Интеллектуалды сайыс Ж?зден ж?йрік, мы?нан т?лпар
«Жәнібек колледжі» МКҚК
«Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»
(интеллектуалдық сайыс)
Пән мұғалімі: Н.Кенжина
Жаратылыстану – математикалық бағытындағы
ПЦК отырысында қаралып, мақұлданды
Хаттама № « » 2015 ж
ПЦК жетекшісі:____________ Н.Мулдашева
Әдіскер:___________Г.Есмухамбетова
Жәнібек, 2015 жылМақсаты: 1. Білімдік. Оқушылардың білімдерін жинақтау, пәнге қызығушылығын, ізденуін, жан - жақты болуын, білімдерін көтеруге, әрі табиғатты сүюге баулып, ұқыптылыққа тәрбиелеу;2. Дамыту. сұрақ тапсырмаларын,сөзжұмбақ шешу,есептер шығару арқылы ой-өрісін кеңінен дамыту
3. Тәрбиелік. білімділік пен дамытушылықты байланыстыра отырып, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, адамгершілікке,ізгілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: интеллектуалды сайысСабақтың әдістері: ойын, сұрақтар, тапсырмалар;Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, Менделеевтің периодтық жүйесі. Сабақтың пән аралық байланысы: биология,география,математика, физика. Жүргізуші: - Армысыздар ұлағатты ұстаздар, құрметті оқушылар!!! Елбасымыз өз жолдауында Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі ең біріншіден білім беру саласына қатысты екендігін қадап айтқан болатын. Алдыңғы қатарлы елдермен бәсекеге қабілетті болу үшін де сапалы білім болуға тиіс екендігі бұлжымас заңдылық. Сапалы білім – саналы ұрпақ. Ендеше, «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» атты химия пәнінен өткізілетін интелектуалды сайысына қош келдіңіздер!!!
Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам: 1 Әдіскер:Г.Есмухамбетова. 2. Биология пәнінің мұғалімі А.Мендыгалиева3 Физика пәнінің мұғалімі Н.Мулдашева.
Жүргізуші: Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам: Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады: 1 кезең «Ойлы болсаң,озып көр» 2 кезең «Мықты болсаң,тауып көр» 3 кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр» 4 кезең «Зерек болсаң, шешіп көр» 5 кезең «Химиялық шытырман» Тапқыр,білгір,дарынды Жарыс бар бүгін арынды Химия пәнін сүйсең сен Ортаға сал барыңды- деп, сайысқа қатысушы «Протон» ,«Нейтрон»және «Электрон» топтарына сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы турын бастайық.1 кезең «Ойлы болсаң, озып көр» кезеңінде әрбір топқа 5 мәтін оқылады. Сайыскерлер оқылған мәтінге «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі.
Ендеше іске сәт
«Протон» тобы 1.Бейорганикалық қосылыстар 4 кластан тұрады. (Иә) 2.Органикалық заттар көміртек элементінің туындыларынан тұрады. (Иә) 3. Периодтық кестеде 8 перид бар (Жоқ) 4. Оксидтертердің құрамында 2 элемент бар, оның біреу оттегі (Иә) 5. Ортақ электрон жұбы арқылы түзілетін байланыс иондық байланыс деп аталады(Жоқ)
«Нейтрон» тобы 1. Элементтің реттік нөмірі оның нейтрон санына тең (Жоқ) 2. Периодтық кестеде 10 қатар бар. (Иә)
3. Кристаллдық тордың 5 түрі бар(Жоқ) 4. Металдар мен құймаларда иондық байланыс болады. (Жоқ) 5.Галогендер 7 топтың негізгі топшасында орналасқан (Иә) «Электрон» тобы 1.Периодтық кестедегі әрбір топ үлкен және кіші топшадан тұрады. (Жоқ) 2. Натрий және калий гидроксидтері суда еритін негіз (Иә) 3. Суда еритін негіздер сілті(Иә) 4.Металлдар қатты заттар. (Жоқ) 5. Электртерістігінде үлкен айырмашылық бар элементтердің атомдары арасында түзілетін байланыс ковалентті байланыс деп аталады. (Жоқ)
Жүргізуші: 1-ші кезеңнің қорытындысын білу үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз. Жүргізуші: «Мықты болсаң, тауып көр» кезеңінде 3 тақырып және ұпай сандары беріледі. Әрбір топ тақырып таңдап, өздеріне ұпай қояды. Берілген сұраққа дұрыс жауап берсе, қойылған ұпайды алады, ал дұрыс жауап берілмесе сол ұпай жинаған ұпайынан шегеріледі. Сонымен қатар топтар жауап бермесе де болады, онда ұпайлары толығымен сақталады.
Жүргізуші: 1 тапсырма:Химиялық элемент.Теңдеу.Заң
10 20 30Химиялық элемент –атомдарының белгілі бір түрі. Оның негізгі сипаттамалары –ядро заряды. Ядро заряды реттік нөміріне тең. Сұрақ: Периодтық жүйеде қанша металл,қанша бейметалл бар? (22бей металл,87 металл) Жүргізуші:Химиялық теңдеу –химиялық реакцияны химиялық таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазу. Жүргізілген химиялық тәжірибені химиялық теңдеу арқылы көрсетуге болады. Сұрақ : Алмасу және орынбасу раекциясына анықтама бер. (2 күрделі зат әрекеттесіп, жаңа 2 күрделі зат түзілсе алмасу, 1 күрделі зат 1 жай зат әрекеттесіп,жаңа жай, жаңа күрделі зат түзілсе орынбасу деп аталады) Жүргізуші: Стехиометрия өлшеймін деген мағына береді. Стехеометриялық заңдарға зат массасының сақталу заңы, құрамында тұрақтылық заңы, еселік қатынас заңы, Авогадро заңы,эквиваленттер,көлемдік қатынас заңы жатады. Сұрақ: Зат массасының сақталу заңын кім ашты және мағынасы қандай? Жауабы: (М.В.Ломоносов,химиялық әрекеттесуге түскен заттар мен реакциядан кейінгі заттардың массасы тең болады) №2 тапсырма Атом Байланыс Жылдамдық 10 20 30
Жүргізуші: Атом –заттың бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі.Атомдар біріге келе молекуланы түзеді. Атомдар мен молекуланы зерттеген М.В.Ломоносов. Сұрақ: Атом қандай бөлшектерден тұрады?(атом ядро мен электроннан тұрады. Ядро протон мен нейтроннан тұрады.) Жүргізуші: Заттар белгілі бір байланыс түзеді. Химияда байланыстың 4 түрі бар. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Сұрақ: ковалентті байланыстың ерекшелігі Жүргізуші: Химиялық реакцияның жылдамдығы дегеніміз уақыт бірлігінде әрекеттесетін заттардың немесе реакция өнімдерінің біреуінің концентрациясының өзгеруі.Химиялық реакция жылдамдығын көрсететін химияның бөлімін кинетика деп атайды. Сұрақ: 2А+В= АВ. Егер А мен В заттың концентрациясын 2 есе көбейтсе, реакция жылдамдылығы қалай өзгереді? (8 есе артады)№3 тапсырма Химия Периодтық жүйе Химиялық формула 10 20 30
Жүргізуші: Химия –заттарды олардың қасиеттерін,соның ішінде олардың өзара айналуларын зерттейді. Ғылым ретінде ХІХ-ХХ ғасырларда қалыптасып, өзінің басты ұғымдарын ұсынып, заңдарын ашты. Сұрақ: Химия ғалымдарының докторы,профессор,КазКСРҒА-ның академигі Қазақстан КСР-нің ғылымға еңбек сіңірген қайраткері М.Ч.Усанович қандай теорияны ұсынды? Жауабы: Қышқылдар мен негіздердің жалпылама теориясы. Жүргізуші: Орыстың ұлы ғалымы Д.И.Менделеев табиғи жіктеу арқылы химиялық элементтердің периодтық жүйесін 1869 жылы жасады. Сұрақ: Негізгі топша элементтерінің сыртқы энергетикалық деңгейінде орналасқан электрон санын периодтық кестеде не көрсетеді? Энергетикалық деңгейдің санын қалай табамыз. Жауабы: (топ нөмірі,энергетикалық деңгей период нөміріне тең) Жүргізуші: Химиялық формулалар –заттың құрамын,химиялық элемент таңбалары және индекстері көмегімен шартты түрде бейнелеу. Сұрақ: Зат мөлшерінің қандай формулалары бар және өлшем бірлігін ата.
(v= m/Mr, моль)
Жүргізуші: 2-ші кезеңнің қорытындысын шешу үшін әділ-қазылар алқасы сөз кезегін сіздерде береміз.
Жүргізуші: «Жүйрік болсаң,шауып көр» кезеңінде әрбір топ берілген әріптердің ішінен әріп таңдайды. Алғашқы болып ұпайы аз топ таңдайды. Қойылған сұраққа сол әріптен басталатын жауап қайтару керек.Әрбір дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі. Ендеше ұпай аз топ әріпті таңдай қойыңыздар. К, С, М,
«С» әрпі 1. Химиялық элемент(сутегі,скандий) 2. Күрделі зат (су,сіркеқышқылы) 3. Металл (сынап) 4. Қышқыл (сірке қышқылы) 5. Әмбебап еріткіш( су) 6. Сілті (суда еритін негіз) 7. І валентті элемент (сутек) 8. Физикалық құбылыс (судың қатуы) 9. Натрий гидроксиді (сілті) 10. Судың агрегаттық күйі (сұйық) «К» әрпі 1.Жай зат (күкірт) 2. Оксиді (кальций оксиді, көміртек (ІІ) оксиді, күкірт (ІҮ) оксиді. 3.Тұз (карбонаттар,калий хлориді) 4.Бейметалл (көміртек,күкірт) 5.Сілтілік металл (калий) 6.Екі валентті элемент (кальций) 7.Химиялық құбылыс (көмірдің жануы) 8.Қышқыл (күкірт, кремний қышқылдары) 9.Лакмус сілтіде (көгереді) 10.Химиялық байланыс (ковалентті) «М» әрпі 1.Периодтық кестенің авторы (Д.И.Менделеев) 2. ІІ валентті элемент (магний) 3.Физикалық құбылыс (мұздың еруі) 4.Атомдар нені құрайды (молекула) 5.Темір қандай затқа тартылады (магнитке) 6.Шалшық газы(метан) 7. Калий перманганаты (марганцовка) 8.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі (моль) 9.Индикатор (метилоранж) 10.Темір (металл) Жүргізуші: 3-ші кезеңнің қорытындысын анықтау үшін әділ-қазыларға сөз кезегін береміз.
Жүргізуші:Біздің келесі турымыз «Зерек болсаң,шешіп көр».Сіздерге сандар берілген, бұл сандар Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементтердің нөмірлері. Осы реттік нөмірде қандай элемент тұрғанын тауып, олардың бірінші әріптерін қолдана отырып, химиялық сөздер құрастыру керек. Дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі.
1 топ: 108, 49, 42, 77, я, 3,ы,19 5,7,й ,3,13,11,ы,14 /химиялық байланыс/
2 топ: 17, 49, 25, 49,я,3,ы,19 52,63,41,105,63,6 / Химиялық теңдеу/
3 топ: 17, 49, 25, 49,я,3,ы,19 63,21,63,91,90,63,37 /химиялық есептер/
Жүргізуші: Сонымен сөз кезегі әділ-қазы алқалары сіздерде. Жүргізуші: Жесек тамақ, кисек киім, тұратын мына үйіміз, Ол болмаса келіспейді,жетіспейді күйіміз. Ішсек дәрі,тірі ағзада құбылыс Бәрі, бәрі сияды екен «Химия» деген ғылымға деп сайысымыздың соңғы кезеңі «Химиялық шытырманға» кезек береміз. Бұл кезеңде берілген химиялық қосылыстардың формуласын сәйкестендіру керек.
1 топ: Na2SO4 кальций карбонаты
HCl натрий гидроксиді
NaOH натрий сульфаты
CaCO3 тұз қышқылы
2 топ CuSO4 азот қышқылы
BaCl2 калий гидроксиді
HNO3 барий хлориді
KOH мыс сульфаты
3топ FeSO4 натрий хлориді
ZnCl2 калий нитраты
KNO3 темір сульфаты
NaCl мырыш хлориді
Жүргізуші: Сонымен осы кезеңнің қорытындысына тоқталып, әділ-қазыларға сөз кезегін берсек. Жүргізуші: Заман қанша қиын –қыстау болса да, Игі істер болып жатыр қаншама. Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар танылған, Жүлдегерді танытпасақ бола ма? Жүргізуші: Сөздің кезегін әділ-қазыларға береміз. Жүргізуші: Сонымен бүгінгі «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» сайысы өз мәресіне жетті. Алда әлі де биік –биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.
Қош сау болыңыздар!
1283970top