Интеллектуалды шоу Ж?зден ж?йрік, мы?нан т?лпар сайысы


Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Мақсаты: балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, жан-жақты болуға үйрету, бірнеше тіл білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тарту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд
Ұйымдастыру кезеңі:
Кіріспе бөлім:
Тіл – адамзат баласына тән ғажайып құбылыс. Адамзат қоғамының аясында халық ұлт және тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады. Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды да, келешек ұрпақтарына жеткізеді. Тіл – халық тарихы, тіл –ұлт қазынасы, тіл – біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. ҚР-ның Конституциясына сәйкес қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие. ҚР-ның Конституциясы (1995ж), Тіл саясаты туралы Тұжырым (1996ж) және ҚР-ғы Тіл туралы Заң (1997 ж) тек қазақ тілінің ғана емес, республикадағы барплық ұлт тілдерінің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастыққа құрылған мүддесін көздейді.
Қайырлы күн, құрметті көрермендер, қонақтар, сайыскерлер! Бүгінгі «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымызға хош келдіңіздер! Сайысымызға 2 топ қатысып отыр.
1-топ: «Бәйтерек»
Ұраны: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»
2-топ:»Сұңқар»
Ұраны: «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге!»
Әділқазылар мүшелерімен таныс болыңыздар!
1-бөлім: «ЖЕДЕЛ ЖАУАП»
Әр топқа 10 сұрақтан қою.Дұрыс жауапқа 1 ұпай.Оқушы жауап бере алмаса келесі ойыншы жауап беруге мүмкіндігі бар.
1-топ:
ҚР-ның астанасы (Астана).
Ел басқару саласындағы ең жоғары лауазым(президент)
Кеңес Одағфында алғаш ғарышқа ұшқан кім? (Ю.Гагарин)
Қазақтың атақты күрес шебері (Қажымұқан)
1 маусым қандай мереке (Балалар күні)
ҰОС-на қатысқан қазақтың батыр қыздары? (Ә.Молдағұлова, М.Мәметова)
Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма (күй)
ҚР Әнұранының авторлары?(Н.Назарбаев, Жүмекен Нәжімеденов)
Азиадада Қазақстан спортшылары нешінші орын алды? 1
Абайдың шын есімі (Ибрагим)
2-топ:
ҚР-ның рәміздері «Ту, Әнұран, Елтаңба)
Қазақ халқы өзінің тұңғыш президентін қашан сайлады? 1991 ж, 1.12
Қазір қай жыл (жылқы)
Қазақстанда алғаш ғарышқа ұшқан кім? (Т.Әубәкіров)
Қазақтың 3 биін ата (Төле, Қазыбек, Әйтеке)
ҚР-ның тәуелсіздік күні (16.12)
Қазақстанның атақты суретшісі (Әбілқан Қастеев)
6 шілде қандай мереке? (Астана күні)
2012 ж Лондон олимпиадасында жеңіл атлетикадан жеңімпаз (Ольга Рыпакова)
Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан ұлы ағартушы (Ы.Алтынсарин)
2-бөлім. «ТІЛ – ӨНЕР»
Мақалды жалғастыру, әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.
І топ:
Ең тәтті де,................. (ең ащы да тіл)
Оқу – білім бұлағы, ..........(білім өмір шырағы)
Жүз сом ақшаң болғанша,........ (жүз досың болсын)
Білім таппай мақтанба........... (өнер таппай баптанба)
Тіл қылыштан .......... ( да өткір)
Отан............. (оттан да ыстық)
ІІ топ:
Шебердің қолы ортақ..... (шешеннің сөзі ортақ)
Отансыз адам......... (ормансыз бұлбұл)
Ер жігіт елі үшін туады..... (елі үшін болады)
Мектеп кеме........... (білім – кеме)
Жақсы жолдас – жанға серік, .......жаман жолдас малға серік)
Өнер алды - .(қызыл тіл)
3-бөлім. БӘРІН БІЛГІМ КЕЛЕДІ
Шарты: бұл бөлімде 2 ұяшық берілген: пәндер және тақырыптар. 4 пәннен 4 сұрақтан барлығы 16 сұрақ әзірленген.
Қазақ тілі
10.Фонетика нені зерттейді (дыбыс)
20.Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
30.Сан есімдер құрамына қарай нешеге бөлінеді? Ата. (2, дара, күрделі)
40.Есім сөздердің орнына қолданылатын сөздер (есімдік)
Әдебиет
10.Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері (ертегі, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел, аңыз-әңгімелер)
20. «Менің атым – Қожа» повесінің авторы (Б.соқпақпаев)
30. «Ақ киімді денелі ақ сақалды...» деп басталатын өлең авторы (А.Құнанбаев)
40.Қазақ тіл білімінің атасы, қазақ әліпбиінің негізін салуышы, құрастырушы (А.Байтұрсынов)
Математика
10.Төртті төртке қосып,төртке көбейткенде қанша шығады? (4+4*432)
20.0-ден бастап 9-ға дейінгі сандардың қосындысы нешеге тең? (0+1+2+3+4+5+6+7+8+945
30.Түлкі әрбір 6 секундта 4 рет секірді. Ол 10 рет секіру үшін қанша секунд кетеді (15 секунд)
40.Әлияның жасы қазір 10-да.Оның шешесі Диананның жасы Әлиядан 4 есе үлкен.Әлияның жасы қазіргіден 2 есе үлкен болған кезде, Диананың жасы қаншаға толады? (50)
География
10.Қазақстанда неше облыс бар(14)
20.Жердің нақты үлгісі (глобус)
30.Көкжиектің неше тұсы бар? 4)
40.Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі (карта)
ТАҚЫРЫПТАР ҰЯШЫҒЫ
4 тақырып бойынша берілген ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру
«Қазақстан»
10 ұпай:Қазақстан елтаңбасының түсі қандай? (алтын, көгілдір)
20ұпай:Қазақстанның ұлттық теңгесі қай жылы шықты? (1993ж)
30 ұпай: Қазақстан халқының саны (17млн)
40ұпай: Қазақстанның «Швейцариясы» қай аймақ? (Бурабай)
«Грамматикалық ереже»
10 ұпай:Адамдардың есімдері қандай әріппен жазылады?(бас әріп)
20ұпай: Көптік жалғауларын ата(-лар, -лер т.б)
30 ұпай: заттың атын білдіретін сөз табы( зат есім)
40 ұпай: Қарама-қарсы мағыналы сөздер (антоним)
«Ұлы адамдар»
10 ұпай: Ұлы жүздің биі (Төле)
20 ұпай: Қазақтың саяхатшысы, ғалымы (Шоқан)
30 ұпай «Қазақ» газетінің редакторы (А.Байтұрсынов)
40 ұпай: Абылай ханның шын аты (Әбілмансұр)
«Телехабарлар»
10 ұпай: Тек қазақ тіліндегі телеарна (Қазақстан)
20 ұпай: балалар ән-би байқауы? (АЙгөлек)
30 ұпай: «Жұлдыздар ән байқауы? (Екі жұлдыз)
40 ұпай: «Қазақфильм» киностудиясы кімнің атында? (Ш.Айманов)
ІҮ БӨЛІМ. ҚЫЗЫҚТЫ ҰЙҚАСТАР
2 топтың әр мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын табу
1-топ:
Жизнь – өмір, уголь... (көмір)
Число –сан, кровь ...(қан)
Молоко – сүт, жди ... (күт)
Человек- адам, шаг ... (қадам)
Томожня – кеден, пол... (еден)
Зуб –тіс, дело .. (іс)
2-топ:
Возьми –ал, мед ...(бал)
Рыба – балық, народ ... (халық)
Дверь – есім, колыбель ....(бесік)
Город- қала, ребенок - ...........(бала)
Лето – жаз, гусь ....(қаз)
Игра ойын, шея – .....(мойын)
Ү.МЫҚТЫ БОЛСАҢ, ТАУЫП КӨР
Берілген жұмбақтарды шешіп, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару
1-топ:
Үй үстінде алтын тас, алайын десем алынбас (жұлдыз, звезда, star)
Тұмсығымен қозғалар, артында аппақ із қалар (бор,мел, chalk)
Қабат –қабат қаттама, ақылың болса аттама(кітап, книга,book)
Білімді мыңды жығады, білімсіз ... жығады(бір,один,one)
Сырты тәтті, іші тәтті, ортасы сүйек қатты(алма, яблоко,apple)
2-топ:
Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің, ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (Ауа, воздух.air)
Айдағаны неше ешкі,ысқырығы жер жарады(бес,пять, five)
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, ұзындығы жазулы тұр бойында ( сызғыш,линейка, ruler)
Сатайын десем ауыр кілем, сатпайын десемтәуір кілем (жер, земля,ground)
Өзі сөйлей білмейді,салған ізі сөйлейдә (қалам, ручка, pen)
ҮІ.ӨЛЕҢ - СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ
Әр топ жетекшілері шығып, өлеңдер оқу. Мәнерлеп оқу керек.Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады
ҚОРЫТЫНДЫ
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шыңдарына.
Бүгінгі сайысымыз аяқталды,
Сөз кезегі әділқазы алқасында! (Жеңімпаздарды марапаттау).
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Жарыс болған соң жеңіс пен жеңілістер қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те, өмірде жеңіске жете берулеріңізге тілектеспін! Білімдеріңізді жетілдіріп, биік белестерден көріне беріңіздер!!!