Та?ырыбы: «Баланы ?ыр?ынан шы?ару». Ма?саты: Балалар?а наурыз тойы туралы т?сінік бере отырып, ?лтымызды? салт-д?ст?рлерін бойларына сі?ру. Салт-д?ст?рлерімізді? ішіндегі баланы ?ыр?ынан шы?ару д?ст?рі туралы білімдерін ке?кейту. Балаларды? санасын дамыта


Тақырыбы: «Баланы қырқынан шығару».
Мақсаты: Балаларға наурыз тойы туралы түсінік бере отырып, ұлтымыздың салт-дәстүрлерін бойларына сіңру. Салт-дәстүрлеріміздің ішіндегі баланы қырқынан шығару дәстүрі туралы білімдерін кеңкейту. Балалардың санасын дамыта отырып, ұлтымыздың салт-дәстүрін құрметтеу.Тәрбиеші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың Ұлы күні келді ағайын! Армысыздар, құрметті қонақтар, ата-аналар және «Бәйтерек» балалар бақшасының ұжымы!
Кең болсын қазағымның керегесі,
Кетпесін Алла берген берекесі,
Алаштың баласына нәсіп болған,
Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!
Ақ мол болсын!
Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!
Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық,
Тойға шашу шашайық.
-1.Муз. Композ. Тәрбиешілердің орындауында «Шашу» биі.
Тәрбиеші: Наурыз келді жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл боп дүние кетті жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік! – дей, келе II-сәбилер «Өркен» тобының бүлдіршіндерінің тақпақпақтарын қабыл алыңыздар!
Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Біз Сәлем бердік!
1. Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды!
2.Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.
3.Уа, ағайын халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтын
Наурыз тойын бастайық!
4.Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне.
5.Наурызбен құттықтап,
Алыс жақын қаутышты.
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты
6.Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық.
7.Шырқап әнге салайық.
Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
8.Әсем әнге салайық.
Наурыз тойы — тамаша,
Наурыз тойы — жаңаша.
Табиғат та тамаша,
10.Наурыз – бұл мереке
Құтты болсын береке
Қыдыр ата келсін
Жақсы тілек әкелсін.
11.Ұлы күні ұлыстың,
Күн мен түнді теңеген.
12.Тәтті дәмін ырыстың,Таттық Наурыз көжеден.
13.Бата беріп атамыз,Бата беріп әжемізТәтті болып жасағанКөжеден дәм татамыз
14.Наурыз шаттық әнімізСалтанатты сәнімізӘн саламыз бәрімізБи билейміз бәріміз
15.Наурыз құтты болсын!Жыл басы- наурыз!16.Наурыз құт әкелсін! Құт береке мейрамы
Наурыз жасасын!
17. Наурыз құтты болсын! Дені сау, мықты болсын!
18. Наурыз тойы келе берсін! Барлық халық бақытты болсын,
-Бәрекелді балалар. Рахмет.
-«Өркен» тобына берілген салт-дәстүрдің түрі «Баланы қырқынан шығару».
Баланы қырқынан шығару
Қырқынан шықпаған баланың еті мен сүйегі бірікпегенін білегінен ұстап байқауға болады. Олай дейтініміз, қырық күнге дейін баланы «тілтиеді», «сұқ өтеді» деп тіл-көзден сақтаған, көрсете бермеген, яғни ана үшін де, бала үшін де қырық күн – қауіпті кезең. Қырқынан шықпаған бөпені көруге үлкендер де талпынбаған. Сол сияқты қырқынан шықпаған баланың көзі де бір түрлі тұманданып, қайда қарап тұрғаны белгісіз болып тұрады. Баланы қырқынан шығарған соң-ақ оның екі көзі жылтырап, жан-жағына көз тоқтатып қарай бастайды. Білегін ұстағанда ет пен сүйегінің біріге бастағаны байқалады, яғни сәбиді қырқынан шығару –  ет пен сүйектің біріккеніне жасалатын құрмет.
Әдетте ұл баланы қырық күнге жеткізбей (37-39 күнде), қыз баланы міндетті түрде қырық күн толтырып барып, қырқынан шығарады. Тіліміздегі «әйел қырық шырақты» деген сөз де осы жаймен байланысты айтылса керек. Қалай болғанда да, ұл мен қыздың дене бітімі екі түрлі. Әйел мен ер адамның күш-қуатында, жаратылысында, дене құрылысында өздеріне тән ерекшеліктері бар, бір есептен қыз бала ұлдан қарағанда нәзік қой. Ұл бала болмысынан төзімді, қайсар дегендей, сондықтан ұл баланы қырықкүнге жеткізбей шығара береді. Бала өміріндегі кезкелген қуаныш тойларының  әрқайсысының ізгітілегі, мақсаты, танымдық үлгісі бар. Бала мазасызданып жылағанда, дұрыс ұйықтамағанда  әжелеріміз «бала қырқын күтіп жүр» деп жатады. Шынында да, құдайдың құдіретіне шек жоқ, жаңағыдай мазасыз жылаңқы баланы барлық жөн-жоралғысымен қырқынан шығарса, жылауы тоқтап, тынышталатын болған. Мұндағы тағы бір ерекшелік, баланы қырқынан шығаруға арнап шақырылатындар – әйел адамдар, осындағы жөн-жоралғыларды әйелдер атқарады. Бүгінде «әйтеуір қырқынан шығару керек» деген түсінікпен, оның астарына мән бермей жүргендер бар.  
-Осы дәстүрімізді қазір «Өркен» тобының ата-аналары сахналайды, көріп тамашалаңыздар!
-2.Муз. Күй «Көңіл шаттығы».
Тәрбиеші:
Сыйлай білсең ата-баба мұрасын,
Қазақтардан табылады жыр асыл.
Бата берсін көпті көрген қария,
Әр қазақтың тойбастары болғасын.
-3. Муз. «Той бастар».
Тәрбиеші:Батаменен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер,- дегендей аталардан бата күтеміз.
Бата.
Ұлысың оң болсын,Ақ мол болсын,Қайда барса да жол болсын!Ұлыс бақты болсын,Төрт түлік ақты болсын!Ұлыс береке берсін,Бәле-жала жерге енсін!Ұлы халқым тоқ болсын,Көйлектерің көк болсын!Қайғы уайым жоқ болсын,Қуаныштарың көп болсын! Амин.
Тәрбиеші: Айтқан батаңыз қабыл болсын!
Ұлыстың ұлы күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.
Дендеріміз сау, мықты болсын!Наурыз тойы келе берсін!Барлық халық бақытты болсын,Қош, сау болыңыздар, халайық!Көріскенші күн жарық болсын!
Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!
-4.Муз. Р.Рымбаева «Наурыз думан».