Мерекелік іс-шара: Наурыз?а шашу


Тақырыбы: Наурыз шашу, Наурыз мерекесі.
Мақсаты: Наурыз, көктем туралы мағлұмат бере отырып, оқушының тілін, сөйлеу дағдысын дамыту.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сынып оқушыларын қызыл, ақ гүлдер арқылы 2 топқа бөлу.
І-топ: «Қызғалдақ». ІІ-топ «Бәйшешек»
ІІ кезең. «Шығармашылық эстафетасы»
Көктем ,наурыз туралы білгендерін айтады. (суреттер бойынша)
Көктемде
1.Күн жылынады.
2. Қар ериді.
3. Гүлдер гүлдейді.
4. Көк шөп шығады.
5. 8-наурыз болады.
6. Құстар ұшып келеді.
7. Малдар төлдейді.
2) Наурызда
1. Наурыз көже пісіреді
2.Күн мен түн еңеледі.
3. Тай жарысы болады.
4. Дастархан жайылады.
5.Би билейді
6.Ән айтады.
7.Тілек айтылады.
ІІІ. Оқулықпен жұмыс
Жаттау .Наурыз той
Сөздік жұмысы
Құстың ұясы, раушангүл, көшет
IV-кезең: Қоржыннан асық алу арқылы сұраққа жауап береді.
1-асық: Наурыз мерекесі қай күні тойланады?
2-асық: Наурыз күні қандай ас дайындалады?
3-асық:Ұлттық тағамдарды ата?
4-асық: Балалардың ұлттық ойынын ата?
5-асық: Наурыз күні балалар не жарыстырады?
6-асық: Наурыз көжеге не қосып дайындайды?
7-асық: Көктем айларын ата?
8-асық: Наурыз айында қандай мереке күндері бар?
V-кезең: Наурызды жырлайық.
«Қызғалдақ» тобынан Ұлан
Ежелгі шығыс елінің
Аңсаған арман, ойы бар .
Тарқайтын жері шерінің
Дәстүрлі Наурыз тойы бар.
«Бәйшешек» тобынан Вероника.
Кеңінен елге тараған,
Негізі ерте қаланған.
Еңбек, шаттық, жыл басы,
Наурыздан басталған.
«Қызғалдақ» тобынан Жансая
Шырқап салған әнімен
Мерекелік сәнімен,
Топталып, ойнап қыдырып,
Бөлісіп ішкен дәнімен.
«Бәйшешек» тобынан Нұрәділ
Су сылдырап, жер көктеп,
Наурыз келсе , жыл басы,
Бау – бақша, егін өрнектеп,
Өзгерер өңір тұлғасы
«Қызғалдақ» тобынан Ақниет
Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған,
Жаңа жылдың сипаты,
Басталыпты наурыздан.
«Бәйшешек» тобынан Еркебұлан
Шырайлы шуақ жаз жетіп,
Шаруаның бұл кенеоген,
Күн мейрамы ежелден
Құтты болсын бұл Наурыз!
«Қызғалдақ» тобынан Еркебұлан
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Соны тойлар ел енді.
«Бәйшешек» тобынан Аяулым
Наурыз тойы салтымыз,
«Көгерсін» деп халқымыз.
Көшеге тал егеді.
Жарқырап тұр күніміз.
Сергіту сәті.
VI-кезең. «Жануарлар әлемі»
Көктемде мал төлдеп, адамдар аққа кенеледі.
«Қызғалдақ» тобы: Қозы, тауықтың суретін алады.
«Бәйшешек» тобы: Бұзау, құлынның суретін алады.
Тапсырма: Олар қалай дыбыстайды?
Қандай пайдасы бар?
Өзің тағы не айтқың келеді?
(оқушылар топтық түрде ақылдасып, жауап береді)
VII-кезең. «Наурызға тілек»
Әр топ өз тобының белгісін, яғни,қызғалдақ гүлін, қарсы топтың мүшелеріне тілек айтып бір – біріне сыйлайды.
Мысалы: 1. Наурыз құтты болсын!
2.Ақ мол болсын!
3.Көтеріңкі көңіл-күй тілеймін!
4.Жеріміз ырысты болсын!
5. Ұлыс оң болсын!
6.Той-тойға ұлассын!
7.Келер жылға аман жетейік!
8.Жаңіа жыл құтты болсын!
Күтілетін нәтиже
Білу керек: Салт-дәстүрді біледі.
Игеру керек: Наурыз айының ерекшелігін біледі. Көктемгі мерекелерді біледі.
Жасай білу керек: Сұраққа дұрыс жауап береді.
Тақпақтарды дұрыс айта алады.