Интеллектуалды тарихи танымды? сайыс 6-9 сынып


Интеллектуалды тарихи танымдық сайыс
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың тарих пәнінен алған білімдерін пысықтау;
Танымдық ой- өрісін дамыта отырып, оқушылардың тарихқа деген қызығушылығн арттыру.
Көрнекілігі: Слайдтар т.б.
Жоспары:
Ойынымыз 5 кезеңнен тұрады :
1-кезең «Қанат қақты»
2-кезең «Сандар сөйлейді»
3-кезең «Өнерпаз болсаң...»
4-кезең «Сен білесің бе?»
5-кезең «Сөз тапқанға»
Барысы: Оқушылар 2 топқа бөлініп, топ атын таныстырады. 1 топ – «Алаш», 2 топ – «Қазақ»
Ендігі кезекте бүгінгі ойыншыларымыздың әр кезеңде жинаған ұпай сандарын есептеп беретін әділ қазылармен таныс болыңыздар
Сәт – сапар тілеп бәріңе,Сайысты біздер басталық.Көрсетіңдер білімді,Қалмаңыздар жасқанып - деп біз ойынымызды бастаймыз.I – кезең. « Қанат қақты».Әрбір дұрыс жауап үшін 1 ұпай. Алаш тобының капитанына қойылатын сұрақтар:
Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы (В.Радус-Зенькович)
Қазақстан Республикасы туының авторы кім ? ( Ш.Ниязбеков )
Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер? ( Керей мен Жәнібек )
ҚР оңтүстігінде қандай елдермен шектеседі? ( Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан )
Тас дәуірі қандай кезеңдерге бөлінеді ? (Палеолит, мезолит, неолит)
1836-1838 жж ұлт-азаттық көтеріліс қай жерде болды ? ( Бөкей ордасы)
Қазақ тобының капитанына қойылатын сұрақтар:
Казревком басшысы кім ?(Пестковский)
Сақ өнері стилі (аң стилі)
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні қай кезде аталып өтеді?
( 1 - желтоқсан)
Заң шығару міндеттерін жүзеге асыратын орган қалай аталады?
(Парламент)
Қазақстанның тұңғыш астанасы қай қала ?(Орынбор)
1837-1847 жж. ұлт-азаттық көтерісілтің басшысы кім ? (Кенесары хан)
ҚР тәуелсіздігін алғаш таныған мемлетекет ?(Түркия)
2 - кезең. «Сандар сөйлейді». 9 ұяшықтан таңдап алынған сұрақтарға жауап беру.
5 ұпайлы сұрақтар:
1920 ж. 20 қазан (РКФСР құрамындағы ҚазақАКСР жарияланды)
1993 ж . 15 қараша (Ұлттық валюта – теңге айналымға енді)
1711-1781 жж. (Абылай ханның өмір сүрген жылдары)
10 ұпайлы сұрақтар:
1991 ж. 2 қазан (Т. Әубәкіров ең алғаш ғарышқа ұшты)
552-603 жж. (Түрік қағанаты)
1723-1727 жж.(Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама)
15 ұпайлы сұрақтар:
Б.з.б. 40-12мың ж.(Кейінгі палеолит)
1726ж.(Қалмақ қырылған шайқасы)
1218 ж.(Отырар апаты)
3 - кезең «Өнерпаз болсаң...». Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай. Патриоттық әндер минусовкасы беріледі. Қандай ән екенін табу және қосылып айту.(Атамекен, Көк тудың желбірегені, Жаса Қазақстан.
4 - кезең. «Сен білесің бе?» Экраннан әртүрлі суреттер көрсетіледі, суреттің мағынасын ашу керек.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
5-кезең.»Сөз тапқанға»
Үй тапсырмасы. 2 минут. Шарты: Мен қандай мемлекетте өмір сүргім келеді? үй тапсырмасын қорғау. ( өмір сүргілері келетін мемлекеттің аты, шекарасы сызылған, туы, елтаңбасы, астанасы және өз мемлекеттеріне арнап 4 жол өлең шумақтарын арнау.)Әділ – қазылар алқасына сөз кезегін беріп жеңімпаз топты марапаттау.Мақтанамын кең - байтақ елім үшін,Құнарлы мол шырынды жерім үшін.Әрқашан биік шыңнан көрінсін деп,Тілеймін, о, туған жер, пейілім шың – деп тәуелсіз елімізге лайық еркін де шығармашыл, ізденгіш, білімді ұрпақ болып өсіңдер. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!