Ас-адамны? ар?ауы 3 класс


Күні 16.10.2015ж.
Сыныбы 3"Ә"
Сынып жетекшісі Сарсембаева С.Ж.
Тәрбие сағатының тақырыбы:
"Ас - адамның арқауы"
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларды дұрыс тамақтану  мәдениеті  мен  әдебімен  таныстыру, пайдалы  және  пайдасыз   тамақ туралы түсінік беру, дастарқан  басында   сақталатын  рәсімдермен, ырым-тыйымдармен  таныстыру.
- Оқушылардың  сөздік  қорларын  дамыту.
- Тамақтану мәдениетін сақтауға  тәрбиелеу. 
Көрнекілігі:нақыл сөздер,интерактивті тақта,білім ағашының суреті,стикер,смайлик,маркер,А - 3,А - 4 парақтары,жеміс -жидектің,көкөністің суреттері,бағдаршам түстері.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
1. Әнұран орындалады
2.Шаттық шеңбері.Оқушылар шаттық шеңберіне жиналады:
Ас - адамның арқауы,
Аспен күш артады.
Тағам іш жағымды,
Тазартар жаныңды.
3.Топқа бөліну.Оқушылар 4 топқа дәрумендер бойынша бөлінеді.
Аралынан өздері келісіп,топ басшысын сайлап алады.
ІІ.Негізгі бөлім.Мұғалімнің сөзі:
Армысыздар, құрметті ұстаздар,қонақтар!
Жасыл дала алтындай сары далаға айналған шақта,барлық тіршілік иесі аңсап күткен "Алтын күз" мерекесімен қатар келген 3"Ә" сынып оқушыларының "Ас - адамның арқауы" деп аталатын ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Адамның  ең  үлкен  байлығы – денсаулық. Ал денсаулықты, ағзаның  күшін  нығайтудың  басты кепілі – дұрыс тамақтану. Тамақтану – адам  ағзасы  үшін аса маңызды  қажеттілік.Біздің  денсаулығымыз  көбінесе  қалай   тамақтануымызға  байланысты.  Дұрыс тамақтану – денсаулық  негізі.Ой  еңбегіне де, іс-әрекетке де күніне  көп  күш-қуат  жұмсалады.   Ол қуатты, ағзаға  қажетті  қоректік заттарды   біз  ішер  астан аламыз. 
Дұрыс тамақтану үшін   тамақтанудың  гигиеналық  ережелерін  сақтау  керек. Тамақ ішер  алдында  қолды сабындап  жуу керек. Тамақты  жиі  қабылдау, сондай-ақ майлы тәтті, тұзды тағамдарды  пайдалану  зиянды  әдеттерге  жатады.Тамақ жеп отырғанда  өзіңді  жақсы ұста. Тамақ  ішкен  кезде сөйлемей,тамақты жақсылап  шайнап, әдептілік сақтау керек. 
Балалар,бүгінгі біздің тәрбие сағатымызға мектебіміздің медбикесі және асханамызда сендерге түрлі тағамдар әзірлейтін аспаз апайларымыз келіп отыр.Келесі сөз кезегін сол кісілерге бергім кеп отыр.Оқушылар,сабақ барысында сендерге түрлі тапсырмалар беріледі,сондықтан мұқият тыңдап отырамыз.
Мектебіміздің медбикесі Өмірзақова Гүлназ бен аспазшысы Жанаева Балтуған апайларды ортаға шақырамын.
- Оқушылар,енді экранға назар аударайық.
Дәрумендер 
Ағзаға тағам   арқылы  келетін  белоктардың, минералды  тұздардың, майлардың, көмірсутегінің  алмасуын  тездететін  заттар – дәрумендер. Әрқайсысының  өзінің  атқарар қызметі   бар, дәрумендер  қай жастағы адамға  да қажет. 
А дәрумені – мал  өнімдерінде болады. Әсіресе, малдың бауырында, жұмыртқада,көк шөптерде,аскөкте,қызанақта мол.А дәрумені жетіспегенде адамның көру қабілеті төмендеп, заттың түсін ажырата алмайды. Шашы түсіп, терісі құрғап кетеді.Балалардың бой өсіру және дамуы үшін А дәрумені өте қажет.
В дәрумені жетіспесе, асқазан ,ішек - жаралары пайда болады, жүйке жүйесі зақымданып, адам  сал болып қалуы мүмкін. Ет, сүт, балық тағамдарын , жұмыртқаны аз  пайдаланса, В дәруменінің жетіспеушілігі байқалады.
С дәрумені жеміс-жидектен, алмадан,  лимоннан, итмұрын, қарақат, шиеден табылады. С дәрумені адамның өсіп-өнуіне, ми қабаттарының жетілуіне қажет.С дәрумені жетіспегенде адамның жұмысқа қабілеті төмендейді.Ұйқысы бұзылып,тәбеті кемиді,суыққа оңай  бой алдырады.
Д дәрумені балық майында,ірімшікте, жидекте,сүт өнімдерінде,жұмыртқа құрамында көп болады. Д дәрумені жетіспегенде  осы тұздар ағзаға сіңбей,бала  рахит ауруына шалдығуы мүмкін.Бойының,тісінің  өсуі тоқтап,сүйегі  қатаймай,аяғы   қисық өседі.
Е дәрумені ағзада оттегін тасымалдайды,улы заттарды белсенді түрде залалсыздандырады.Е дәруменінің жетіспеуінен бұлшықет солып, адам семе  бастайды, дистродже ауруына ұшырайды. Ол мал  өнімдерінде, өсімдік майларында ,бұршақта,жаңғақтарда,бақша дақылдарында,бидайда көптеп кездеседі.

- Оқушылар,осы пайдалы өнімдерден де басқа адам ағзасына зиянын келтіретін де тағамның түрлері бар.Әсіресе, қазіргі уақытта оқушылар көп жейтін чипсилар,қытырлауық кириешкилер,жылдам дайындалатын сорпалар(роллтон),газдалған сусындар туралы айтпай кетуге болмайды.Чипси - адам ағзасына өте қауіпті.Ол әр түрлі бас,кеуде,іш ауруларын тудырады.Газдалған тәтті сусындар:кока-кола,пепси-кола,фанта,спрайт,буратино,макси шай.Олардың құрамында аса көп мөлшерде қант бар.Мысалы,1л колада 25 ас қасық қант бар.Шамадан тыс қантты пайдалану қант диабетіне алып келеді.Сондықтан да денсаулыққа пайдалы,табиғи,химиялық қоспасыз таза тағамдарды пайдалану керек.
ІІІ.Топтық жұмыс
1-тапсырма.Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындап,постер қорғайды.
4 топ та өздеріне берілген суреттердің ішінен құрамында А,В,С,Д дәрумендері бар суреттерді А-3 парағына жабыстыру.Ол дәрумендердің адам ағзасына келтіретін пайдасы туралы айтып,қорғау.
Әр топ қорғап болған , бірінші топ шапалақ арқылы,екінші топ смайлик арқылы,үшінші топ бағдаршам көздері бір-бірін бағалайды.
ІV. Сергіту сәті.
2-тапсырма.Әр топ "Тамақтану мәдениеті мен ережесін" құру.Топтан бір бала оқиды.
Дәптермен жұмыс.Мұғалім ішінен ұнаған ережелерді оқушыларға оқып береді,оқушылар дәптерге түсіреді.
3-тапсырма.Топтастыру жұмысы.

Пайдалы тағамдар Зиянды тағамдар
V.Бекіту.
1."Тамақтану бағдаршамы".Оқушылар дұрыс жауапқа бағдаршамның жасыл түсін,бұрыс жауапқа қызыл түсін көтереді.
1.Тамақ ішер алдында қолымызды сабындап жуу керек.
2.Чипси- пайдалы тағам.
3.Қайнатылған,буға піскен тағам пайдалы.
4.Сұйық тағамдарды,көкөніс,жемісті көп пайдалану керек.
5.Тәулігіне 2-3 рет тамақтану жеткілікті.
6.Тамақтану режимін сақтау керек.
7.Қант пен тәтті тағамдарды көбірек жеу керек.
8.Ақырғы тамақтану ұйқыға дейін 2 сағат бұрын болу керек.
9.Торт,спрайт - денсаулыққа өте пайдалы.
10.Дастарханға бата бермей,мұсылмандар тұрмайды.
2."Бұл қай дәрумен?"Жұмбақ жасыру арқылы оқушылардың алған білімдерін қорытындылау.
1.Мен болмасам,ойың да,
Бойың да дұрыс өспейді.
Ішкен асың бойыңда
Жөнімен тарап сіңбейді.
2.Мен болмасам егерде
Көзің жақсы көрер ме?
Жетіспесе ағзаңда
Бойың биік өсер ме?
3.Мен жетіспей қалғанда,
Қисық болып өсерсің.
Қаңқаң қисық болғанда
Өкінумен өтерсің.
4. Менсіз жүйке шаршайды,
Ашуланып кеп саларсың айқайды.
Қан азайып,әлсірейді жүрегің
Асқазаның ас қорыта алмайды.
VІ.Рефлексия.(Кері байланыс)
- Балалар,бүгінгі сабақтан алған әсеріміз,көңіл-күйіміз қандай?
Алдарыңдағы адамның көңіл-күйін білдіретін смайликтерді апарып,біздің білім ағашымызға апарып жапсырайық.
VІІ.Үйге тапсырма.Дәрумендердің суретін салып,әр топқа топтау.
VІІІ.Соңы.
Осымен "Ас - адамның арқауы" атты ашық тәрбие сағатымыз да өз мәресіне жетіп қалды.Сіздерге алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін көп-көп рақмет айта отырып,мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Еспанова Тұмар апайға сөз кезегін береміз.