Методическая работа на тему Наурыз?а шашу.Наурыз мерекесі


08.04.2016.
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Наурызға шашу. Наурыз мерекесі.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейту.
Білімділік: Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Қазақтың ұлттық тағамдары, ойындары, киімдері туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Сөздік жүмыстары арқылы сөздік қорларын байытумеп бірге есте сақтау қабілеттерін дамыту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, әңгімелеп айтуға, берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету.
Тәрбиелік: Елге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, салт - дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу
Оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: әліппе- дәптер, наурыз мерекесіне арналған суреттер.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Жылулық шеңбері
Жер әлемді жайнатып,
Әнші құстарды сайратып,
Наурыз тойын тойлатып,
Ұлыстың Ұлы күні келді, ағайын!
Той құтты болсын! Ақ мол болсын!

Музыка ойнап тұрады.
Педагог: - Көктем мезгілі. Жер әлемі бәрі жап - жасыл. Күн шуағын төгіп түр. Сылдырлап су ағып жатыр. Алыстан таулар көрінеді. Қар астынан қылтиып көктемнің алғашқы гүлдері де көріне бастады.
Алма ағаштары аппақ гүл ашқан, айнала түгел әсем. Ересектер, балалар, ұлттық әдемі киімдерін киіп, мерекеге келе жатыр. Бәрі бір - біріне «Наурыз құтты болсын!» деген сөздер айтып, қуаныштарын білдіруде.
-Кәне, балалар, бізде бір-бірімізге «Наурыз құтты болсын!» деп айтайық. Қол ұстасып шеңберге тұрып, өлең жолдарын тәрбиешімен бірге айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру
Негізгі бөлім
Топқа бөлу. Асық алу арқылы топқа бөлу.
Жаңа тақырып: Кіріспе бөлім.
а) Наурыз мерекесі туралы әңгіме өткізу.
Қазыбек бек ауылының тапсырмасы:
а) Дәптердегі суреттер бойынша әңгіме өткізу.
• Тал егіп жатқан балалар.
• Құстың ұясын ағашқа іліп жатқан балалар.
• Гүл егіп жатқан қыздар.
• Ағаштың түбін қопсытып жатқан балалар.
Ақсеңгір ауылының тапсырмасы:
ә) Сөздік жұмысын жүргізу.
Көшет - көшіріп егу мақсатымен өсірілген жас өсімдіктер,шыбықтар, көкөніс екпелері.
Раушангүл - әдемі ашық түсті ал қызыл гүл.
б) Ә. Табылдының «Наурыз той» өлеңін жаттату.
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа бөленді,
Соны тойлар ел енді.
Наурыз тойы -  салтымыз,
«Көгерсін» — деп халқымыз,
Көшеге тал егеміз. (Ә. Табылды.)
Жайсан ауылытапсырмасы:
в) Салт- дәстүр туралы мәлімет беріледі.
Қазақ - қонақжай, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық.
«Ата салтың - халықтық қалпың» дегендей біз салт - дәстүрімізді ұмытпауымыз керек.
Қазақ халқының рухани тіршілігінде, қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата - ананы ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге айналған.
Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген салт - дәстүрлер бар.
Олар: шілдехана, тұсау кесу, бесік той, т.б.
Сергіту сәті: «Қара жорға» биі.
Балғабек Қыдырбекұлы ауылының тапсырмасы:
г) Ұлттық ойындар туралы не білесің?
«Сен білесің бе?» дидактикалық ойыны.
Шарты: қоржын ішінен кереге, уық, шаңырақ, түндік деп жазылған парақтарды алып шығып, сол сөздердің мағынасын түсіндіру. Педагог кереге сөзін оқып, оның суретін тақтаға іліп қояды. Осыдан кейін балалардың жауаптары тыңдалады. Педагог толықтырып отырады.
Кереге - киіз үйдің ағаштан жасалған жиналмалы торкөзді сүйегі, қаңқасы.
Уық - кереге мен шаңырақтың арасын ұстап, қосып тұратын сырық, киіз үйдің сүйектерінің бірі.
Шаңырақ - киіз үйдің уықтарын біріктіріп, еңсесін көтеріп, тұтастырып ұстап тұратын дөңгелек шеңбер.
Түндік - киіз үйдің шаңырағын жауып тұратын, жаңбыр өткізбейтін, күн өткізбейтін төрт бұрышты шағын киіз.
ғ) Әліппе- дәптермен жұмыс.
Наурыз көже туралы түсінік беру.
Дәптердегі сурет арқылы оның қалай жасалатынын әңгімелеу.
Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды
Постермен жұмыс: Топтық жұмыс.
1-топ. Қазақ үйді безендіру.
2-топ. Наурызкөжеге қосылатын дақылдарды сызық арқылы қосу.
3- топ. Әр қыздың ұлттық киіміне сәйкес кілемді тауып бояу.
4 – топ. Көрініс: «Күн мен түн».
Күн:                 Сәулесі көп күнмін.
      Түн:                  Жұлдызы көп түнмін
      Екеуі:         Бірдей болып біздер,
                          Теңелеміз бүгін.
      Түн:            Ал, ертең күн ұзақ.
      Күн:            Түн қысқарар бірақ.
      Екеуі:          Ұйқы қанбай қалып
                           Жүрмендер тек жылап.
                           Күн менен түн теңеледі,
                           Жер шуаққа кеңеледі.
                           Соны тойлар ел енді
Топ 2- топ 3- топ

Дидактикалық ойын: «Арқан тартыс» ойыны. №-1 асық: Қазыбек бек ауылы
№-2 асық: Ақсеңгір ауылы
№-3 асық: Жайсан ауылы
№-4 асық: Балғабек Қыдырбекұлы ауылы
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Бәрі хормен айтады.
Қимылмен көрсетеді
Балалар өз түсініктерін айтады.
Әр топ өз тапсырмасын орындайды.
.
Ойынға белсене қатысады.
Рефлексивті-түзетушілік
Қорытынды:
-Балалар, сендерге бүгінгі оқу іс-әрекетіміздегі сабақ ұнады ма?
-Оқу іс-әрекетінің қай кезеңі ұнады?  
-Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі бата-тілек білдіру.
Ерекшеленген балаларды атап өтіп, мақтау, мадақтау. Балалар сұрақтарға жауап береді.