеніміз  не ? Біздің  бүгінгі    кездесумізде    осы  керемкт  сөзін  педагогикалық   тұрғыдан  талдап  көрейік .Енді  барлығымыз  «Керемет» сөзіне   ұқсас  бір-бір  сөзден айтып  көрейік : Идеал  ,үлгілі ,өте жақсы  ,  тамаша т.б.
Қазақ  тілінің   түсіндірме  сөздігінде  «керемет» сөзіне  анықтама  бар  :бұл «үздік,өте  жақсы ,ғажайып,  тамаша»  деген  меғына  береді . Еді  осы  өте   жақсы  қасиеттерді   өз бойымыздан  іздеп  көрейік , керемет   болмаса   да   бойымызда  таң   қалаларлық   , елді  елең  еткізерлік   мінез  болуы  мүмкін  .
 Сол үшін  бір-бірлерімізбен  жылы  жүзбен  амандасып  алайық . Барлық қатысушылар шеңберге  тұрып «Сәлемдесу»   жаттығуын  жасайық.
Көршіңді  оң   жақтан  құшақта  .
Көршіңді  сол  жақтан   құшақта .
Өң  жақтағы  көршіңе  бір  жымиып
Сол  жақтағы   көршіңе бір жымиып 
Бүгінгі  «Татулық  достық-атты тренингді  бастайық.
Сұрақ  -жауап .
Мектепке  дейінгі  мекемелер  бағынатын  құжат .(Стандарт)
Балабқшада білім беретін бағдарлама неше  бөлімнен  тұрады.(5сала  бөлімі)
«Құрастыру» бөлімі қай салада .(таным)
Балабқшадағы  2-3 жас  аралығындағы топ  қай  бағдарламамен жұмыс  істейді .(Алғашқы  қадам)
«Көңілді  музыка»  ойыны 
Мақсаты: Бойдағы  шаршаудан  стрестен  арылу .
Шарты:Бір-бірінің  иықтарына  қолдарын   қояды.Музыканың  ырғағымен билеп ,  ақырын  саусақ  қимылдарымен  массаж  жасайды  .  Ойын  кері қайталанып  отырады .
«Комплимент  ойыны »
Мақсаты: Қатысушылар  шеңбер  бойымен  тұрып   кезекпен  кез-келген  жағымды  сөздер  айтады ., мысалы :  «өте  жаңашыл»,  «нағыз  кәсиби  педагог» т.б .) Ал  қалғанары   ол  сөздің  кімге  арналғанын  табады .Сөз  иесі  ойынды   ары  қарай  жалғастырады . Барлығы  жағымды  комплимент  алмайынша  ойын  жалғаса  береді .
«Әуенді  терапия»  (Баяу  әуен  ойналады)  Көзімізді   жұмамыз  .  Денемізді  бос  ұсаймыз  .Сіздер  өзен  жағасында  отырсыздар ,судың әуелгі  шуылы   құлағыңызға  жағып, күн  шуағы  денеңізді  жылытады . Жалаң  аяқ  құмның   үстінде жүресіздер , құм  аяұтарыңызды  күйдіріп  барады .Су  денелеріңізді  жеңілдетіп  ,өзіңізді    жақсы  сезінудесіз  . Өте  жақсы  демалдық .Қандай  ғажап  табиғат , таза  ауа ,  жұмсақ  құм  , жылы  су ! Терең  демаламыз  ,  ақырын  демімізді  шығарамыз . Біздің  басымыз   артық  ойлардан  тазарады. Біз өзімізге   күн  бойға    жетер  жігер  ,  қуат  жинадық,  біздің  көңіліміз  көтеріңкі   .  Біз  осы  өмірдегі   ең  бай  , байсалды,білімді ,керемет  жандармыз  !Енді  ақырын  ақырын  көзімізді  ашамыз .Бір-бірімізге   қуанышты  сезіммен қараймыз . Біз  қандай  бақыттымыз !  Қандай кереметпіз!Біздің  кездесуміз  аяқталып  кележатқан  секілді  . Кәне  бәріміз  шеңберге  тұрып  «Тілік  шамы»  арқылы  бірлерімізге   жақсы  тілек  білдірейік .
Психолог  :Біздің  сіздермен  кездесуміз    аяқталды .Бірақ  біздің  жолымыз  біткен  жоқ  біз  әрдайым  қозғалыстамыз .Көздеген  мақсатымызға  жеткенде  біздің  алдымыздан  тағы  да жаңалықтар  ашылады .  Олай  болса  жаңашыл   ХХІ   ғасырдың  керемет  педагогтары  бола  берейік  .Мен  сіздерге  шығармашылық  табыстар  тілеймін .