5-9 сыныптар Ж?зден ж?йрік, мы?нан т?лпар т?рбие са?аты
Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»Мақсаты 1. Оқушының ептілігін,даналығын,шапшаңдылығын дамыту.2.Оқушының спортқа деген сүйіспеншілігін, ынтазарлығын жәнеденсаулықты бағалауды дамыту.3.Балаларды командамен жұмыс істеуді үйрету.Сайыстың түрі: Спорттық-зияткерлік.Қатысушылар: 8 сынып оқушылары (12 оқушы), 2 жүргізуші.Пәнаралық байланыс: Денешынықтыру, гуманитарлық пәндер.Көрнекіліктер: 2 қап, 2 ватман қағазы , 2 волейбол және баскетбол доптары,2 секіргіш жіп,2 теннистің ракеткасы, 2 корзина,2 жапсырма лента, 2 клей,30 шар, 2 таяқ, 3 пен 5 аралығындағы табло.Сайыскерге қоятын талаптар:1) Спорттық киім2) Топ эмблемасы3) Топтың ұраны
Бастамасы: Ән ойналып, ортаға сайыскерлер шығады. Олар барлығыбір сапқа тұрады.1.Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме?!Құрметті жанкүерлер және әділқазылар алқасы2.Жүргізуші: Бүгін біз сіздердің назарларыңыға «Ең білгір, ең жүйрік, еңмықты» атты спорттық-зияткерлік сайысымызды бастаймыз.1.Жүргізуші: Біздің сайыскерлер мықты да, ақылды деп ойлаймын, себебі бұл сайыс тек қана мықты оқушылар қатыса алады.2.Жүргізуші: Дұрыс айтасың. Енді бүгінгі ойынымызға қатысатын сайыскерлер-мен таныстырайын (топтың атауы, эмблемасы ,ұраны )1.Жүргізуші: Сонымен қатар сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазыларалқасымен таныстырып өтейік. 1) Орыс тілі мұғалімі: Идрисова У.Б.2) Д/ш пән мұғалімі: Ізтілеу М.Т.3) Д/ш пән мұғалімі:Нұрпейсов Б.С.І. Ойын2.Жүргізуші: Енді сайыскерлерге арналған бірінші ойын. Бұл жарыста сайыскерлердіңтапқырлығын байқаймыз. Бұл ойының шарты мынадай. Сайыскерлертыңдаңыздар. Алдарыңызда жатқан қапты киіп белгіленген жердегіүстелдің қасына барсыңыздар, ол үстелдің үстінде биология пәніненсұрақтардың жауабын тауып , қолыңызға қапты алып қайта орныңызғабарып қапты келесі ойыншыға бересіз.Мұқият болыңыз үстелдің үстіндекомандадағы әр ойыншыға әр түрлі сұрақ. Кім сұрақтарға көп жауапберсе сол команда жеңіске жетеді.1.Жүргізуші: Сайыскерлер дайынсыздар ма? Онда бастаймыз 1...2...3.алға. (ойын аяқталғаннан кейін)2.Жүргізуші: Жарайсын ең алғашқы болып ......... командасы келді.Ойынның бірінші жарыстың бағасын әділқазылар бағалайды. Ең жоғарғыбаға 5 ұпай. Назар қойып қараймыз. (Әділқазылар алқасы таблоныкөтеріп өз бағаларын береді).ІІ.Ойын2.Жүргізуші: Ал, енді екінші жарысымызды бастаймыз. Бұл жарыста сайыскерлеріміздің алғырлығын байқаймыз.Ойының шарты мынадай. Баскетбол добын жерге ұрып отырып белгіленген жерге барып қабырғадағы қалташа жасалған плакатқа жасырын сөзді дайын тұрған әріптермен сөзді жазу керек. Ол үшін әр командаға қағаз беріледі. Ол қағаздың бетінде сұрақ берілген.Сол сұраққа жауап беру керек. Бұл сұрақтың жауабы 6 әріптен тұрады.Бұл сұрақты команда өзара оқып , жауабын өздері ғана білу керек . Сол тапқан жауапты арнайы жасалған әріптермен қалташаларға салып жазу керек.1.Жүргізуші: Сайыскерлер дайынсыздар ма? Онда бастаймыз 1...2...3.алға. (ойын аяқталғаннан кейін)2.Жүргізуші: Жарайсың ең алғашқы болып ......... командасы келді.Ойынның екінші жарысының бағасын әділқазылар бағалайды. Ең жоғарғыбаға 5 ұпай. Назар қойып қараймыз. (Әділқазылар алқасы таблоны көтеріпөз бағаларын береді).ІІІ.Ойын2.Жүргізуші: Келесі ойынның шартын тыңдаңыздар.Бұл ойын сайыскерлердің ынталығынбайқаймыз. Әр ойыншыға теннистің ракеткасы және добы беріледі, солтеннистің ракеткасымен добын қолдан түсірмей жоғарыға лақтырып,белгіленген жерге барып , корзинаға кіргізу керек. Корзинаныкомандадан бір адам ұстап түрады.Егер доп жерге түсіп кетсе ұпай саналмайды.Ойында келесі ойыншы жалғастырады.1.Жүргізуші: Сайыскерлер дайынсыздар ма? Онда бастаймыз 1...2...3. алға.( ойын аяқталғаннан кейін)2.Жүргізуші: Жарайсың ең алғашқы болып ......... командасы келді.Ойынның үшінші жарысының бағасын әділқазылар бағалайды.Ең жоғарғы баға 5 ұпай. Назар қойып қараймыз. Әділқазылар алқасытаблоны көтеріп өз бағаларын береді.IV. Ойын1.Жүргізуші: Біз қазақпыз. Өз елімізді паш тұтатын, қастерлейтін, салт-дәстүрімізді жәнеәдет-ғұрпымызды сыйлайтын өз еліміздің болашақта үміт күткеназаматымыз. Осындай сөздермен сіздердің назарларыңызға төртіншісайысымыз қазақтың ұлттық ойыны «Бәйге» ойынын сайыскерлерімізге ұсынбақпыз. Бұл шешуші ойын. Әр командаға бір жылқы басы жасалған таяқ береміз. Сол жылқының басымен атша шауып мәреге барасыз сол мәреде геометриялық фигураларды құрастырып қағаз бетіне жапсырасыздар.1.Жүргізуші: Сайыскерлер дайынсыздар ма? Онда бастаймыз 1...2...3. алға. (ойын аяқталғаннан кейін).2.Жүргізуші: Жарайсың ең алғашқы болып ......... командасы келді.Бұл біздің соңғы жарысымыз болатын. Бұл жарыстың бағасын әділқазылар бағалайды. Ең жоғарғы баға 5 ұпай. Назар қойып қараймыз. (Әділқазылар алқасы таблоны көтеріп өз бағаларын береді.)1.Жүргізуші: Әділқазылар қай командаға бас жүлде бергенше. Сіздердің назарларыңызға 9 «А» сынып оқушыларының орындауында «Қара жорға» биін ұсынамыз. Қаласаңыздар ортаға шығып билеуге болады .2.Жүргізуші: Сонымен бас жүлденге қай команда ие болғанын білу үшін денешынықтыру пән мұғалімі Нұртазин Еркін Бексұлтанұлына сөз береміз.1.Жүргізуші: Осымен сіздермен қош айтысамыз. Келесі көріскенше сау болыңыздар.
Рыскул, aigul_zharzhanova