«А?ылдылар» атты интеллектуалды? сайысы


Тақырыбы: «Ақылдылар сайысы»Мақсаты:5 сынып оқушыларының білімін, ойларын, тапқырлық пен шапшаңдықтарын тексеру, жан - жақты білімдерін байқау.Қазақ тіліне, ұлттық құндылықтарға үндеу, тәрбиелеу.Сөйлеу тілдерін дамыту.Көрнекілігі: Сайыстың аты жазылған кеспе қағаздар.Мұғалімнің кіріспе сөзі: Бүгін 5 сыныптар арасында жан-жақты білімдерін, ойлау қабілеттерін байқау мақсатында осы шара ұйымдастырылып отыр.
Жүргізуші: Мінеки залда тыныштық, Естілмейді дыбыс түк. Мұны біз де қоштаймыз, Кешіккендерді тоспаймыз. Ойымызды жинақтап,
Жан-жақты білім алуға«Алғырлар» сайысын Бастаймыз! 
Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар мен оқушылар, жанкүйерлер! Бүгін біз көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін жиналдық! /ойын мақсатымен таныстыру/ /Дауыс/ Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! «Ақылдылар» пойызы Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты аялдамасына келіп тоқтады. Пойыз жолдың бірінші желісінде, абайлап сақ болыңыздар! Жүргізуші: Пойыз де келіп қалды. Ендеше білім сапарына аттағалы тұрған қатысушыларымызды ортаға шақырамыз. Ойыншыларымызды сынға алатын әділ-қазы алқасымен таныс болайық. Жүргізуші: «Ақылдылар» пойызына тегін жолдама беріледі. Оған тек бір шарт қойылады. Бұл - әр топтың сәлімдесуі. /таныстыру/ 1 топ: Армысың! Сыныптасым, қарсыласым, Арайлап ата берсін әрбір таңын. Өздеріңмен сайысқа түсіп тұрған, От болып, лапылдап тұр, жүрек жалын. 2 топ: Қандай сынақ болсадағы беріспе, Әрқашан да үміткерміз жеңіске. /Дауыс/ Құрметті жолаушылар! Пойызға отырғызу басталды. Асығыңыздар, сақ болыңыздар! Жүргізуші: Ал ендеше біздің сапарға аттанайық. Сәт сапар тілейміз! І. Таныстыру: Топтар аттарын таныстырады, ұрандарын айтады.І топ: «Тапқырлар»; ІІ топ: «Зеректер»; ІІІ топ: «Жүйріктер», ІҮ «Алғырлар».
ІІ. «Сұрақтар» аялдамасы:
«Тапқырлар» тобына қойылған сұрақтары:
1.Бөлімі 5 тең болатын дұрыс бөлшектерді атаңыз. //2. Ең кіші уақыт өлшемі. /секунд/3. 7 жай сан ба, құрама сан ба? /жай/4. Ең үлкен екі таңбалы сан /99/5. 6 пен 8 сандарының ең кіші ортақ еселіктері. /24/6.15 санның  бөлігі неге тең? /9/7. Көбейтінділері 1-ге тең бөлшектер қалай аталады? /кері сандар/8. Тік төртбұрыштың ауданының формуласы /S=ab/9. 15 санның бөлгіштерін атаңдар. /1,2,3,5,15/10. аралас санды жай бөлшекке айналдырыңдар. 11/4
«Зеректер» тобына қойылған сұрақтары:
1.Бөлімі 4 тең болатын дұрыс бөлшектерді атаңдар. 2. Ең үлкен уақыт өлшемі /1 ғасыр/3. 8 жай сан ба, ұүрама ма? /құрама/4. ең кіші екі таңбалы сан /10/5. 4 пен 6 сандарының ең кіші ортақ еселігі /12/6. 20 санның  бөлігі тең. /15/7.Алымдары 1-ге тең бөлшектер қалай аталады? /аликвоттық/8. Қашықтық табу формуласы /S=vt/9. 16 санның бөлгіштерін атаңдар /1, 2, 4, 8,16/10. аралас санды жай бөлшекке айналдыр. 17/5.«Жүйріктер» тобына қойылған сұрақтары:
1.3 аптада неше күн бар?/21/2. Қандай сандар нольден артық /оң сандар/3. Екі теріс санның көбейтіндісі қандай сан?/ оң сан/4. -7 санның модулі тең /7/5. 10000 неше ноль бар? /4/6.Үшбұрыштың неше қабырғасы бар?/3/7. 15>-52 теңсіздігі дұрыс па? /ия/8. Пропорция дегеніміз не?/ екі қатынастың теңдігі/9. -16:8 тең /-2/10. 1/3 жай бөлшегі периоды немесе периодсыз шектеусіз ондық бөлшек пе? /периодты шектеусіз/.
«Алғырлар» тобына қойылған сұрақтары:
1. 2 ғасырда неше жыл бар? /200/2. Қандай сандар қарама –қарсы сандар деп аталады?/ айырмашылығы тек таңбасында/3. -25: (-5)тең. /5/4Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең? /0/5. Миллионда неше ноль бар? /6/7. Шаршының неше қабырғасы бар /4/8. 14< -8 теңсіздігі дұрыспа?/ қате/9. Екі теріс санның қосындысы қандай сан /теріс/10. Масштаб дегеніміз не? /Сызбадағы өлшемнің нақты өлшеміне қатынасы/.Жүргізуші:
ІІІ. Мақалдар сайысы. «Тапқырлар» тобы «Достық» туралы, «Зеректер» тобы «Туған жер» туралы, «Жүйріктер» тобы «Өнер - білім» туралы, «Алғырлар» тобы «Адамның қасиеттері» туралы.ІҮ. Тапқырлар патшалығы  /Жұмбақтар сайысы/ 1.Бірін-бірі қоштағанБір үйден көрдім42 дос-жаран. /42 әріп/2.Егіз туған қос жүйрік,Жарыса шауып терлейді,Бірін-бірі көрмейдіДамылсыз қанша шапса даБір мәреге келмейді./параллель түзулер/3.Есігі біреу, бөлмесі бесеу./қолғап/4.Бір үйде тұрады екен 50 батырҮй сыртына сүйкенсе-ақ өліп жатыр./сіріңке/5.Күшіне сенген бір мықтыЖығып салды сегізді. /шексіздік/6.Мың кісіге бір белбеу. /сыпырғы/7.Бірдей санды бірнеше рет,Көбейтуден тұрады.Егер оны ықшамдасаңҚандай атау болады? /дәреже/8.Үш көзді батырЖолды аңдып жатыр. /бағдаршам/9. Нәрселерді санағанда,Керек бізге ол ауадай.Айтыңдаршы, бұл қандай сан?Жан-жағына қарамай? /натурал сан/
Ү.Шығармашылық сайыс. Әр топ сурет бойынша әңгіме құрастырады. Қай топтың әңгімесі жүйелі де жақсы шықса сол топқа 10 ұпай беріледі. Сайыскерлеріміз әңгіме құрағанша Бақытжан Оразәлінің орындауында _____________ әнін қабыл алыңыздар.
ҮІ. Топ басшыларының жарысы. Әр топтың басшыларына бірдей тапсырмалар беріледі. «Жаңылтпаштар» сөзінен жаңа сөздер құрастыру.
Сынның да сыны бар ғой сыналатын, Әр түрлі білім сырын ұға алатын. Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік, Сыналып әр секундпен жүре алатын. 
ҮІІ. «Кім жылдам?» жарысы. Топтар сандықтың ішінен орыс тіліндегі сөздерді алып, оны қазақ тіліне аударады да, ыдыстағы суды қасықпен келесі орынға жеткізіп, ондағы ыдысқа құяды.ҮІІІ. Қорытынды. Жарысқа қатысқан топтардың ұпайлары айтылып, оларға сыйлық беріп, сайысты қорытындылау.