Психологиялы? тренинг Татулы?-досты? кілті


Ақтөбе қаласы, №53 орта мектеп
Педагог-психолог:Садыкова А.К
Татулық – достық кілті (психологиялық тренинг)
Тақырыбы: Татулық – достық кілті
Қатысушылар: ұстаздар
1. «Сәлемдесу» жаттығуы
Мақсаты: қатысущылармен сәлемдесу, топқа энергия беру;
Жаттығу барысыҚатысушыларға шеңбер құрып тұруға және 4 топқа бөліну ұсынылады: «европалықтар», «жапондықтар» , «африкандықтар» және «италиандықтар». Кеійін әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «европалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «африкандықтар» мұрындарымен, «италиандықтар» құшақтасады. Әрбір қатысушы әр түрлі рольдерді болуы үшін, жаттығуды қайталауға болады.
2. Жаттығу «Молекула»
Жаттығу барысыҚатысушылар атомдар секілді қозғалыста болады. Жүргізуші белгілі санды айтқанда, атомдар молекула құрайды. Мысалы, «үш» дегенде, үш адам бір-бірінің қолынан ұстасып, 3 атомнан тұратын молекула құрайды.
3. «Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы
Мақсаты: Қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау.
Жаттығу барысыӘрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі ...». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек.
Бұл жаттығуды орындау сізге қиын болды ма?
Көршіңіз «Мен сізді көруге қуаныштымын » деген сөзді айтқан кезде қандай сезімде болдыңыз?
4. «Жаттығу «Шар»
«Кімнің қолы шарға тисе, 2013 жылы арманына жетеді» деген сөздерді айта отырып, қатысушыларға шар жіберіледі.