Интеллектуалды ойын Сынып ?здігі (3-сынып)
Күні:
Тақырыбы:«Сынып үздігі» сайысы .
Мақсаты : оқушылардың білім - білік дағдыларын байқау , өз - өздерін емін – еркін ұстай білуге үйрету , білім деңгейлерін толықтыру , тез әрі дұрыс жауап қайтару.
Дамытушылығы: оқушылардың ынтасын арттырып , қазіргі заман талабына сай әртүрлі білім сайысына қатысуға дайындау , тілдерін шапшаң ойлау қабілеттерін , зейінін , есте сақтау қабілетін дамыту .
Тәрбиелігі : оқушыларды Отанын, ана тілін сүюге, белсенділікке , намысшыл болуға, саналыққа , білімді , дарынды , озық болуға тәрбиелеу .
Көрнекіліктер : 1. Балалардың аттары жазылған . 2. Сандар көрсеткіші .
3. Жарыс шарттары .
4. Пән аттары жазылған плакат .
Мұғалімнің алғы сөзі . Бүгін сіздер бастауыш сынып оқушыларының « сынып үздігі » атты бағдарламаны тамашалайсыздар . Мұнда балалардың алған білімдерінің деңгейі қандай дәрежеде екенін бағалау үшін өтілгелі отыр .Құрметті қауым , оқушыларды құрметпен қошеметтеп қарсы алайық .
Халқымыз жан –жақты адамды « сегіз қырлы , бір сырлы » дейді .Адамның сегіз қырының бірі - оның білімі .Білімді адамның көкірегі ояу , жақсы мен жаманды айыра біледі . Міне , осы туралы өз ойларымызды ортаға салайық.
Оқушылардың өздерін таныстыруы ( Музыка жүріп тұрады )
Қатысушылар :1.Абибуллаева Арина
2.Астана Жалғас
3.Тулеухан Төлеби
4.Райымбеков Нұрсұлтан
Сайыстың шартымен таныстыру . І сынақ . «Бәйге» сұрақтары .
Берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысу керек . Әр дұрыс жауап үшін 1 балл алуға болады . Бәріне табыс тілеймін .
1. Адамдардың қатынас құралы ( тіл )
2. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді ?( үш )
3. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері ( Т.Әубәкіров )
4. Сөйлеудің қандай түрлері бар ? ( ауызекі , жазбаша )
5. Ғарышқа ең алғаш ұшқан кім ? ( Ю.А.Гагарин )
6. Біздің туда не бейнеленген ? ( қыран , күн , ою )
7. Мәтіннің қандай түрлері бар ? ( сипаттау , пайымдау , әңгімелеу )
8. Тасымалданбайтын сөздерді ата ( су , от , ай , от )
9. Табиғат нешеге бөлінеді ? ( тірі , өлі )
10. Адамға қажетті бес нәрсені ата ( ауа , су , күн , жылу , қорек )
11. Қара алтын дегеніміз не ?( мұнай , көмір )
12. Табиғат құбылысына нелер жатады ( боран , жаңбыр , аяз )
13. Ұындық өлшем бірлігі ( мм, см , дм, м )
14. Қазақтың үш биін ата (Әйтеке , Қазыбек , Төле )
15. Көпбұрыштың қабырғаларының қосындысы ( периметр )
16. Белгісіз санды әріппен белгілейтін теңдік .( теңдеу )
17. Рейстагқа ту тіккен кім ? ( Р.Қошқарбаев )
18. Қағаз неден жасалады ? ( ағаштан )
19. Бір жылда неше күн бар ? ( 365 -366 )
20. Сендерді емдейтін кім ? ( дәрігер )
ІІ - сынақ . « Тіл өнері »
Бұл бөлімде қазақша айтылған сөзді үш тілде аударма жасау керек.
1. Қалам - ручка
2. Дәптер - тетрадь
3. Кітап - книга
4. Рахмет - спасибо
5. Бес – пять
6. Жоқ - нет
7. Мұғалім - учитель
8. Мектеп – школа
9. Сынып - класс
10. Бор - мел
ІІІ - сынақ . «Қызықты бестік»
Әр цифрдың астында пән аттары жазылған . Пән бойынша сұрақтардың дұрыс жауабын атау керек .
30
Дүниетану
10
Математика 30
Қазақ тілі 30
Ана тілі 20
Ана тілі 10
Бейнелеу 20
Дүниетану 10
Дүниетану
1. Математика 10.
Барлығы 20 сәбізді 4 қоянға нешеден бөліп беруге болады ? ( 5 )
2 .Қазақ тілі 30.
Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді ? ( 2)
3.Ана тілі 30 .
Қандай батырларды білесің ? ( Қобыланды , Ертарғын ; Алпамыс )
4. Дүниетану 20 .
Біздің облысымыз қалай аталады ? ( Қостанай )
5.Бейнелеу 10.
Табиғатты бейнелеу қалай аталады ?( Пейзаж )
6. Дүниетану 10.
Мамандық түрлерін ата . 7.Дүниетану 30 .
Тірі табиғатқа не жатады ? ( Өсімдік , адам , жануар )
8. Ана тілі 20 .
« Бір бала бар атаға жете туады ,
Бір бала атадан кері кете туады » осы сөз кімдікі ? ( Төле би )
4 сынақ . « Сөз шебері »
Әр ойыншы өз қалауы бойынша 1 өлеңді мәнерлеп жатқа айтып береді .
2 ойыншы қалуы керек . 5 - сынақ . « Жорға »
1 минутта қанша сұрақ таңдап , нешеуіне дұрыс жауап берулеріне қарай ұпай жинауға болады . 1 сұрақ – 1 ұпай болып есептеледі .
1 – оқушыға : 1. Қыс айларын ата (желтоқсан , қаңтар , ақпан )
2. Білім ордасы ( мектеп )
3. Сөзге шебер адамды кім дейді ?(шешен )
4. Қанша дауысты дыбыс бар ?(15 )
5. Сөйлем нені білдіреді ? ( тиянақты ойды )
6.Ең кіші натурал сан (1 ) 7. Күйді орындаушы кім ?( күйші )
8. 16 - желтоқсан қандай күн ?( Тәуелсіздік )
9. Ұя салмайтын құс (Көкек ) 10. Сиырдың пірі (Зеңгібаба )
11. Көру мүшесі ( көз )
12. Жылқыға жұрнақ жалғанса , кім болады ?(жылқышы )
13. Президентіміз кім ? 14. Саусаққа тағатын бұйым ? ( Жүзік ) 15. Кесінді ұзын ба , түзу ұзын ба ?( Түзу )
16. Өшіру құралы (Өшіргіш ) 17.Күй атасы кім ?( Құрманғазы )
18. Қосылғыштың мәні ( қосынды )
19. 72 – 70
20. 100 жыл 2- оқушыға : 1 . Сұраулы сөйлемнен кейін не қойылады ?( Сұрақ белгісі )
2. 4 түлікті ата . 3. Дауыссыз дыбыстар нешеу ?( 25)
4. Сөз неден құралады ? ( әріптен )
5. Балаларға білім беретін кім ? 6. Ең үлкен екі таңбалы сан .99
7. Ұшақ жүргізуші ( Ұшқыш )
8. 1 – қыркүйек қандай күн ? ( Білім күні )
9. Суретші ата кім ? ( Қастеев ата )
10Қой атасы ( Шопаната )
11. Есту мүшесі ( құлақ )
12. Біздің аудан . 13. Біздің ауылдың әкімі кім ? 14 Үй жиһаздары
15. Зиянды әдеттер .
16. Оқушы айнасы ( күнделік )
17. Қазақстанның көмір өндіретін қаласы (қарағанды )
18 . Азайғыштың мәні ( Айырма )
19.45 +20
20. Биыл қай жыл ( мешін )
Ойын соңында әділқазылар алқасы екі баланың ұпайларын есептеп , жеңімпаз балаға « Сынып үздігі – 2016» деген атақ беріліп , тиісті сыйлықты табыс етеді . Ақ тілектерін айтып , қорытындылау.
Қатысқан оқушыларды марапаттап , сыйлықтар беру.
өткізген бастауыш сынып мұғалімі Бекетаева Н.У